Линкас - әсері оның құрамына кіретін құрамдас бөліктердің қасиеттеріне негізделген кешенді препарат.
Тамырлы адхатода құрамында вазицин, вазицинол мен вазицинонды қоса, эфир майлары, дәрумендер және алкалоидтар бар. Бұл тиімділігі жоғары қосылыстардың муколитикалық (секреттің қоюлығы мен тұтқырлығын төмендетеді), қабынуға қарсы, бронхолитикалық (бронхтар түйілуін басып, тыныс алуды жеңілдетеді) және қақырық түсіретін (альвеолярлы жасушалар қызметін жақсартатын сурфактанттың синтезін стимуляциялайды, эпителий кірпікшелерінің қозғалғыштығын арттырады және қақырықтың шығарылуын жылдамдатады) қасиеттері бар. Бұдан бөлек, Тамырлы адхатода гистаминнің әсерінен туындаған бронх түйілуінен қорғай отырып, демікпеге қарсы әсерге ие.
Ұзын бұрыш құрамында пиперин алкалоиды бар; антисептикалық, қабынуға қарсы және қақырық түсіретін әсеріге ие.
Жалпақ жапырақты кордия антисептикалық, ауыруды басатын және спазмолитикалық әсеркөрсетеді.
Дәрілік жалбызтікен құрамында полисахаридтер, крахмал, пектин, қант, аспарагин, каротин, лецитин, фитостерин, минералды тұздар мен майлы майлар бар. Протектор ретінде әсер ете отырып, тығыз қабыну өңезін (мысалы, көмейдің шырышты қабығындағы өңезді) жұмсартады, қақырықты түсіреді және қабынуға қарсы әсер көрсетеді.
Жалаң мияның тамырында және тамырсабағында глицирризин, глицирризин қышқылы, оның калий және кальций тұздары, флавон гликозидтері, дәрумендер, эфир майы, ащылар және басқа қосылыстар бар. Олар иммунитет көтермелейтін, антиоксидантты, қақырық түсіретін, спазмолитикалық, қабынуға қарсы және аллергияға қарсы қасиеттерге ие.
Үлкен түзу қазтабан қақырық түсіретін күшті дәрі болып табылады. Құрамында эфир майлары, камферид, галангин және альпинин бар.
Дәрілік сайсағыз құрамында диосмин бар және қақырықты түсіретін, терлеткіш, аллергияға қарсы, спазмолитикалық және диурездік қасиеттері бар.
Жұпар шегіргүл микробқа қарсы әсер көрсетеді. Ол ыстықты түсіретін (құрамында метилсалицилат бар), тыныштандыратын, спазмолитикалық және қабынуға қарсы қасиеттерге ие. Жөтелді жеңілдетеді, тітіркенуді басады және қақырықтың тез түсуіне ықпал етеді.
Қарапайым зизифустың құрамында дәрумендер (A, B, C, b-каротин), амин қышқылдары, микроэлементтер, майлар, органикалық қышқылдар бар. Қақырық түсіретін, сергітетін және бактерияға қарсы қасиеттерге ие, тамақтың ауыруын азайтады. Жоғары тыныс алу жолдарының қабыну үдерістері кезінде (ларингитте, трахеитте, бронхитте) жұмсартқыш және жөтелге қарсы әсер көрсетеді.
Ілмешекті айлауық ыстықты түсіретін және сергітетін әсер көрсетеді, ентігуді азайтуға ықпал етеді.
Линкас – қақырықтың шығуын жеңілдететін өсімдік тектес препарат, қақырық түсіретін және муколитикалық дәрі ретінде әсер етеді. Қабынуға қарсы, спазмолитикалық және бронхолитикалық қасиеттерге ие. Уыттану симптомдарын әлсіретеді, аллергияға қарсы әсер көрсетеді.
Дәмі жағымды, құрамында спирт жоқ.