Теофиллин, фенбуфен немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД)
Хинолондарды теофиллинмен, фенбуфенмен, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен (ҚҚСД) және құрысу шегін төмендететін басқа препараттармен бір мезгілде қолдану, левофлоксациннің теофиллинмен фармакокинетикалық өзара әрекеттесулерінің жоқтығына қарамастан, церебральді құрысу шегінің айқын төмендеуіне әкелуі мүмкін. Фенбуфеннің қатысуымен левофлоксациннің концентрациясы 13%-ға дерлік өседі.
Пробенецид және циметидин
Пробенецид және циметидин левофлоксациннің шығарылуына елеулі ықпалын тигізеді, левофлоксациннің бүйректік клиренсін (сәйкесінше, 24%-ға және 34%-ға) төмендетеді, өйткені екі препарат та бүйректе левофлоксациннің өзекшелік секрециясын бөгеуі мүмкін. Бүйректің өзекшелік секрециясына ықпалын тигізетін дәрілік заттарды бір мезгілде қолданғанда левофлоксацинмен емдеуді, әсіресе бүйрек функциясы бұзылғанда, сақтықпен жүргізу керек.
Басқа да маңызды ақпарат
Левофлоксациннің фармакокинетикасы оны мына препараттармен: кальций карбонатымен, дигоксинмен, глибенкламидпен, ранитидинмен бірге қолданғанда клиникалық тұрғыдан маңызды дәрежеде өзгермейді.
Левозин®, инфузияға арналған ерітіндінің, басқа дәрілік препараттарға әсері
Циклоспорин
Циклоспориннің жартылай шығарылу кезеңі оны левофлоксацинмен бір мезгілде қолданғанда 33%-ға артады.
К дәруменінің антагонистері
К дәруменінің антагонисімен (мысалы, варфаринмен) біріктірілген левофлоксацинмен емдеу, халықаралық қалыптасқан қатынасты (ХҚҚ) және/немесе күрделі түрге енуі мүмкін қан кетулердің күшеюін ескерер болсақ, коагуляциялық тестілер көрсеткіштерінің (протромбин уақыты (ПУ) артуына әкелуі мүмкін. Демек, К дәруменінің антагонистерін қабылдап жүрген науқастарда коагуляциялық тестілерге мониторинг қажет.
QT аралығын ұзартуға қабілетті дәрілік препараттар
QT аралығын ұзартуға қабілетті дәрілік препараттарды (мысалы, аритмияға қарсы IA және III класс дәрілері, трициклдік антидепрессанттар, макролидтер) левофлоксацинмен бір мезгілде абайлап қолдану керек.
Басқа да маңызды ақпарат
Фармакокинетикалық зерттеулерде левофлоксацин теофиллин фармакокинетикасына әсерін тигізбеген (CYP1A2 маркерлік субстраты), бұл левофлоксациннің CYP1A2 тежегіші емес екендігін көрсетеді.
Арнайы ескертулер (айрықша нұсқаулар)
Метициллинге резистентті алтын түстес стафилококктің де, левофлоксацинді қоса, фторхинолондарға тұрақты болу ықтималдылығы жоғары. Демек, метициллинге резистентті стафилококктен туындаған инфекцияларды емдеген кезде немесе егер зертханалық талдау нәтижелері микроорганизмнің левофлоксацинге сезімталдығын айғақтаған жоқ деген күмән бар болса (сондай-ақ егер әдетте метициллинге резистентті стафилококк әсерінен туындаған инфекцияларды емдегенде тағайындалған бактерияларға қарсы дәрілерді қолдану мақсатқа сәйкес емес деп саналса), левофлоксацинді қолдану ұсынылмайды.
E. coli-дің, несеп шығару жолдарының инфекцияларын туындататын өте кең таралған патогеннің, фторхинолондарға резистенттілігі Еуропалық одақ елдерінде өзгеріп отырады. Препаратты тағайындаған кезде E. coli-дің фторхинолондарға резистенттілігінің жергілікті таралуын ескеру ұсынылады.
Сібір ойық жарасының өкпелік түрі: Bacillus anthracis сезімталдығы жөнінде деректерге және клиникалық деректер санының шектеулі болуымен қатар, клиникаға дейінгі зерттеу деректеріне негізделген. Емдеуші дәрігерлер сібір ойық жарасына қатысты ұйғарылған ұлттық және/немесе халықаралық құжаттарға назар аударуы керек.
Инфузияның ұзақтығы
Инфузиялық құюдың ұсынылатын 500 мг (100 мл ерітінді) үшін кем дегенде 60 минутты құрайтын ұзақтығын сақтау керек. Офлоксацин инфузиясы кезінде тахикардия дамуы және артериялық қысым уақытша төмендеуі мүмкін. Сирек жағдайларда, артериялық қысымның күрт төмендеуінің нәтижесінде жедел қантамырлық жеткіліксіздік (циркуляторлық коллапс) болуы мүмкін. Левофлоксацин (офлоксациннің l-изомері) инфузиясы кезінде артериялық қысымның түсіп кету белгілері білінгенде инфузияны дереу тоқтату керек.
Натрийдің мөлшері
Осы препараттың 100 мл дозасында 15,39 ммоль (354 мг) бар. Натрий диетасы бақыланатын пациенттерде бұл назарға алынуы тиіс.
Миоклонус
Левофлоксацинмен емделген пациенттерде миоклонус жағдайлары туралы хабарланды. Егер левофлоксацин дозасы креатинин клиренсіне сәйкес реттелмесе, егде жастағы пациенттерде және бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде миоклонустың даму қаупі артады. Миоклонус алғаш пайда болған кезде левофлоксацинді қабылдауды дереу тоқтатып, тиісті емдеуді бастау керек.
Тендинит және сіңірдің үзілуі
Хинолондарды қолдану аясында сирек кездесетін тендинит кейде сіңірлердің, соның ішінде ахилл сіңірінің үзілуіне әкелуі мүмкін.
Тендинит және сіңірдің үзілуі кейбір жағдайларда екіжақты, левофлоксацинмен емдеуді бастағаннан кейін 48 сағат ішінде туындауы мүмкін, сондай-ақ емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше ай ішінде осы патологиялардың туындау жағдайлары туралы хабарланды. 60 жастан асқан егде жастағы пациенттерде, 1000 мг левофлоксациннің тәуліктік дозаларын қабылдайтын пациенттерде, сондай-ақ кортикостероидтарды бір мезгілде қабылдағанда тендиниттің даму қаупі және сіңірлердің үзілуі артады. Егде жастағы пациенттерде тәуліктік дозаны креатинин клиренсі негізінде түзету керек. Осы санаттағы пациенттерге левофлоксацинді тағайындау кезінде мұқият бақылау ұсынылады. Тендиниттің алғашқы симптомдары туындағанда левофлоксацин қабылдауды тоқтатып, баламалы емдеу мүмкіндігін қарастыру керек. Зақымдалған аяқ-қолды тиісті түрде емдеу керек (мысалы, иммобилизацияны қамтамасыз ету).
Clostridium difficile тудырған диарея
Левофлоксацинмен емдеу кезінде немесе одан кейін (емдеу аяқталғаннан кейін бірнеше аптаны қоса) диарея, әсіресе ауыр, тұрақты және/немесе қан аралас Clostridium difficile астасқан диареяның симптомы болуы мүмкін. Clostridium difficile астасқан диарея ауырлығы жеңілден өмірге қауіп төндіретін жағдайға дейін өзгеруі мүмкін, ал ең ауыр түрі-жалған жарғақшалы колит. Осылайша, егер пациенттерде левофлоксацин қолданумен емдеу кезінде немесе одан кейін ауыр диарея дамыса, осы диагнозды ескеру маңызды. Clostridium difficile астасқан диареяға күдікті немесе расталған диагнозда левофлоксацин қолдануды дереу тоқтату және тиісті емді кідіріссіз бастау керек. Осы клиникалық жағдайда перистальтикаға қарсы препараттарды қолдануға болмайды.
Құрысуларға бейімділік
Левофлоксацин анамнезінде эпилепсиясы бар науқастарға қолдануға болмайды. Басқа хинолондар жағдайларындағы сияқты, эпилепсиялық ұстамаларға бейім науқастар үшін немесе церебральді құрысу шегін төмендететін теофиллин сияқты препараттармен бір мезгілде емдегенде сақтық таныту керек. Конвульсиялық құрысулар жағдайында левофлоксацинмен емдеуді тоқтату керек.
Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар науқастар
Глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның жасырын немесе манифестациялайтын белсенділігі жеткіліксіз пациенттер хинолондармен емдеген кезде гемолиздік реакцияларға бейім болуы мүмкін, сондықтан левофлоксацинді қолданған кезде сақ болуы керек.
Бүйрек функциясы бұзылған науқастар
Бүйрек функциясы бұзылған науқастар үшін, левофлоксациннің көбіне бүйрек арқылы шығарылуымен байланысты, дозаға түзету жүргізу керек.
Жоғары сезімталдық реакциялары
Левофлоксацин жоғары сезімталдықтың күрделі, потенциалды өлімге әкелетін реакцияларын, мысалы, анафилаксиялық шокқа дейін ұласатын ангионевроздық ісінуді кейде алғашқы дозадан кейін туындатуы мүмкін. Науқастар емдеуді дереу тоқтатуы және өзін емдеп жүрген дәрігеріне немесе шұғыл жәрдемнің дәрігеріне қаралуы керек, олар тиісті шұғыл шараларды қолданады.
Терінің ауыр жағымсыз реакциялар
Левофлоксацинді пайдаланумен байланысты, уытты эпидермалық некролизді (TEN: сондай-ақ Лайелл синдромы ретінде белгілі), Стивенс-Джонсон синдромын (SJS) қоса, терінің ауыр жағымсыз реакциялары туралы хабарланды. Осы реакцияларды көрсететін белгілер және симптомдар пайда болған кезде левофлоксацин қабылдауды дереу тоқтату және өзін емдеп жүрген дәрігеріне қаралуы керек.
Дисгликемия
Барлық хинолондар жағдайындағы сияқты, көбінесе пероральді гипогликемиялық препараттармен (мысалы, глибенкламидпен) немесе инсулинмен емделіп жүрген, диабет бар пациенттерде, гипо- және гипергликемияны қоса, қандағы глюкоза мөлшерінің бұзылуы туындауы мүмкін. Гипогликемиялық кома жағдайлары туралы хабарланды. Диабетпен ауыратын пациенттерде қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады.
Фотосенсибилизацияның профилактикасы
Левофлоксацин қолданған кезде фотосенсибилизацияның пайда болуы туралы хабарланды. Фотосенсибилизацияны болдырмау үшін, емдеу кезінде немесе емдеу аяқталғаннан соң 48 сағат ішінде пациенттерге қажеттіліксіз күшті күн сәулесінің немесе жасанды ультракүлгін сәулеленудің (мысалы, УК шамынан, солярийден) әсерінен аулақ болу ұсынылады.
К дәруменінің антагонистерімен емделіп жүрген науқастар
К дәрумені антагонисімен (мысалы, варфарин) біріктірілген левофлоксацинмен емделіп жүрген науқастарда коагуляциялық тестілер (протромбин уақыты/ХҚҚ) көрсеткіштерінің артуы және/немесе қан кетулердің күшеюі мүмкін болғандықтан, осы препараттарды бір мезгілде қолданғанда қанның ұю көрсеткіштерін бақылау керек.
Психоздық реакциялар
Хинолондарды, соның ішінде левофлоксацинді, қолданып жүрген науқастарда психоздық реакциялар тіркелді. Өте сирек жағдайларда, кейде тіпті левофлоксациннің бір ғана дозасынан кейін, олар өзін-өзі өлтіру ойларының және өзіне зақым келтіретін мінез-құлықтың туындауына дейін өршіді. Науқаста психоздық реакциялар дамыған жағдайда левофлоксацин қабылдауды тоқтату және тиісті шараларға кірісу керек. Анамнезінде психозы немесе психикалық ауруы бар пациенттерге левофлоксацинді тағайындағанда сақ болу ұсынылады.
QT аралығының ұзаруы
QT аралығының ұзару қаупінің келесі белгілі факторлары бар пациенттерде фторхинолондарды, соның ішінде левофлоксацинді, сақтықпен қолдану қажет:
- QT аралығының туа біткен ұзару синдромы;
- QT аралығының ұзаруын тудыратын дәрілік заттарды қатар қолдану (мысалы, IA және III класты аритмияға қарсы препараттар, трициклді антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер);
- электролиттік теңгерімнің түзетілмеген бұзылулары (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия);
- жүрек аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия).
Егде жастағы науқастар мен әйелдер QTс аралығының ұзаруын тудыратын препараттарға аса сезімтал болуы мүмкін. Сондықтан фторхинолондарды, соның ішінде левофлоксацинді пациенттердің осы топтарында сақтықпен қолдану керек.
Шеткері невропатия
Сенсорлық және сенсомоторлық шеткері невропатия фторхинолондарды, соның ішінде левофлоксацинді қабылдап жүрген пациенттерде тіркелді, мұндайда олардың дамуы тез болды. Невропатия симптомдары пайда болған кезде, қайтымсыз жағдайдың дамуына жол бермеу үшін, левофлоксацин қабылдауды тоқтату керек.
Бауырдың және өт шығару жолдарының бұзылулары
Бауырдың өмірге қауіп төндіретін жеткіліксіздігіне дейінгі бауыр некрозының жағдайлары, әсіресе негізгі ауыр ауруы, мысалы, сепсисі бар науқастарда левофлоксацинді қолданумен байланысты тіркелді. Бауыр ауруларының, мысалы, анорексия, сарғаю, несептің күңгірттенуі, қышыну, іш аймағының ауыруы сияқты белгілері және симптомдары пайда болған кезде науқастарға емдеуді тоқтатуға және дәрігерге қаралуға кеңес беру керек.
Миастения гравистің өршуі
Левофлоксацинді қоса, фторхинолондардың нейробұлшықеттерді бөгейтін белсенділігі бар және миастения грависке шалдыққан пациенттерде бұлшықеттің әлсіздігін күшейтуі мүмкін. Постмаркетингтік бақылау кезеңінде туындаған, өлім жағдайларын және өкпенің қосымша жасанды желдетілуінің қажеттілігін қоса, күрделі жағымсыз реакциялар миастения грависке шалдыққан пациенттерде фторхинолондарды қолданумен байланысты болды. Анамнезінде миастения гравис бар пациентте левофлоксацинді қолдану ұсынылмайды.
Көрудің бұзылулары
Көрудің бұзылулары туындағанда немесе препаратты қабылдаудың көзге ықпалы көрініс бергенде офтальмологқа дереу қаралу керек.
Суперинфекция
Левофлоксацинді, әсіресе ұзақ уақыт бойы, қолдану сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс көбеюіне әкелуі мүмкін. Емделу кезінде суперинфекциялар пайда болғанда тиісті шараларды қабылдау керек.
Зертханалық зерттеу нәтижелерінің өзгерулері
Левофлоксацин қабылдаған пациенттерде несептегі апиындарды анықтау жалған оң нәтижелер беруі мүмкін. Апиындарға скринингтің оң нәтижелерін айғақтаудың нақтырақ әдісі қажет болуы мүмкін.
Левофлоксацин Mycobacterium tuberculosis өсуін басуы мүмкін, демек, туберкулезге бактериологиялық диагностикада жалған теріс нәтижелер беруі мүмкін.
Жедел панкреатит
Левофлоксацин қабылдаған пациенттерде жедел панкреатит болуы мүмкін. Пациенттерге жедел панкреатитке тән симптомдар туралы хабарлау керек. Жүрек айнуы, дімкәстік, іштің жайсыздығы, іштің қатты ауруы немесе құсу бар пациенттерді дәрігер дереу тексеруі тиіс. Жедел панкреатитке күдік болса, левофлоксацинді қабылдауды тоқтату керек, расталған жағдайда левофлоксацинді қайта қабылдауға болмайды. Анамнезінде панкреатит бар пациенттерге сақтық танытқан жөн.
Қан аурулары
Левофлоксацинмен емдеу кезінде сүйек кемігінің жеткіліксіздігі дамуы мүмкін, соның ішінде лейкопения, нейтропения, панцитопения, гемолиздік анемия, тромбоцитопения, аплазиялық анемия немесе агранулоцитоз. Егер осы қан ауруларының кез-келгеніне күдік болса, қан көрсеткіштерін бақылау қажет. Нәтижелер қалыптан ауытқыған жағдайда левофлоксацинмен емдеуді тоқтату туралы мәселені қарастыру керек.