Жиі
- мазасыздық, ұйқышылдық, бас айналуы, сананың шатасуы, сезімталдықтың бұзылулары, терінің шаншуы;
- артериялық қысымның жоғарылауы/төмендеуі, брадикардия;
- жүрек айнуы, құсу.
Жиі емес - құрысулар, естен тану, дизартрия, тіл мен еріннің ұюы;
- көру қабілетінің бұзылуы;
- құлақтағы шуыл немесе шыңылдауы.
Сирек
- диплопия;
- жүректің көлденең блокадасы, жүрек қызметінің тоқтап қалуы;
- ентігу, ринит, тыныстың тарылуы немесе тоқтап қалуы;
-ісінуді қоса аллергиялық реакциялар, тері реакциялары, есекжем, қышыну, ангионевроздық ісіну, анафилактоидтық реакцияларды қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары (соның ішінде анафилаксиялық шок), жайылған эксфолиативтік дерматит, иммундық жүйенің бәсеңдеуі, жанаспалы дерматит.
Жиілігі белгісіз
- бас ауыруы, ұйқы бұзылуы, комаға дейін, бұлшықеттердің тартылулары, моторлық блок, дисфагия; тұрақты анестезия, аяқтардың парезі немесе элегиясы және сфинктердің бағынбай қалуы (мысалы, ат құйрығы синдромы);
- анорексия, ашушаңдық, тынымсыздық, елестеулер, депрессиялар; жоғары дозаларын қолданғаннан кейін – қозу жағдайы, эйфория;
- нистагм, қайтымды соқырлық, көз алдының «бұлыңғырлануы», көздің қарығуы, конъюнктивит;
- вертиго, естудің бұзылулары, гиперакузия;
- жоғары дозаларда қолданғанда – аритмия, жүрек өткізгіштігінің баяулауы, шеткері вазодилатация, коллапс; тахикардия, жүрек ауыруы, қан кернеулері;
- аяқ-қолдардың ысынуын, мұздауын немесе ұюын сезіну, қатерлі гипертермия, ісінулер, әлсіздік, эректильді дисфункция, метгемоглобинемия, қатерлі гипертермия;
- енгізілген орында аздап ашыту сезімі, 1 минут ішінде жансыздандыратын әсері артқан сайын жоғалады, тромбофлебит, гиперемия.
Жұлынға салынатын немесе эпидуральді анестезия кезінде арқаның, аяқтың ауыруы, артериялық гипотониямен, дефекация бұзылуымен, еріксіз несеп шығарумен, импотенциямен және шап аймағында сезімталдықтың жоғалуымен қатар жүретін ішінара/толық жұлын-ми блокадасы байқалуы мүмкін (мұндай әсерлердің ықтималдығы жоғары дозаларын қолданғанда немесе лидокаин байқаусызда жұлын-ми кеңістігіне енгізілген кезде, эпидуральді кеңістікке енгізуге арналған дозасы, жұлын-ми кеңістігіне енгізілген жағдайда арта түседі). Жекелеген жағдайларда ондай араласымнан кейін қимыл-қозғалыс, сенсорлық және/немесе вегетативтік функцияның қалпына келуі баяу (бірнеше айдан соң) немесе толық емес көлемде жүреді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz