Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Мазь
Торговое наименование
Линкас® Бальзам
Действующее вещество
Препараты применяемые при простудных заболеваниях другие
Назначение
Жөтелмен, ринитпен және бұлшықет ауырсынуымен қатар жүретін жедел респираторлық аурулардың симптоматикалық емі ретінде
Производитель
Хербион Пакистан (Пвт) Лтд
Страна
Пакистан
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 г жақпамайдың құрамында
белсенді заттар: ментол200.0 мг,
эвкалипт майы 60.0 мг,
камфора70.0 мг,
скипидар майы20.0 мг,
қалампыр майы40.0 мг.
қосымша заттар:-ЩЕСТВО333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333 қатты парафин, жұмсақ ақ парафин.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түсі ақ немесе ақ дерлік жақпамай
- жөтелмен, ринитпен және бұлшықет ауырсынуымен қатар жүретін жедел респираторлық аурулардың симптоматикалық емі ретінде
- кеуде қуысында бөлініп шығуы қиын қақырық жиналғанда (бронхитте, трахеитте, пневмонияда)
ЛИНКАС БАЛЬЗАМ – салқын тию ауруларында қолданылатын біріктірілген препарат. Препараттың фармакологиялық әсері оның компоненттерінің қасиеттеріне негізделген.
Ментолды теріге жаққан кезде салқынды сезінумен қатар жүретін жүйке ұштарын тітіркендіреді де, жергілікті ауыруды басатын әсер береді. Қабынуға қарсы және антисептикалық қасиеттері бар. Ингаляциялар кезінде қақырық түсіретін және муколитикалық әсері байқалады.
Эвкалипт майының құрамында 1,8-цинеол (эвкалиптол), пинен, миртенол бар. Бактерицидтік, вирусқа қарсы және фунгицидтік әсер береді. Теріге жаққан кезде жергілікті тітіркендіретін және ауыруды басатын әсер береді. Жергілікті жансыздандыратын жеңіл әсерінің арқасында терінің қышынуын кетіреді. Ингаляциялық қолданған кезде қақырықты түсіреді, муколитикалық және гипоксияға қарсы әсер береді.
Камфораның антисептикалық, жергілікті тітіркендіргіш, ауырсынуды басатын және қабынуға қарсы әсері бар. Терінің сезімтал жүйке ұштарын қоздырып, ағзалар мен тіндер трофикасын рефлекторлы түрде жақсартады. Мидың тыныс алу және тамырқозғалту орталықтарына қозу әсерін береді.
Скипидар майында терпен альфа-пинен бар. Жергілікті тітіркендіргіш, алаңдатқыш және трофикалық әсер береді. Ингаляциялық қолдануда қақырықты түсіретін және муколитикалық әсер ете отырып, жөтелді рефлекторлы көтермелейді.
Қалампыр майы құрамында антисептикалық, қабынуға қарсы және бактерицидтік қасиеттерге ие эвгенол бар. Бұлшықеттерде зат алмасу үдерістерін жақсартады, сонысымен бұлшықеттің ауыруын басады.
Препарат құрамына кіретін дәрілік майлардың ұтымды үйлесімі қабынуға қарсы, ауыруды басатын әсерін қамтамасыз етеді, салқын тию мен тұмау симптомдарын жеңілдетеді, қақырықты сұйылтады, жөтелді азайтады. Мұрын және кеудедегі іркілулерді қайтарады. Бастың және бұлшықеттің ауыруын басады.
Дозалау режимі
Ересектер мен 2 жастан асқан балаларға:
Салқын тию ауруларына байланысты жөтелде аз мөлшерде жақпамайды кеуде, арқа және мойын терісіне жағады. Тиімді әсерге қол жеткізу үшін сыртынан жылы таңғыш таңу керек.
Тұмауда немесе мұрын бітелген кезде аз мөлшерде жақпамайды мұрын желбезегі терісіне жағады.
Дене бұлшықеттері ауырғанда аз мөлшерде жақпамайды ауыратын жерлеріне жағады. Тиімді әсерге қол жеткізу үшін сыртынан жылы таңғыш таңу ұсынылады.
Күніне 3-4 рет қолдану керек.
Ересектер үшін:
Салқын тиюдің өте айқын құбылыстарында препаратты ингаляция түрінде қолданады: 1 шай қасық бальзамды ыстық суда ерітеді және ингалятор арқылы терең дем алады. Қоспаны қайтадан жылытуға болмайды.
Ингаляцияны күніне 1 рет жасау керек.
Ингаляция жолымен енгізу жүкті әйелдерге ұсынылмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Тек сыртқа қолдануға арналған. Ішке қабылдауға болмайды.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 5-7 күн
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
- 2 жасқа дейінгі балалар
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Ақпарат жоқ.
Дәрілік препаратты стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар
- Жағымсыз әсерлер пайда болу жиілігі бойынша көрсету керек (Жағымсыз әсерлердің жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады: өте жиі (≥1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз)
- камфораның әсерінен ұстамалардың дамуы
- препарат компоненттеріне аллергиялық реакция болуы мүмкін
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz.
Препарат сыртқа қолдануға және ингаляцияға арналған.
Препаратты көзге және шырышты қабықтарға тигізіп алмаған жөн.
Жақпамайды кездейсоқ көзге және шырышты қабыққа тигізіп алғанда мол сумен шаю ұсынылады.
Терінің зақымдалған жеріне жағуға болмайды.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолданылуы
Ларингоспазм, конвульсия дамуы кезінде емдеуді тез тоқтату және
дәрігерге қаралу қажет.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек. Бала емізетін аналардың препаратты сүт бездері аумағына жағуына болмайды.
Анықталмаған
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Препараты применяемые при простудных заболеваниях другие · «Юник Фармасьютикал Лабораториз» (отделение фирмы «Дж. Б. Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд.»)
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.