Әсері оның құрамына кіретін компоненттердің қасиеттеріне байланысты болатын кешенді препарат.
Сары жемісті алқа құрамында стероидты алкалоидтар (соласонин, соламарин), мукополисахаридтер, С дәрумені бар. Жөтелді жеңілдетеді және қақырықтың тез шығарылуына ықпал етеді. Аллергияға қарсы әсер етеді.
Тамырлы адхатода құрамында эфир майлары, дәрумендер мен алкалоидтар, вазицинді, вазицинолды және вазицинонды қоса есептегенде бар. Бұл қосылыстардың муколитикалық (секреттің қоюлығы мен тұтқырлығын төмендетеді), қабынуға қарсы, бронхолитиктік (бронхтың түйілуін қайтарып, тынысты жеңілдетеді) және қақырық түсіретін (альвеолалық жасушалардың қызметін жақсартатын сурфактант синтезін стимуляциялайды, эпителий кірпікшелерінің қозғалғыштығын арттырады және қақырықтың шығуын тездетеді) қасиеттері бар. Бұдан басқа, гистаминнен болған бронхтың түйілуін тежей отырып, демікпеге қарсы әсер етеді.
Жалаң мия тамырларында және тамырсабақтарында глицирризин, глицирризин қышқылы, оның калий және кальций тұздары, флавон гликозидтері, дәрумендер, эфир майы, дәмі ащы заттары және басқа да қосылыстары бар. Олардың иммунитетті стимуляциялайтын, антиоксидантты, қабынуға қарсы және алллергияға қарсы қасиеттері бар.
Кәдімгі насыбайгүл құрамында эфир майлары, иіткіш заттар, камфора, С дәрумені бар. Бактерицидтік, спазмолитикалық, жансыздандырушы және қабынуға қарсы қасиеттері бар. Тыныс алуды стимуляциялайды, организмнің жалпы тонусын арттырады.
Жалпақ жапырақты кордия антисептикалық, ауыруды басатын және спазмолитикалық әсер береді.
Ұзын бұрыш құрамында пиперин алкалоиды бар; антисептикалық, қабынуға қарсы және қақырық түсіретін әсері бар.
Дәрілік жалбызтікен құрамында полисахаридтер, крахмал, пектин, қант, аспарагин, каротин, лецитин, фитостерин, минералдық тұздар және майлылығы жоғары майлар бар. Бүркемелейтін, жеңілдететінетін, қақырық түсіретін, қабынуға қарсы әсер береді. Өсімдік текті шырыш жұқа қабатпен шырышты қабықты жауып, бетінде ұзақ уақыт сақталады және оны тітіркенуден қорғайды.
Бәден жемістері құрамында эфир майлары, қанттар, ақуыздар бар және муколитикалық және ыстықты түсіретін әсер береді.
Линкас Плюс Экспекторант қақырықты жөтелді жеңілдететін және тыныштандыратын әсер береді, тұтқыр қақырықты сұйылтып, оның ұзақ уақыт бойы тыныс жолдарынан шығарылуына ықпал етеді. Бронхтардың шырышты қабатының ісінуі мен қабынуын азайтады, иммундық жүйені белсенді етеді. Сурфактант өнімінің ұлғаюының арқасында, ол өкпе бетінің тартылуын төмендетеді, альвеолалардың қызметін тұрақтандырады, экспираторлы кезеңнің соңында олардың жабысып қалуына жол бермейді, бұл газ алмасудың талапқа сай болуына мүмкіндік береді, ол тыныс бұлшықеттерінің дем алу-демді шығару циклінің орындалуын қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, сурфактант альвеола деңгейінде бактериялардың сіңу және қорытылу үдерісін стимуляциялайды. Линкас Плюс Экспекторанттың жұтқыншақ пен бронхтардың шырышты қабатына жергілікті антисептикалық, сондай-ақ жалпы бронхолитиктік және спазмолитикалық әсері бар.