Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Капсулы сублингвальные
Дозировка
100 мг
Торговое наименование
Корвалмент
Действующее вещество
Кардиологических препаратов комбинации другие
Назначение
Функционалды кардиалгия, неврозда, теңіз және ауа ауруларына қарсы құсу
Производитель
АО КИЕВСКИЙ ВИТАМИННЫЙ ЗАВОД
Страна
Украина
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат: изовалериан қышқылы ментил эфиріндегі ментол ерітіндісі – 100.0 мг,
қосымша заттар (қабығы): желатин, глицерин.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Шар тәрізді немесе сфера пішінді, тігісі, ментол иісі бар мөлдір түссіз немесе сарғыш реңді майлы сұйықтықпен толтырылған түссіз немесе әлсіз сарыдан ақшыл қоңыр-сары түске дейінгі жұмсақ желатинді капсулалар.
- функционалды кардиалгия
- неврозда
- теңіз және ауа ауруларына қарсы құсу
Дәрілік зат орталық жүйке жүйесіне тыныштандыратын әсерін байқатады, сондай-ақ орташа рефлекторлы тамыр тарылтатын (коронаролитикалық) әсер береді, ауыз қуысы шырышты қабығының сезімтал жүйке («салқындату») рецепторларын рефлекторлы тітіркендіру жолымен әсер етеді. Рецепторлар стимуляциясы ауыру сезімталдығын азайтуда, ауыру сезімін азайтуда, тамырлар өткізгіштігін қалыпқа келтіруде және жүрек-қантамыр және жүйке жүйесі қызмет етуінің басқа маңызды механизмдерін реттеуде маңызды рөл атқаратын эндорфиндер, энкефалиндер, динорфиндер және басқа пептидтер, гистамин, кининдердің босап шығуы индукциясымен қатар жүреді.
Дозалану режимі
Ересектер үшін бір реттік доза – 1 капсула (100 мг).
Ең жоғары тәуліктік доза – 6 капсула (600 мг).
Енгізу әдісі және жолы
Капсуланы ауызда (тіл астында) ол толық ерігенге дейін ұстау керек. Әсерін жеделдету үшін капсуланы тіспен езіп жіберу керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолданар алдында емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
- дәрілік заттың компоненттеріне жоғары сезімталдық
- айқын арткриялық гипотензия
- жедел миокард инфарктісі
- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Жағымсыз реакциялар жиілігінің сандық критерийлері жәнежағымсыз реакциялардың жүйе-ағза жіктемесі ментуындау жиіліктеріне сәйкес жіктелуі (Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтаукелесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100 -< 1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 -< 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 -< 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000),белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
Ұзақ уақыт қолданғанда
Өте сирек
жеңіл жүрек айну, іштегі жайсыздық, жас ағу, бас айналу, қысқа мерзімді артериялық гипотензия, өздігінен жылдам өтетін ұйқышылдық байқалуы мүмкін.
Аллергиялық реакциялар, ішінде Квинке ісінуі, есекжем, бөртпе, қышыну дамуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: бас ауыру, жүрек айну, қозу, жүрек қызметінің бұзылуы, артериялық қысымның төмендеуі, орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі, дәрілік заттың компоненттеріне аса жоғары сезімталдық (ангионевроздық ісіну, есекжем, қышыну, бөртпе).
Емі: дәрілік затты тоқтату және симптоматикалық ем.
Дәрілік затты қабылдағаннан кейін жүрек аймағының ауыруы қайтпаған жағдайда, жедел коронарлық синдромды жоққа шығару үшін міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет.
Арнайы сақтандырулар
Дәрілік заттың құрамында қант жоқ және оны қант диабетімен ауыратын пациенттерге қолдануға болады.
Педиатрияда қолдануы
Дәрілік затты балаларды емдеу үшін қолданудың тәжірибесі жоқ.
Жүктілік және бала емізу кезеңінде дәрілік затты, егер дәрігердің пкірінше, ана үшін күтілетін оңды әсері шаранаға/балаға төнетін ықтимал қауіптен асып түсетіндей болса, қолданылуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын басқарғанда немесе жоғары зейін қоюды талап ететін жұмыста дәрілік затты қабылдаудан кейінгі алғашқы сағатта туындайтын ықтимал жағымсыз әсерлерімен (бас айналу және ұйқышылдық) байланысты сақ болу қажет.
Корвалмент психотропты заттардың, апиынды анальгетиктердің, алкоголь және наркозға арналған дәрілердің тыныштандыратын әсерін оларды бір мезгілде қолданғанда күшейтеді.
Гипертензиялық дәрілік заттардың әсері оларды Корвалмент дәрілік затымен бір мезгілде қолданғанда үдеуі мүмкін.
Корвалмент нитраттар қабылдауға негізделген бас ауыруының айқындылығын азайтады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.