Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозировка
500 мг
Торговое наименование
КВАНИЛ®
Действующее вещество
Цитиколин
Назначение
Инсультте және оның салдарларында, бассүйек-ми жарақатында және оның салдарларында
Производитель
Кусум Хелткер Пвт. Лтд.
Страна
Индия
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 522.50 мг натрий цитиколині, 500 мг цитиколинге баламалы,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН 101, лактоза моногидраты, повидон (К-90), натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты,
қабығының құрамы: Opadry 03F58750 ақ*
* - тальк, полиэтиленгликоль, гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171)
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Капсула тәрізді пішінді, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
- инсультте және оның салдарларында
- бассүйек-ми жарақатында және оның салдарларында
- дегенерациялық өзгерістерден және қантамырлардың бұзылуларынан туындаған когнитивтік, сезімталдықтың және қимыл-қозғалыстың неврологиялық бұзылыстарында
Цитиколин нейрондар жарғақшаларының құрылымдық фосфолипидтерінің биосинтезін стимуляциялайды, бұл магнитті-резонанстық спектроскопия қолданылған зерттеулерде расталды. Осы әсері арқылы цитиколин ион-алмасу сорғыларының және оларға қатысы бар рецепторлардың жұмысы сияқты жарғақшалар функциясын жақсартады, олардың модуляциясы жүйке сигналдарының берілісі кезінде қажет болып табылады.
Өзінің жарғақшаны тұрақтандыруға қабілеттілігінің арқасында, цитиколин ми ісінуінің реабсорбциясына ықпал етеді.
Эксперименттік зерттеулерде, цитиколин бос радикалдардың түзілуін азайта отырып, кейбір фосфолипазалардың (A1, A2, C және D) белсенуін тежейтіні, жарғақша жүйелерінің бұзылуын болдырмайтыны және глутатион сияқты антиоксиданттық қорғаныс жүйелерін сақтайтыны көрсетілді.
Цитиколин нейрондардың энергия қорын сақтайды, апоптозды тежейді және ацетилхолин синтезін стимуляциялайды.
Эксперимент жүзінде, мидың фокальді ишемиясы модельдерінде цитиколиннің профилактикалық нейропротекторлық әсер беретіні де расталды.
Клиникалық зерттеулерде цитиколиннің, ишемиялық инсульттен кейін пациент функцияларының қалпына келуін жақсартатыны бұл нейровизуализация тестілерінде мидың зақымдануының азаюымен өзара байланысты екендігі расталды.
Бассүйек-ми жарақаттары бар пациенттерде цитиколин қалпына келуді жеделдетеді және жарақаттан кейінгі синдромның ұзақтығы мен айқындығын азайтады.
Цитиколин зейін мен сана деңгейін жоғарылатады, сондай-ақ, амнезия, ми ишемиясымен байланысты когнитивтік және неврологиялық бұзылулар кезінде жағымды әсер береді.
Дозалау режимі
Ұсынылатын дозасы: жай-күйдің ауырлығына байланысты, күніне 500-ден 2000 мг цитиколинге дейін (1-4 таблетка).
Дәрігердің рецептісі бойынша тағайындалатын басқа препараттар жағдайындағы сияқты, цитиколинді қабылдаған кезде нұсқаулықтағы ұсынымдарды мұқият басшылыққа алу маңызды. Цитиколинді дәрігердің нұсқауларына сәйкес қабылдау керек.
Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде дозасын түзету қажет емес.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған.
- әсер етуші зат цитиколинге, немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- парасимпатикалық жүйке жүйесінің (кезбе жүйкенің) тонусы жоғары пациенттер
- тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы;
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге (жеткілікті клиникалық деректердің болмауына байланысты)
Өте сирек (жеке реакцияларды қоса).
- аллергиялық реакциялар, есекжем, экзантема, терінің қанқызыл түске дейін қызаруы, терінің қышынуы, ісінулер, анафилаксиялық шок дамуы мүмкін
- бас ауыруы, бас айналуы, елестеулер, қозу, ұйқысыздық, температура жоғарылауы, ысыну сезімі, тремор
- диспноэ
- жүрек айнуы, құсу, диарея
- артериялық қысымның жоғарылауы немесе қысқа мерзімді төмендеуі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерлерінің күшеюі.
Емі: симптоматикалық ем.
КВАНИЛ® препаратын триметиламинуриядан, Паркинсон ауруынан, эпилепсиядан зардап шегіп жүрген пациенттерге және анамнезінде депрессия болған пациенттерге сақтықпен қолдану қажет.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолданылуы
Балаларда қолданылуының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
КВАНИЛ® препаратының көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер ететіні байқалмады.
Цитиколиннің жүкті әйелдерде пайдаланылуы жөнінде ешқандай сәйкес деректер жоқ.
КВАНИЛ® препараты жүктілік кезінде айқын қажеттілігі болмаса тағайындалмауы тиіс. Препаратты егер күтілетін пайдасы ықтимал қаупінен асып түсетін болса ғана қолдануға болады.
КВАНИЛ® препаратын лактация кезеңінде тағайындағанда, әйелдер бала емізуді тоқтатуы керек, өйткені цитиколиннің әйелдің сүтімен бөлініп шығатыны туралы деректер жоқ.
Цитиколин леводопаның әсерін күшейтеді. Құрамында меклофеноксат бар дәрілік заттармен бір мезгілде қолданбау керек.
Препаратты қабылдау кезінде алкоголь пайдалануға болмайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.