Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Лиофилизат для приготовления концентрата для приготовления раствора для инфузий
Дозировка
100 мг
Торговое наименование
КОВИФОР
Действующее вещество
Ремдесивир
Назначение
КОВИФОР пневмониясы бар ересектер мен жасөспірімдерде (дене салмағы кемінде 40 кг болатын 12 жастағы және одан үлкен), оттегіге тәуелді пациенттерде (оттегі төмен немесе жоғары…
Производитель
АСПИРО ФАРМА ЛИМИТЕД
Страна
Индия
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір құтының ішінде:
белсенді зат - ремдесивир 100 мг,
Қосымша заттар- бетадекс сульфобутил натрий эфирі, хлорсутек қышқылы, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су, азот
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ түстен ақ дерлік немесе сары түске дейінгі лиофилизацияланған масса немесе лиофилизацияланған ұнтақ.
Мөлдір, түссіз немесе сары түсті, көрінетін бөлшектерден бос,
қалпына келтірілген ерітінді.
КОВИФОР пневмониясы бар ересектер мен жасөспірімдерде (дене салмағы кемінде 40 кг болатын 12 жастағы және одан үлкен), оттегіге тәуелді пациенттерде (оттегі төмен немесе жоғары ағынды немесе басқа инвазивті емес вентиляцияның басталуы) коронавирустық инфекцияны (COVID-19) емдеу үшін қолданылады.
Әсер ету механизмі
Ремдесивир аденозиндік нуклеотидтік ізашар дәрі болып табылады, ол нуклеозидтрифосфаттың фармакологиялық белсенді метаболитін құрап, организм жасушаларында метаболизденеді. Ремдесивир трифосфаты аденозинтрифосфаттың (АТФ) аналогы ретінде әрекет етеді және SARS-CoV-2 вирусының РНҚ-ға тәуелді РНҚ-полимераза арқылы пайда болатын РНҚ тізбектеріне қосылу үшін табиғи АТФ субстратымен бәсекелеседі, бұл вирустық РНҚ репликациясы кезінде тізбектің кешіктірілген үзілуіне әкеледі.
Вирусқа қарсы белсенділік
Ремдесивир емдеу басталған сәттен бастап 48 сағат өткеннен кейін адамның тыныс алу жолдарының бастапқы эпителий жасушаларында (EC50) 9.9 нМ затының жартылай ең жоғары тиімді концентрациясымен SARS-CoV-2 вирусының клиникалық изолятына қатысты in vitro вирусқа қарсы белсенділігін көрсетті. Vero жасушаларында SARS-CoV-2-ге қатысты ремдесивирдің EC50 мәні емдеу басталғаннан бастап 24 сағаттан кейін 137 нМ және 48 сағаттан кейін 750 нМ болды. Хлорохин фосфаты ремдесивирдің вирусқа қарсы белсенділігіне дозаға тәуелді антагонистік әсер етті, онда екі препарат респираторлық-синцитиальды вирусымен инфекцияланған HEp-2 жасушаларында клиникалық маңызды концентрацияда бірге инкубацияланды. EC50 ремдесивирдің жоғары мәні хлорохин фосфаты концентрациясы жоғарылаған кезде байқалды. Хлорохин фосфаты концентрациясының жоғарылауы адамның бронхының қалыпты эпителий жасушаларында ремдесивир трифосфатының түзілуін азайтты.
Резистенттілік
Өсірінді жасушаларда ремдесивирге тұрақтылық тышқан гепатиті вирусын (кеміргіштердің коронавирусы) қолдана отырып, барлық коронавирустарда сақталған қалдықтардағы вирустың РНҚ-ға тәуелді РНҚ-полимеразасында екі алмастырудың (F476L және V553L) дамуымен анықталды, бұл ремдесивирге қабылдағыштықтың 5,6 есе төмендеуіне ықпал етті. SARS-CoV вирусының үлгісіне ұқсас алмастырулар (F480L және V557L) енгізілген кезде, өсірінді жасушаларда ремдесивирге қабылдағыштықтың 6 есе төмендеуі байқалды, ал тышқан моделіндегі SARS-CoV вирусының патогенділігі әлсіреді.
Бүгінгі таңда SARS-CoV-2 вирусының өсірінді жасушаларда ремдесивирге төзімділіктің дамуы бағаланбады. SARS-CoV-2 вирусының ремдесивирге төзімділігінің дамуы туралы клиникалық деректер жоқ.
Дозалау режимі
Вена ішіне енгізу үшін.
Препаратты бұлшықет ішіне енгізуге тыйым салынады.
Ремдесивирді пациенттер мұқият қадағаланатын медициналық мекемелерде ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Дозалау
Ересек пациенттерге ремдесивирдің ұсынылатын дозасы:
• 1-күн – ремдесивирдің бір реттік екпінді дозасы вена ішіне инфузиямен 200 мг
• 2-ші күн және одан әрі – күніне бір рет вена ішіне инфузиямен 100 мг.
Емдеу ұзақтығы
5 күннен кем емес және 10 күннен артық емес.
Балалар
Дене салмағы <40 кг болатын 12 жасқа дейінгі балалардағы ремдесивирдің қауіпсіздігі мен тиімділігіанықталған жоқ. Деректер жоқ.
Егде жастағы пациенттер
65 жастан асқан пациенттер үшін ремдесивир дозасын түзету қажет емес
Бүйрек функциясының бұзылуы
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде ремдесивир фармакокинетикасын бағалау жүргізілген жоқ. Қосымша зат бетадекс-сульфобутил натрий эфирі бүйрек арқылы шығарылады және бүйрек функциясы төмендеген пациенттерде жинақталады.
еШСЖ ≥30 мл / мин пациенттер дозаны түзетусіз COVID-19 емдеу үшін ремдесивир қабылдады. Ремдесивирді еШСЖ бар пациенттерге қолдануға болмайды
Бауыр функциясының бұзылуы
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде ремдесивир фармакокинетикасын бағалау жүргізілген жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны түзету қажет пе, жоқ па белгісіз.
Енгізу жолы және тәсілі
Вена ішіне енгізу үшін.
Препаратты бұлшықет ішіне енгізуге тыйым салынады.
1-кесте: Инфузияның ұсынылатын жылдамдығы – сұйылтылған және ерітілген КОВИФОР үшін, инфузияға ерітінді дайындау үшін концентрат дайындауға арналған лиофилизат, 100 мг
Инфузиялық қапшықтың көлемі — Инфузия ұзақтығы — Инфузия жылдамдығы
250 мл — 30 мин — 8,33 мл/мин
60 мин — 4,17 мл/мин
120 мин — 2,08 мл/мин
100 мл — 30 мин — 3,33 мл/мин
60 мин — 1,67 мл/мин
120 мин — 0,83 мл/мин
КОВИФОР ұзақтығы 30-дан 120 минутқа дейін вена ішіне инфузия енгізер алдында инъекцияға арналған 19 мл стерильді суда ерітілуі және инъекцияға арналған 0,9% (9 мг/мл) натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтылуы қажет.
Ерітінді дайындау
Еріту
• Стерильді жағдайда ремдесивир ұнтағын инъекцияға арналған 19 мл стерильді су қосып, тиісті өлшемдегі инесі бар шприцті пайдалану арқылы құтыда ерітіңіз.
• Егер вакуум инъекцияға арналған стерильді суды құтыға тартпаса, құтыны утилизациялау керек.
• Ремдесивир ұнтағын қалпына келтіру үшін инъекцияға арналған стерильді суды ғана пайдаланыңыз.
• Құтыны бірден 30 секунд сілку керек.
• Құтының ішіндегісін 2-3 минут бойы тұндырып алыңыз. Нәтижесінде мөлдір ерітінді алынуы тиіс.
• Егер құтының ішіндегісі толығымен ерімеген болса, құтыны қайтадан 30 секунд бойы сілкіп, ішіндегісін 2-3 минут бойы тұндыру керек. Қажет болса құтының ішіндегісі толық ерігенше бұл процедураны қайталау керек.
• Қаптаманың және контейнер қақпағын ақаулары жоқ екеніне және ерітіндіде бөгде бөлшектері жоқ екеніне көз жеткізу үшін құтыны қарап шығу керек. Ақаулар немесе бөгде бөлшектер анықталған жағдайда құтыны пайдалануға болмайды.
• Құтыны қалпына келтіргеннен кейін бірден сұйылтыңыз.
Сұйылту
Ерітінді дайындау кезінде микробпен кездейсоқ ластануын болдырмау үшін сақтық таныту керек. Препарат құрамында консерванттар немесе бактериостатикалық агенттер болмағандықтан, асептикалық жағдайларда парентеральді енгізу үшін ерітінді дайындау қажет. Вена ішіне енгізуге арналған ерітіндіні дайындағаннан кейін бірден енгізу керек.
2-кесте: Сұйылту бойынша нұсқаулар – инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ерітілген ремдесивир ұнтағын дайындау
Ремдесивир дозасы — Пайдалануға арналған натрий хлориді үшін инфузиялық қапшық көлемі 9% (0,9 мг/мл) — Инфузиялық қапшықтан 0.9% (9 мг/мл) натрий хлоридін алуға және шығарып тастауға арналған көлем — Ерітілген ремдесивирдің қажетті көлемі
200мг (2 құты) — 250 мл — 40 мл — 2 x 20 мл
100 мл — 40 мл — 2 x 20 мл
100 мг (1 құты) — 250 мл — 20 мл — 20 мл
100 мл — 20 мл — 20 мл
ЕСКЕРТУ: сұйықтық қабылдауға айтарлықтай шектеуі, мысалы, жедел респираторлық дистресс синдромы немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін 100 мл ерітінді пайдаланған жөн.
Натрий хлоридінің қажетті 9 мг/мл мөлшерін 2-кестеге сәйкес тиісті өлшемдегі инесі бар шприцті қолданып толтырыңыз және утилизациялаңыз.
• 2-кестеге сәйкес тиісті көлемдегі шприцті пайдаланып, ерітілген ремдесивир ұнтағының қажетті мөлшерін алыңыз. Құтыда қалған ремдесивирдің пайдаланылмаған бөлігін утилизациялаңыз.
• Ерітілген ремдесивир ұнтағының қажетті мөлшерін инфузиялық қапшыққа салыңыз.
• Қапшықтағы ерітіндіні араластыру үшін қапшықты 20 рет абайлап төңкеріп алыңыз. Сілкімеңіз.
• Дайындалған ерітінді бөлме температурасында 4 сағат бойы тұрақты (20°C-ден 25°C-ге дейін) немесе тоңазытқышта 24 сағат (2°C-ден 8°C-ге дейін) (ерітіндіні сұйылтуға дейінгі уақытты қосқанда).
Инфузия аяқталғаннан кейін кемінде 0.9% натрий хлоридінің 30 мл ерітіндісімен шайыңыз.
• әсер етуші затқа немесе 6.1 бөлімде көрсетілген кез келген қосымша затқа аса жоғары сезімталдық
• балалар мен 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер
• ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер (еШСЖ <30 мл/мин/1.73 м 2)
Өте жиі
- трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы
- протромбиндік уақыттың ұзаруы
Жиі
- бас ауыруы
- жүрек айнуы
- бөртпе
Сирек
- аса жоғары сезімталдық
- сирек инфузиялық реакциялар (гипотензия, жүрек айнуы, құсу, тершеңдік, тремор)
Белгісіз
- анафилаксиялық реакциялар
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Адамда ремдесивирдің жедел артық дозалану жағдайлары тіркелмеген. Ремдесивирмен артық дозаланған жағдайда емдеу жалпы демеу шараларын, оның ішінде өмірлік маңызды функцияларды бақылауды және пациенттің клиникалық жағдайын бақылауды қамтуы тиіс. Ремдесивирдің спецификалық антидоты жоқ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілінің түсіндірмесін алу үшін кеңес алу үшін медициналық қызметкерге жүгіну керек.
Инфузиялық және анафилаксиялық реакцияларды қоса, аса жоғары сезімталдық
Инфузиялық және анафилаксиялық реакцияларды қамтитын аса жоғары сезімталдық реакциялары ремдесивирді енгізу кезінде және одан кейін байқалды. Белгілер мен симптомдарға гипотензия, гипертензия, тахикардия, брадикардия, гипоксия, қызба жай күйі, ентігу, бронх-обструктивті синдром, ангионевроздық ісіну, бөртпе, жүрек айнуы, құсу, қатты терлеу және діріл кіруі мүмкін. Максималды енгізу уақыты 120 минутқа дейінгі анағұрлым баяу инфузия жоғарыда аталған белгілер мен симптомдардың дамуына жол бермейді. Егер клиникалық маңызды аса жоғары сезімталдық реакциясының белгілері мен симптомдары пайда болса, ремдесивирді енгізуді дереу тоқтатып, тиісті емдеуді бастау керек.
Трансаминазаның жоғарылауы
Трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы ремдесивирдің клиникалық зерттеулерінде, оның ішінде дені сау еріктілер мен COVID-19 бар пациенттерде байқалды. Ремдесивирді қолдануды бастамас бұрын барлық пациенттерде бауыр функциясының жай-күйін анықтау және оны клиникалық практикаға сәйкес емдеу кезінде бақылау қажет. Ремдесивирді бауыр функциясы бұзылған пациенттерге, егер потенциалды пайдасы потенциалды қауіптен асып кетсе ғана қолдану керек.
КОВИФОР препаратын қалыптың жоғарғы шектерінің АЛТ ≥5 деңгейі бар пациенттерде қолдануға болмайды.
Пациенттерде ремдесивир қабылдауды тоқтата тұру керек, мыналарда:
• ремдесивирмен емдеу кезінде АЛТ деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен ≥ 5 көтерілетін АЛТ қалыптың жоғарғы шегінен <5 болған кезде емдеуді қайта бастауға болатын
НЕМЕСЕ
• Бауырдың қабыну белгілерімен немесе симптомдарымен немесе конъюгацияланған билирубиннің жоғарылауымен, сілтілік фосфатаза белсенділігінің жоғарылауымен немесе халықаралық қалыптасқан қатынастың (ХҚҚ) жоғарылауымен қатар жүретін АЛТ жоғарылауы.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Қосымша зат бетадекс сульфобутил натрий эфирі бүйрек өзекшелерінде жинақталуы бүйрек жеткіліксіздігінің ағымын қиындатуы мүмкін. Клиникаға дейінгі зерттеулер барысында ремдесивирдің бүйрек өзекшелеріне әсер ететіндігі анықталды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттердің қатысуымен клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ. КОВИФОР препаратын ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (еШСЖ <30 мл/мин/1,73 м 2) қолдануға болмайды.
Хлорохинмен және гидроксихлорокинмен бір мезгілде тағайындау кезінде вирусқа қарсы белсенділікті төмендету қаупі
Ремдесивирді және хлорохин фосфатын немесе гидроксихлорохин сульфатын бірге қолдану хлорохиннің жасушаішілік метаболизмдік активацияға және ремдесивирдің вирусқа қарсы белсенділігіне антагонистік әсерін көрсететін in vitro деректері негізінде ұсынылмайды.
QT аралығы
Қазіргі клиникаға дейінгі және клиникалық деректер QT аралығының ұзару қаупін білдірмейді, бірақ адамдарда QT аралығының ұзаруы толық зерттелмеген.
Бұл дәрілік зат «шартты мақұлдау» аясында рұқсат етілді. Бұл осы дәрілік заттың одан әрі дәлелдері күтілетінін білдіреді. Еуропадағы дәрілік заттар жөніндегі агенттік осы дәрілік зат туралы жаңа ақпаратты жылына кемінде бір рет қарайтын болады және бұл ДПЖС қажеттілігіне қарай жаңартылатын болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ремдесивир бұл қабілеттерге әсер етпейді немесе аз әсер етеді деп болжанады.
Ремдесивирді жүкті әйелдерде қолдану туралы деректер жоқ немесе шектеулі. Әйелдің клиникалық жағдайы тек ремдесивирмен емдеуді қажет ететін кезді қоспағанда ремдесивирді жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Фертильді жастағы әйелдер емдеу кезінде ұрықтандыруға қарсы сенімді дәрілерді қолдануы тиіс.
Ремдесивирдің емшек сүтімен шығарылатындығы, оның емшектегі балаға әсері немесе сүт түзілуіне әсері белгісіз.
SARSCoV-2-де теріс нәтижесі бар сәбилерге вирустың берілу мүмкіндігіне және препаратқа жағымсыз реакцияларға байланысты, бала үшін емшек емізудің пайдасы мен әйел үшін емнің пайдасын ескере отырып, бала емізуді тоқтату немесе ремдесивирмен емдеуді тоқтату/үзе тұру туралы шешім қабылдау қажет.
Ремдесивирмен өзара әрекеттесуді бағалау бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ. Қазіргі уақытта өзара әрекеттесудің жалпы потенциалы белгісіз; пациенттер ремдесивирді қолданудың барлық кезеңінде мұқият бақылауда болуы тиіс.
Ремдесивирді хлорохин фосфатымен немесе гидроксихлорохин сульфатымен бір мезгілде қолдану in vitro байқалатын антагонизмге байланысты ұсынылмайды. Ремдесивирді хлорохинмен немесе гидроксихлорокинмен бірге қолданғанда вирусқа қарсы белсенділіктің төмендеу қаупі бар.
Басқа дәрілік препараттардың ремдесивирге әсері
In vitro зерттеулерінің деректері бойынша ремдесивир плазма мен тіндердегі эстеразаларға және CYP2C8, CYP2D6 және CYP3A4 изоферменттеріне, сондай-ақ OATP1B1 органикалық аниондарының тасымалдық полипептидіне және P-гликопротеин (P-gp) транспортерлеріне субстрат болып табылады.
Ремдесивирдің гидролитикалық жол тежегіштерімен/индукторларымен (эстераза) немесе CYP2C8, CYP2D6 немесе CYP3A4 изоферменттерімен өзара әрекеттесуі зерттелмеген. Клиникалық маңызды өзара әрекеттесу ықтималдығы белгісіз. Күшті тежегіштер ремдесивир әсерінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Күшті индукторларды (мысалы, рифампицин) қолдану плазмадағы ремдесивир концентрациясын төмендетуі мүмкін, сондықтан ұсынылмайды.
Дексаметазон CYP3A изоферментінің және P-гликопротеиннің орташа индукторы болып табылады. Индукция дозаға тәуелді және бірнеше дозаны қолданғаннан кейін пайда болады. Дексаметазонның ремдесивирге клиникалық маңызды әсер етуі екіталай, өйткені ремдесивирдің бауырмен экстракция коэффициенті орташа жоғары және COVID-19 емдеу үшін қысқа уақыт аралығында қолданылады.
Сақтау мерзімі
18 ай
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек
Ерітілген және сұйылтылған инфузияға арналған ерітіндіні 25°C-ден аспайтын температурада 4 сағатқа дейін немесе 2°C-8°C температурада 24 сағатқа дейін тоңазытқышта сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.