Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Гранулы для приготовления раствора для приема внутрь
Дозировка
500 мг
Торговое наименование
КВАНИЛ®
Действующее вещество
Цитиколин
Назначение
Инсульт және оның салдары, бас сүйек-ми жарақаты және оның салдары
Производитель
Кусум Хелткер Пвт. Лтд.
Страна
Индия
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір сашенің ішінде
белсенді зат: натрий цитиколині 500 мг цитиколинге баламалы,
қосымша заттар: сорбитол, повидон, сусыз лимон қышқылы, аспартам, лимон хош иістендіргіші, полиэтиленгликоль 6000, натрий стеарил фумараты, натрий лаурил сульфаты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақтан ақ дерлік түске дейін лимонның хош иісі бар түйіршіктер.
- инсульт және оның салдары
- бас сүйек-ми жарақаты және оның салдары
- дегенеративті өзгерістер мен қан тамырларының бұзылуынан туындаған когнитивті, сезімтал және іс-қимылдың неврологиялық бұзылулары
Цитиколин нейрондар жарғақшаларының құрылымдық фосфолипидтерінің биосинтезін ынталандырады, бұл магниттік-резонанстық спектроскопияны қолдана отырып зерттеу кезінде расталды. Осы арқылы цитиколиннің әсері жүйке сигналдарын беру кезінде модуляциясы қажет болатын ион алмасу сорғылары мен рецепторлардың жұмысы сияқты жарғақшалардың функциясын жақсартады.
Жарғақшаны тұрақтандыру қабілетінің арқасында цитиколин мидың ісінуінің қайта сіңірілуіне ықпал етеді.
Эксперименттік зерттеулерде цитиколин бос радикалдардың түзілуін азайту, жарғақшалы жүйелердің бұзылуын болдырмау және глутатион сияқты антиоксиданттық қорғаныс жүйелерін сақтау арқылы кейбір фосфолипазалардың (A1, A2, C және D) белсендігін тежейтінін көрсетті.
Цитиколин нейрондық энергия резервін сақтайды, апоптозды тежейді және ацетилхолин синтезін ынталандырады.
Эксперименталды түрде цитиколин мидың фокустық ишемиясының модельдерінде профилактикалық нейропротекторлық әсерге ие екендігі расталды.
Клиникалық зерттеулерде цитиколин ишемиялық инсульттан кейін пациенттің функцияларын қалпына келтіруін жақсартатындығы расталды, бұл нейровизуализация тесттеріндегі мидың зақымдануының төмендеуіне байланысты.
Бас сүйек-ми жарақаттарын алған пациенттерде цитиколин қалпына келтіруді жеделдетеді және жарақаттан кейінгі синдромның ұзақтығы мен айқындылығын төмендетеді.
Цитиколин зейін мен сананың деңгейін арттырады, сондай-ақ бас миының ишемиясымен байланысты амнезияда, когнитивті және неврологиялық бұзылыстарда жағымды әсерін тигізеді.
Дозалау режимі
Ұсынылатын дозасы: жағдайдың ауырлығына байланысты цитиколин күніне 500-ден 1000 мг-ға дейін.
Цитиколин түйіршіктерін жарты стақан суда еріту керек. Асқазанның бұзылуын болдырмау үшін оны тамақпен бірге қабылдауға болады. Дәрігердің рецепті бойынша тағайындалған басқа препараттар сияқты, цитиколинді қабылдаған кезде нұсқауларды мұқият орындау керек. Цитиколинді дәрігердің нұсқауларына сәйкес қабылдау керек.
Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдау үшін.
- әсер етуші зат цитиколинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- парасимпатикалық жүйке жүйесінің (кезбе жүйкесі) жоғары тонусы бар пациенттер
Жағымсыз құбылыстарды анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан <1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан <1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолдағы мәліметтердің негізінде бағалау мүмкін емес).
Өте сирек (жеке реакцияларды қоса алғанда).
- аллергиялық реакциялар, есекжем, экзантема, қызылкүрең түске дейін терінің қызаруы, терінің қышуы, ісіну, анафилаксиялық шоктың дамуы мүмкін
- бас ауруы, бас айналу, елестеулер, қозу, ұйқысыздық, температураның көтерілуі, қызу, тремор
- диспноэ
- жүрек айну, құсу, диарея
- артериялық қысымның көтерілуі немесе қысқа мерзімге төмендеуі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: препараттың төмен уыттылығын ескере отырып, тіпті емдік дозадан кездейсоқ асып кетсе де, улану ықтималдығы төмен.
Емі: Симптоматикалық ем.
Препарат құрамында сорбитол бар, сондықтан фруктоза жақпаушылығы сирек тұқым қуалайтын проблемалары бар пациенттерге қабылдауға болмайды.
Әсіресе ацетилсалицил қышқылына аллергиясы бар пациенттерде бронх демікпесін тудыруы мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Балаларда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
КВАНИЛ® препаратының көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері байқалмады.
Цитиколинді жүкті әйелдерде пайдалану туралы тиісті деректер жоқ.
Жүктілік кезінде КВАНИЛ® анық қажеттіліксіз тағайындалмауы тиіс. Егер күтілетін пайда ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайларда ғана препаратты қолдануға болады.
КВАНИЛ® препаратын лактация кезеңінде тағайындаған кезде әйелдер бала емізуді тоқтату керек, өйткені цитиколиннің әйел сүтімен бөлініп шығуы туралы деректер жоқ.
Цитиколин леводопаның әсерін күшейтеді. Құрамында меклофеноксат бар дәрілік заттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Препаратты қабылдау кезінде алкогольді ішуге болмайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.