Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Раствор для инфузий
Торговое наименование
Ксилат
Действующее вещество
Электролиты в комбинации с другими препаратами
Назначение
Жарақаттық, геморрагиялық және күйіктен болған шокта уыттануды азайту, микроциркуляцияны жақсарту үшін (қандағы және несептегі осмолярлығын есепке ала отырып)
Производитель
Юрия-Фарм
Страна
Украина
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
• жарақаттық, геморрагиялық және күйіктен болған шокта уыттануды азайту, микроциркуляцияны жақсарту үшін (қандағы және несептегі осмолярлығын есепке ала отырып)
• қант диабетінде және глюкоза утилизациясының басқа бұзылуларында пайда болатын көмірсуларға қажеттілікті ішінара толықтыру үшін
• операциядан кейінгі кезеңде
• жедел қан жоғалтуда
• күйік ауруларында.
Фармакодинамикалық әсерлері
Ксилат көпкомпонентті, көп функциялы гиперосмолярлы ерітінділер тобына жатады, кетогенге қарсы, гемодинамикалық, уытсыздандырғыш, реологиялық, энергиялық, сілтілендіргіш және осмодиурездік әсері бар.
Ксилитол кетогенге қарсы әсер көрсетеді, инсулиннің метаболизміне байланысты емес энергия көзі болып табылады.
Ксилитол – адамда көмірсу алмасудың аралық табиғи өнімі, сондықтан уыттылығы төмен және жағымдылығы жақсы.
Бауырда нуклеотидтерді (АТФ, АДФ, АМФ) төмендетпейді.
Натрий ацетаты баяу әсер ететін сілтілендіргіш дәрілерге жатады. Ол буферленген препарат метаболизмі есебінен негіздің жиналуын туындатады және Н+ шамадан тыс жиналуы баяу жүретін метаболизмдік ацидоз түрлерінде (мысалы, бүйректік және тапшы газды емес ацидозда) қолданылады. Натрий ацетатын пайдаланғанда метаболизмдік ацидоздың түзетілуі баяу жүреді, рН-тың күрт өзгеруін туындатпайды.
Натрий хлориді регидратациялық әсер білдіреді, әртүрлі патологиялық жағдайларда натрий және хлор иондары тапшылығының орнын толтырады.
Кальций хлориді кальций иондары тапшылығының орнын толтырады. Кальций иондары жүйке импульстерінің берілу процесін, қаңқа және тегіс бұлшықеттердің жиырылуын, миокард қызметін, сүйек тінінің қалыптасуын, қанның ұюын жүзеге асыру үшін қажет. Жасушалар мен тамыр жақтауының өткізгіштігін төмендетеді, қабыну реакцияларының дамуын болдырмайды, организмнің инфекцияларға төзімділігін арттырады.
Калий хлориді су-электролит теңгерімін қалыпқа келтіреді. Теріс хроно- және батмотропты әсер, жоғары дозаларында – теріс ино-, дромотропты және орташа диурездік әсер танытады. Жүйке импульстерінің өткізілу процесіне қатысады. Ацетилхолин мөлшерін арттырады және вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігін қоздырады. Бұлшықет дистрофиясында, миастенияда қаңқа бұлшықеттерінің жиырылуын жақсартады.
Калий, магний, кальций және натрий иондарының жасушаішілік және жасушадан тыс арақатынасы миокардтың жиырылу қабілетіне ықпалын тигізеді. Ішкі ортадағы калий және/немесе магний иондарының төмен деңгейі проаритмогендік әсер етуге қабілетті, артериялық гипертензияның, коронарлық артериялардың атеросклерозының дамуына және миокардта метаболизмдік өзгерулердің пайда болуына бейім етеді.
Калийдің өте маңызды физиологиялық функцияларының бірі нейрондардың, миоциттердің және миокард тіндерінің басқа да қозатын құрылымдарының жарғақшалық потенциалына демеу болып табылады. Калийдің жасушаішілік және жасушадан тыс мөлшерінің арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы миокардтың жиырылғыштығының төмендеуіне, аритмияның, тахикардияның пайда болуына және жүрек гликозидтерінің уыттылығының жоғарылауына әкеледі.
Магний энергиялық метаболизмнің және ақуыздар мен нуклеин қышқылдары синтезінің 300-ден астам ферменттік реакциясының ко-факторы болып табылады. Магний жиырылу кернеуін және ЖЖЖ төмендетіп, миокардтың оттегіні қажетсінуінің азаюына әкеледі. Магний миокард тіндерінде ишемияға қарсы әсер береді. Артериолалар, соның ішінде коронарлық артериолалар жақтауларының тегіс бұлшықеттеріндегі миоциттердің жиырылғыштығының төмендеуі вазодилатацияға және коронарлық қанағымның күшеюіне әкеледі.
Калий және магний иондарының бір препаратта қосылуы организмде калий тапшылығының магний тапшылығымен жиі қатар жүретіндігіне негізделген және организмде екі ионның да мөлшерін бір мезгілде түзетуді қажет етеді. Осы электролиттер деңгейін бір мезгілде түзеткенде аддитивті әсер байқалады, бұдан басқа, калий мен магний жүрек гликозидтерінің уыттылығын төмендетіп, олардың оң инотропты әсеріне ықпалын тигізбейді.
Полиэлектролиттік теңдестірілген инфузиялық Ксилат ерітіндісі — құрамында физиологиялық тиімді арақатынаста болатын иондары бар, плазманың орнын алмастыратын ерітінді. Препараттың әсері су-электролиттік теңгерімге, қышқыл-сілтілік жағдайды және су мөлшерін түзетуге бағытталған. Осы факторлар теңгерімінің бұзылуы метаболизм процестерін бұзатын және өмірге қауіп төндіретін зардаптарға әкелетін ауыр патофизиологиялық синдром болып табылады.
Дозалау режимі
Ересектерге вена ішіне тамшылатып, минутына 50-70 тамшы жылдамдықпен, яғни 2.1- 3.0 мл/кг/сағ. немесе 150-210 мл/сағ. енгізеді.
Ең жоғары доза: ересектерге – тәулігіне 2100 мл немесе дене салмағының әр кг-на тәулігіне 1.5 г ксилитол.
Инфузияның ең жоғары жылдамдығы – 210 мл/сағ. (минутына 70 тамшы) = дене салмағының әр кг-на 0,15 г ксилитол/сағ.
Ересектерге
Науқастардың, соның ішінде қант диабеті бар науқастарды парентеральді түрде тамақтандыру үшін
• 600-1000 мл-ден (науқастың 1 кг дене салмағына 10-15 мл) тәулігіне 1–2 рет (тәуліктік дозаны екі енгізуге бөлуге болады).
Жарақаттық, геморрагиялық және күйіктік шоктарда уыттануды азайту, микроциркуляцияны жақсарту үшін
• 600-1000 мл-ден (науқастың 1 кг дене салмағына 10-15 мл) тәулігіне 1–2 рет (тәуліктік дозаны екі енгізуге бөлуге болады).
Жедел қан жоғалтуда
• 1000-1400 мл-ден (20 мл/кг дейін). Мұндай жағдайда Ксилат препаратымен инфузияны ауруханаға дейінгі кезеңде жүргізу керек.
Операциядан кейінгі кезең
• 400-600 мл-ден (6–10 мл/кг), тамшылатып, тәулігіне 1–2 рет, (тәуліктік дозаны екі енгізуге бөлуге болады), 3–5 күн бойы.
Енгізу әдісі мен жолы
Вена ішіне (в/і) тамшылатып.
• әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• гиперосмолярлық кома
• анурия
• ісінулер
• миға қан құйылу;
• тромбоэмболия;
• жүрек-қантамыр декомпенсациясы;
• III дәрежелі артериялық гипертензия;
• балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.
Иммундық жүйе тарапынан
Жиілігі белгісіз
• аллергиялық реакциялар (бөртпе, қышыну, есекжем).
Жүрек-қантамырлық бұзылулар
Сирек
• тахикардия, гипертониялық реакция.
Зат алмасудың, метаболизмнің бұзылуы
Сирек
• электролиттер алмасудың бұзылуы, лактоацидоз, гипергидратация, ісінулер, ацидоз (оның ішінде сүт-қышқылды ацидоз).
Несеп шығару жүйесі тарапынан
Сирек
• гипероксалурия, гиперурикемия.
Гепатобилиарлық жүйе тарапынан
Сирек
• бауыр сынамаларының өзгеруі.
Асқорыту жүйесі тарапынан
Сирек
• жүрек айну.
Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы өзгерістер
Сирек
• дене температурасының көтерілуі, қалтырау, енгізген жерде шеткері веналардың тітіркенуі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: жүректің айнуы, іштің кебуі, іш өту, іштің ауыруы, су-электролиттік теңгерімнің гипертензиялық реакция түрінде бұзылуы.
Емі: артық дозаланған жағдайда препаратпен инфузияны тоқтату қажет. Организмнің физиологиялық реакцияларына мониторинг жүргізген жөн және өмір үшін маңызды функцияларын демеу керек.
Емі симптоматикалық. Спецификалық антидоты жоқ.
Деректер жоқ.
Арнайы сақтандырулар
Гемодинамикалық әсерге қол жеткізу үшін Ксилатты ересектерге вена ішіне минутына 40–60 тамшы жылдамдықпен тамшылатып енгізеді.
Қажет болған жағдайда минутына 30 тамшы жылдамдықпен тамшылатып енгізуге сынама жүргізгеннен кейін, препаратты сорғалатып енгізуге болады. 15 тамшы енгізгеннен кейін препараты енгізуді тоқтатады, ал 3 минуттан кейін реакция болмаса, сорғалатып енгізеді.
Препараттың кетогенге қарсы қасиеттері ксилитолдың утилизациясы жылдамдығына тең жылдамдықпен енгізгенде білінеді.
Бауыр ауруларында препарат бауыр функциясының көрсеткіштерін бақылай отырып қолданады. Ксилаттың өт айдайтын әсері бар болғандықтан, оны өт-тас ауруында енгізуді дәрігердің мұқият бақылауымен жүзеге асырған жөн.
Препаратты бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі кезінде сақтықпен қолданады, препаратты енгізу кезінде бүйрек функциясын бақылау керек.
Ксилат препаратын қант диабеті бар науқастарға енгізуді қандағы глюкоза мөлшерін бақылай отырып, жүзеге асыру қажет.
Организмнің сусыздануымен қатар жүретін ауруларда сақтықпен тағайындаған жөн, өйткені Ксилат гиперосмолярлы ерітінді ретінде сұйықтықтың тіндерден қантамыр арналарына өтуі есебінен оны күшейтуі мүмкін.
Жалпы сусыздануда және су-электролиттік алмасу бұзылғанда препаратты қолдану ұсынылмайды.
Педиатрияда қолдану
Балаларға қолдану мүмкіндігі туралы зерттеу жүргізілмеді.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат тек стационарлық жағдайда қолданылатындықтан, осындай әсер ету туралы деректер жоқ.
Ксилатты жүкті әйелдерде, бала емізу кезеңінде қолдану мүмкіндігі туралы зерттеу жүргізілмеді.
Препаратты құрамында фосфат және карбонат бар ерітінділермен араластыруға болмайды.
Ксилат басқа препараттар үшін тасымал ерітінді болмауы тиіс. Препараттарды қосу физикалық және химиялық өзгерулерге әкелуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.