Өте жиі
- нұрлы қабық пигментациясының күшеюі
Жиі
- көздің ауыруы, көздің тітіркенуі (шаншуын, ашуын, қышынуды, бөгде дене тұрғандай сезінуді қоса)
Жиі емес
• мөлдір қабық тарапынан бұзылулар, конъюнктивит, блефарит, көз гиперемиясы, анық көрмеу, көзден жас ағудың рлаудың күшеюі
• бас ауыру
• бөртпе, қышыну
Төменде Латоком препараттың жекелеген компоненттерімен монотерапия кезінде байқалған басқа жағымсыз реакциялар (жоғарыда көрсетілгендерден басқа) келтірілген.
Латанопрост:
- кірпіктер мен қабақ түктерінің өзгерістері (ұзаруы, қалыңдауы, пигментациясының күшеюі және санының көбеюі), нүктелік кератит, периорбитальді ісіну, ирит, увеит, цистоидтық макулярлық ісінуді қоса, макулярлық ісіну, көздің құрғауы, кератит, мөлдір қабықтың ісінуі, мөлдір қабық эрозиялары, трихиаз, нұрлы қабық кистасы, фотофобия, периорбитальді аймақ пен қабақ маңындағы, қабақ ойығының тереңдеуіне алып келетін өзгерістер, қабақтардың ісінуі, қабақ терісі тарапынан орныққан реакциялар, көз конъюнктивасының жалғанпемфигоиды⃰, қабақ терісінің күңгірттенуі
- герпестік кератит
- бас айналу
- демікпе, демікпенің өршуі, ентігу
- бұлшықеттердің/буындардың ауыруы
- кеуденің әдеттен тыс ауырулары
- стенокардия, тұрақсыз стенокардия, жүрек соғуын сезіну
⃰ Консервантпен ― бензалконий хлоридімен потенциалды байланысты болуы ықтимал.
Тимолол малеаты (көзге тамызатын дәрі түрінде):
- жүйелі аллергиялық реакциялар, соның ішінде анафилаксиялық реакциялар, ангионевроздық ісіну, есекжем, орныққан және жайылған бөртпе, қышыну
- гипогликемия
- жады жоғалту, ұйқысыздық, депрессия, қорқынышты түс көру, елестеулер
- ми қанайналымының жедел бұзылулары, ми ишемиясы, бас айналу, миастения белгілері мен симптомдарының күшеюі, парестезия, бас ауыруы, естен тану
- сүзгілеу хирургиялық араласымдардан кейін көздің тамырлы қабығының ажырауы, мөлдір қабық эрозиясы, кератит, диплопия, мөлдір қабық сезімталдығының төмендеуі, көздің тітіркену белгілері мен симптомдары (мысалы, ашыту, шаншу, қышыну, көзден жас ағу, қызару), көздің құрғауы, птоз, блефарит, көрудің бұлыңғырлануы.
- құлақтағы шуыл
- жүректің тоқтап қалуы, жүрек жеткіліксіздігі, атриовентрикулярлық блокада, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі, кеуде қуысының ауыруы, аритмия, брадикардия, ісіну, жүрек соғуын сезіну
- аяқ-қолдың мұздауы, гипотензия, Рейно синдромы
- бронх түйілуі (негізінен, осының алдында бронхоспастикалық аурулары болған пациенттерде), жөтел, ентігу
- іш ауыруы, құсу, диарея, ауыздың құрғауы, дисгевзия, диспепсия, жүрек айнуы
тері бөртпесі, псориазтәрізді бөртпе, псориаздың өршуі, алопеция
- миалгия
- сексуалдық бұзылыстар, либидо төмендеуі
- астения, қатты қажу.
Мөлдір қабықтың едәуір зақымдануы бар кейбір пациенттерде фосфаты бар көзге тамызатын дәріні қолдануға байланысты мөлдір қабық кальцификациясының өте сирек жағдайлары тіркелді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz