Латанопрост және тимолол біріктірілімін көзге тамызатын дәрі түрінде қолдану кезінде байқалған жағымсыз реакциялар
Өте жиі
- көздің нұрлы қабығының гиперпигментациясы
Жиі
- көздің ауыруы, көздің тітіркенуі (түйілу, ашыту, қышыну, бөгде денені сезінуді қоса алғанда)
Жиі емес
- бас ауыруы
- мөлдір қабық тарапынан бұзылулар, конъюнктивит, блефарит, көз гиперемиясы, көру айқындылығының бұзылуы, көз жасының көп ағуы.
- бөртпе, қышыну
Латамед препаратының құрамына кіретін жекелеген компоненттерді пайдалану кезінде байқалған қосымша жағымсыз реакциялар
Латанопрост
Жиі емес
- жүрек айну, құсу
Жиілігі белгісіз
- герпестік кератит.
- бастың айналуы
- кірпіктердің және қабақтың үлпіл түктерінің өзгеруі (кірпіктердің ұзаруы, қалыңдауы, пигментациясы және санының ұлғаюы); нүктелі кератит, периорбитальді ісіну; ирит; увеит; макулалық ісіну, оның ішінде кистозды макулалық ісіну; көздің құрғауы; кератит; мөлдір қабықтың ісінуі; мөлдір қабықтың эрозиясы; трихиаз; көздің нұрлы қабығының кистасы; фотофобия; қабақ жүлгесінің тереңдеуімен бірге жүретін периорбитальді аймақ пен қабақтың өзгеруі; қабақтың ісінуі; қабақтың жергілікті тері реакциясы; көз конъюнктивасының жалған пемфигоиды (бұл жағымсыз реакция бензалконий хлориді консервантының әсерімен байланысты болуы мүмкін); қабақ терісінің қараюы.
- стенокардия; тұрақты емес стенокардия; пальпитация.
- бронх демікпесі; бронх демікпесінің өршуі; ентігу.
- миалгия; артралгия.
- кеуде қуысының ауыруы.
Тимолол малеаты (офтальмологияда қолдану)
Өте сирек
- мөлдір қабықтың елеулі зақымданулары бар кейбір пациенттерде құрамында фосфат бар көзге тамызатын дәріні қолданған кезінде мөлдір қабық кальцификациясы
Жиілігі белгісіз
- анафилаксиялық реакцияларды, ангионевроздық ісінуді, есекжемді, жергілікті және жайылған бөртпелерді, қышынуды қоса алғанда, жүйелі аллергиялық реакциялар
- гипогликемия
- жады жоғалуы, ұйқысыздық, депрессия, қорқынышты түстер, елестеулер.
- ми қанайналымының жедел бұзылуы, ми ишемиясы, бас айналу, миастения (myasthenia gravis) белгілері мен симптомдарының күшеюі, парестезия, бас ауыруы, естен тану
- трабекулэктомиядан кейін көздің тамырлы қабығының ажырауы, мөлдір қабық эрозиясы, кератит, диплопия, мөлдір қабық сезімталдығының төмендеуі, көздің тітіркену белгілері мен симптомдары (мысалы, ашып күйдіру, шаншу, қышыну, көзден жас ағу және қызару), көздің құрғауы, птоз, блефарит, көру айқындығының бұзылуы.
- құлақтағы шуыл
- жүректің тоқтап қалуы, жүрек жеткіліксіздігі, атриовентрикулярлық блокада, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, кеудедегі ауыру, аритмия, брадикардия, ісіну, пальпитация.
- қол басы мен табанның тоңуы, артериялық гипотензия, Рейно синдромы.
- бронх түйілуі (негізінен бұрыннан бар бронх түйілуі аурулары бар пациенттерде), жөтел, ентігу
- іштің ауыруы, құсу, диарея, ауыздың құрғауы, дисгевзия, диспепсия, жүрек айнуы
- тері бөртпесі, псориаз тәрізді бөртпе, псориаз симптомдарының өршуі, алопеция
- миалгия
- сексуалдық дисфункция, либидоның төмендеуі
- астения, шаршау.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz