Емдеуге арналған дорзоламид бар препаратты қабылдағаннан кейін келесі жағымсыз әсерлер туралы хабарланды:
Өте жиі (≥ 1 / 10), жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10 000-нан <1/1000-ға дейін), өте сирек (<1/10 000).
Дорзоламид гидрохлориді, көзге тамызатын дәрі:
Жиі
- бас ауыруы
- блефарит, қабақтың тітіркенуі
- жүрек айнуы
- бөртпе
- шаршау / әлсіздік
Жиі емес
- нұрлы қабық пен цилиарлы дененің қабынуы
Сирек
- бас айналу, парестезия
- тамақтың тітіркенуі, ауыздың құрғауы
- қызару, ауыру, қабақтың жабысуы, өтпелі миопия (емді тоқтатқаннан кейін басылады), мөлдір қабықтың ісінуі, көзішілік қысымның төмендеуі, хориоидеяның бұзылуы (сүзгілеуден кейін) қоса алғанда, тітіркену
- мұрыннан қан кету
Жиілігі белгісіз
- көздегі бөгде затты сезіну
- жүректің жиі соғуы
- тыныстың тарылуы
Тимолол малеаты, көзге тамызатын дәрі:
Жиі
- бас ауыруы
- көздің тітіркену белгілері мен симптомдары, оның ішінде блефарит, кератит, мөлдір қабық сезімталдығының төмендеуі, көздің құрғауы
Жиі емес
- жүрек айнуы, диспепсия
- ентігу
- брадикардия, естен тану
- көрудің бұзылуы, оның ішінде рефракцияның бұзылуы (кейбір жағдайларда емдеуді тоқтатуға байланысты қарашықтың тарылуы байқалады)
- бас айналу, естен тану
- депрессия
Сирек
- жүйелі аллергиялық реакциялардың белгілері мен симптомдары, соның ішінде
ангионевроздық ісіну, есекжем, жергілікті және жалпы бөртпе,
анафилаксия
- ұйқысыздық, қорқынышты түстер, жады жоғалуы
- диарея, ауыздың құрғауы
- алопеция, псориаз тәрізді бөртпе немесе псориаздың өршуі
- бронх түйілуі (әсіресе спастикалық бронхиттің симптомдары бар пациенттерде), жөтел
- құлақтағы шуыл
- кеудедегі ауырсыну, жүректің қағуы, ісіну, аритмия, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, жүрек блокадасы, жүрек функциясының бұзылуы, ми ишемиясы, ақсақтық, Рейно феномені, қол-аяқтың суықтауы
- тыныс алу жолдары, кеуде қуысының ағзалары және көкірек қуысының бұзылыстары
- жоғарғы қабақ птозы, диплопия, хориоидея бұзылуы (сүзгілеу емшарасынан кейін)
- жүйелі қызыл жегі
- Пейрони ауруы
Тимололмен дорзоламид:
Өте жиі
- күйдіріп ашу және шаншу
- дәм сезудің өзгеруі
Жиі
- конъюнктива гиперемиясы, көрудің бұзылуы, мөлдір қабық эпителийінің жоғалуы, қышыну, жарылу
- синустың қабынуы
Жиі емес
- несеп-тас ауруы
Сирек
- жалпы аллергиялық реакцияның белгілері мен симптомдары, соның ішінде Квинке ісінуі, есекжем, қышыну, бөртпе, анафилаксия, бронх түйілуі
- ентігу, тыныс алу жеткіліксіздігі, ринит
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
"Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz