Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Пастилки
Торговое наименование
Бал және лимон дәмі бар қантсыз Линкас жөтелге қарсы өсімдік пастилкалары
Действующее вещество
Препараты применяемые при простудных заболеваниях другие
Назначение
Бронхит (жедел және созылмалы), фарингит, трахеит
Производитель
Хербион Пакистан Пвт. Лтд
Страна
Пакистан
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 пастилканың құрамында
белсенді заттар:
Тамырлы адхатода жапырақтарының сұйық экстрактісі 0.625 мл
Кристалды ментол 5 мг
қосымша заттар: изомальт, аспартам, лимон қышқылы, аскорбин қышқылы, эвкалипт майы, қоңыр шоколад бояғышы, лимон хош иістендіргіші, бал хош иістендіргіші, сұйық паприка
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Қоңыр түске дейінгі бал және лимон тән дәмі бар дөңгелек пастилкалар.
Қоңыр түске дейінгі бал және лимон тән дәмі бар сопақша пастилкалар.
- Бронхит (жедел және созылмалы)
- фарингит
- трахеит
- трахеобронхит сияқты жағдайлардағы тітіркендіретін жөтел және тамақтың ауыруы
Қантсыз жөтелге қарсы Линкас өсімдік пастилкалары – қабынуға қарсы және қақырық түсіретін әсері бар біріктірілген препарат.
Препараттың әсері оның құрамына кіретін компоненттердің қасиеттеріне негізделген.
Тамыр адхатодасы құрамында вазицинді, вазицинолды және вазицинонды қоса, эфир майы, дәрумендер және алколоидтар бар. Бұл тиімділігі жоғары байланыстар муколитикалық (секреттің қоюлығы мен тұтқырлығын азайтады), қабынуға қарсы, бронхолитикалық (тыныс алуды жеңілдете отырып, бронх түйілуін төмендетеді) және қақырықты түсіретін (альвеолярлық жасушалардың функциясын жақсартатын сурфактанттар синтезін көтермелейді, эпителий кірпікшелерінің қозғалғыштығын арттырады және қақырықтың түсуін жеделдетеді) қасиеттер иеленген. Бұдан басқа, Тамыр адхатодасы гистаминнің әсерінен туындаған бронх түйілуінен қорғай отырып, демікпеге қарсы әсерін иеленген.
Ментолдың жергілікті тітіркендіретін, ауыруды басатын, антисептикалық және тыныштандыратын әсері бар, қабынуды басады және жұтынуды жеңілдетеді. Жергілікті әсері тамырдың тарылуымен, аздаған күйдіріп-ашыту сезіміне ауысатын суық сезімімен қатар жүреді. Антисептикалық әсеріне микробтық жасушалардың таңдамалы зақымдану есебінен қол жеткізіледі.
Пастилканың құрамындағы биологиялық белсенді заттар қақырық түсіретін, қабынуға қарсы, антисептикалық және ауыруды басатын кешенді әсер иеленген. Пастилкаларды баяу сорады, бұл ретте дәрілік заттар жұтқыншақтың шырышты қабығын тегіс бүркемелейді, қабынуды және тамақтағы ауыру сезімін жеңілдетеді. Жөтелдің ұзақтығы мен ауырлығын айтарлықтай елеулі төмендетеді. Бұдан басқа, ауыз қуысына сіңіріле отырып, әсер ететін заттар тыныс алу жолдарының төменгі бөліктеріне қабынуға қарсы және қақырық түсіретін әсер береді.
Дозалау режимі
Ересектер
1 пастилкадан әр 2-3 сағат сайын.
Ең жоғарғы тәуліктік доза - 8 пастилка.
Балалар (5 жастан асқан)
1 пастилкадан әр 4-5 сағат сайын.
Ең жоғарғы тәуліктік доза - 4 пастилка.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдау үшін.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 3-5 күн
Толығымен ерігенше баяу ерітіңіз
- препарат компонеттеріне жеке жоғары сезімталдық
- 5 жасқа дейінгі балалар
- препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Ақпарат жоқ.
Ақпарат жоқ.
Арнайы ескертулер
Препарат құрамында қант жоқ, сондықтан оны қант диабеті бар науқастарға және гипокалориялық диетадағы пациенттерге қолдануға болады.
Препараттың құрамында аспартам бар, сондықтан оны фенилкетонуриясы бар науқастарға қолдануға болмайды.
Препарат құрамында изомальт бар, сондықтан тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар адамдарға қарсы көрсетілімде.
Педиатрияда қолдану
Препаратты 5 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды.
Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек.
Дәрілік заттардың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді және машиналарды басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Әсер етпейді
Жөтелге қарсы препараттармен бір уақытта қолдану ұсынылмайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Препараты применяемые при простудных заболеваниях другие · «Юник Фармасьютикал Лабораториз» (отделение фирмы «Дж. Б. Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд.»)
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.