Линкас - әсері оның құрамына кіретін құрамдас бөліктердің қасиеттеріне негізделген жиынтық препарат.
Тамырлы Адхатода құрамында вазицин, вазицинол мен вазицинонды қоса, эфир майлары, дәрумендер және алкалоидтар бар. Бұл тиімділігі жоғары қосылыстардың муколитикалық (секреттің қоюлығы мен тұтқырлығын төмендетеді), қабынуға қарсы, бронхолитикалық (бронхтар түйілуін басып, тыныс алуды жеңілдетеді) және қақырық түсіретін (альвеолярлы жасушалар қызметін жақсартатын сурфактанттың синтезін көтермелейді, эпителий кірпікшелерінің қозғалғыштығын арттырады және қақырықтың шығарылуын жылдамдатады) қасиеттері бар. Бұдан басқа, тамырлы Адхатода бронхты гистаминнің әсерінен болатын түйілуден қорғай отырып, демікпеге қарсы әсер етеді.
Ұзын бұрыш құрамында пиперин алкалоиды бар; антисептикалық, қабынуға қарсы және қақырық түсіретін әсері бар.
Жалпақ жапырақты кордия антисептикалық, ауыруды басатын және спазмолитикалық әсер береді.
Дәрілік жалбызтікеннің құрамында полисахаридтер, крахмал, пектин, қант, аспарагин, каротин, лецитин, фитостерин, минералды тұздар мен майлар бар. Протектор ретінде әсер ете отырып, тығыз қабыну өңезін (мысалы, көмейдің шырышты қабығындағы өңезді) жұмсартады, қақырықты түсіреді және қабынуға қарсы әсер етеді.
Жалаң мияның тамырында және тамырсабағында глицирризин, глицирризин қышқылы, оның калий және кальций тұздары, флавон гликозидтері, дәрумендер, эфир майы, ащы дәмді заттар және басқа қосылыстар бар. Олар иммунитет көтермелейтін, антиоксидантты, қақырық түсіретін, спазмолитикалық, қабынуға қарсы және аллергияға қарсы қасиеттерге ие.
Үлкен түзу қазтабан қақырықты бөліп шығаруы күшті зат болып табылады. Құрамында эфир майлары, камферид, галангин және альпинин бар.
Дәрілік сайсағыз құрамында диосмин бар және қақырықты бөліп шығаратын, терлеткіш, аллергияға қарсы, спазмолитикалық және диуретикалық қасиеттері бар.
Жұпар шегіргүл микробқа қарсы әсер етеді. Ол ыстықты түсіретін (құрамында метилсалицилат бар), тыныштандыратын, спазмолитикалық және қабынуға қарсы қасиеттерге ие. Жөтелді жұмсартады, тітіркенуді басады және қақырықтың жылдам шығарылуына ықпал етеді.
Қарапайым зизифустың құрамында дәрумендер (A, B, C, b-каротин), амин қышқылдары, микроэлементтер, майлар, органикалық қышқылдар бар.
Қақырық түсіретін, сергітетін және бактерияға қарсы қасиеттерге ие, тамақтың ауыруын азайтады. Жоғары тыныс жолдарының қабыну үдерістері кезінде (ларингитте, трахеитте, бронхитте) жұмсартқыш және жөтелге қарсы әсер етеді.
Ілмешекті айлауық – ыстықты түсіретін және сергітетін әсер береді, ентігудің азаюына ықпал етеді.
Линкас – қақырықтың шығуын жеңілдететін өсімдік тектес препарат, қақырық түсіретін және муколитикалық дәрі ретінде әсер етеді.
Қабынуға қарсы, спазмолитикалық және бронхолитикалық қасиеттері бар. Уыттану симптомдарын әлсіретеді, аллергияға қарсы әсер береді. Дәмі жағымды, құрамында спирт жоқ.