Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Раствор для инъекций
Дозировка
0.6 мг/мл
Торговое наименование
Коргликон
Действующее вещество
Сердечные гликозиды другие
Назначение
Жүректің жедел және созылмалы жеткіліксіздігінде (дигиталис препараттарының жақпаушылығында)
Производитель
"Фармацевтическая компания "Здоровье"
Страна
Украина
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - коргликон, 0,6 мг,
қосымша заттар: хлорбутанол гемигидраты, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сәл сарғыш түсті, әлсіз ерекше иісі бар мөлдір сұйықтық.
• жүректің жедел және созылмалы жеткіліксіздігінде (дигиталис препараттарының жақпаушылығында).
Фармакодинамикалық әсерлер
Коргликон жүрек гликозидтерінің тобына жатады және өзінің ерекше әсеріне қарай строфантинге жақын, бірақ ұзақ әсер етеді. Коргликон дәрілік затының әсер ету механизмі кардиомиоциттердің Nа+-К+-АТФ-аза блокадасымен, миофибриллалардың жиырылу процесін энергетикалық қамтамасыз етуге әсерімен байланысты. Препарат оң миотропты әсерге, теріс хроно - және дромотропты әсерге ие, жүрек ырғағын және ГИС шоғыры бойынша өткізгіштігін сәл баяулатады. Препарат гемодинамиканы жақсартады, симпатоадренал жүйесінің белсенділігін төмендетеді. Препарат орталық жүйке жүйесіне седативті әсер етеді.
Дозалау режимі
Коргликонды вена ішіне енгізу керек. Тәулігіне 1-2 рет 5-6 минут бойы баяу (препаратты тек 10-20 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтады) енгізу керек.
Ересектерге 0,5-1 мл бір реттік дозада, 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға – 0,2-0,5 мл; 6 жастан 12 жасқа дейін – 0,5-0,75 мл. Тәулігіне 2 рет енгізген кезде инъекциялар арасындағы аралық 8-12 сағатты құрайды.
Ересектер үшін вена ішіне ең жоғары дозалар: бір реттік – 1 мл, тәуліктік – 2 мл.
Енгізу әдісі мен жолы
Препаратты вена ішіне енгізу керек.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Қабылдау жиілігі папциенттің көрсетілімдері мен жай-күйіне қарай жекелей белгіленеді.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Егер сіз дозаны қабылдауды ұмытып кетсеңіз, келесі дозаларды дәрігеріңіз ұсынған емдеу режиміне сәйкес қабылдаңыз. Препаратты одан әрі қабылдауды дәрігердің ұсынымдарына сәйкес жалғастырыңыз. Қабылдауды ұмытып кеткенде орнын толтыру үшін препараттың екі еселенген дозасын қабылдауға болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер емдеу кезінде сұрақтар туындаса, дәрігердің кеңесіне жүгініңіз.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• диастолалық функцияның бұзылуымен жүрек жеткіліксіздігі
• жедел миокард инфарктісі
• әртүрлі дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада
• брадикардия
• экстрасистолия
• имплантацияланған ырғақ жүргізушісіз синус түйінінің әлсіздік синдромы
• тұрақсыз стенокардия
• каротидті синустың аса жоғары сезімталдық синдромы
• жедел миокардит
• эндокардит
• гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия
• констриктивті перикардит
• аорта кеуде бөлімінің аневризмі
• оқшауланған митральді стеноз
• WPW синдромы
• гиперкальциемия
• гипокалиемия,
• гликозидті интоксикация.
Жиілігі белгісіз:
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан
автоматизмге және өткізгіштікке әсер ету есебінен жүрек ырғағының бұзылуы, әсіресе жылдам енгізу кезінде (экстрасистолия, атриовентрикулярлық блокада, брадиаритмия, қарыншалық аритмия, AV-өткізгіштігінің баяулауы).
Ас қорыту жолы тарапынан:
жүрек айну, құсу, диарея, ауыздың құрғақуы, анорексия, жайсыздық және эпигастрийдің ауыруы.
Жүйке жүйесі мен сезім ағзалары тарапынан:
сананың шатасуы, аяқ-қолдың ауыруы және парестезия, апатия, әлсіздік, ұйқысыздық, бас айналу, бас ауруы, түстерді қабылдаудың бұзылуы, ұзақ уақыт қолданғанда – көру өрісінің тарылуы, көру өткірлігінің төмендеуі.
Тері тарапынан:
бөртпелер.
Иммундық жүйе тарапынан:
аллергиялық реакциялар, оның ішінде есекжем, қышыну, анафилаксиялық шок.
Басқа:
гипокалиемия, гинекомастия (ұзақ қолданғанда); енгізу орнындағы өзгерістер.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары:
жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан:аритмиялар, оның ішінде брадикардия, атриовентрикулярлық блокада, қарыншалық тахикардия немесе экстрасистолия, қарыншалық фибрилляция;
ас қорыту жолы тарапынан: анорексия, жүрек айну, құсу, диарея;
орталық жүйке жүйесі мен сезім ағзалары тарапынан: бас ауыруы, қатты қажу, бас айналуы, сирек – түстерді қабылдаудың бұзылуы, көру өткірлігінің төмендеуі, скотома, макро - және микропсия, өте сирек – сананың шатасуы, синкопальді жағдайлар.
Емі. Гликозидті интоксикацияның дамуы, аритмия пайда болған кезде калий препараттарын вена ішіне тамшылатып, инсулинсіз енгізген жөн (қан сарысуындағы калий концентрациясы 5 мEq/л болған кезде енгізуді тоқтату керек). AV өткізгіштігінің бұзылуы кезінде калий препараттарын қолдануға болмайды. Айқын брадикардия кезінде атропин сульфаты ерітіндісін тағайындау керек. Оксигенотерапия көрсетілген. Антидот ретінде унитиолды тағайындау керек (алғашқы 2 күнде науқастың дене салмағының 10 кг үшін тәулігіне 3-4 рет, содан кейін Коргликонның кардиоуыттылық әсерін тоқтатқанға дейін тәулігіне 1-2 рет 0,05 г препарат (1 мл 5% ерітінді) есебінен тері астына енгізу) керек . Симптоматикалық ем.
Асқынуларды болдымау үшін қатаң түрде дәрігердің нұсқауымен қолдану керек.
Арнайы ескертулер
Бүйрек функциясы бұзылған адамдарда, егде жастағы адамдарда, әлсіреген науқастарда, имплантацияланған электростимуляторы бар адамдарда дозаны мұқият таңдау қажет. Коргликонды қолданған кезде электролиттік теңгерімді бақылап отыру керек. Бүйректің бөліп шығару функциясы бұзылған жағдайда гликозидті интоксикацияның туындауын болдырмау үшін препарат дозасын азайту қажет. Гликозидті интоксикацияның даму ықтималдығы гипокалиемия, гипомагниемия, гиперкальциемия, жүрек қуыстарының айқын дилатациясы, өкпелік жүрек, алкалоз, егде жастағы адамдарда да артады.
Көктамыр ішіне жылдам енгізген кезде брадиаритмия, қарыншалық тахикардия, атриовентрикулярлық блокада және жүрек ұстамасы дамуы мүмкін. Бұл әсердің профилактикасы үшін тәуліктік дозаны 2-3 енгізуге бөлуге болады. Емдеу электрокардиограмманы тұрақты бақылаумен жүргізіледі. Жүрекшелер жыпылықтауына көшу мүмкіндігі салдарынан тиротоксикоз және жүрекшелік экстрасистолия кезінде препаратты тағайындағанда абай болу керек.
Педиатрияда қолдану
2 жастан асқан балаларға қолдану керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Коргликонды қолдану кезінде автокөлікті басқару немесе психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін басқа механизмдермен жұмыс істеу ұсынылмайды.
Препаратты жүктілік немесе бала емізу кезінде қолдануға болмайды.
Адреномиметикалық дәрілер. Эфедрин гидрохлоридін, адреналин гидрохлоридін немесе норадреналин гидротартратын, сондай-ақ жүрек гликозидтерімен селективті бета-адреномиметикалық дәрілерді бір мезгілде қолдану жүрек аритмиясының пайда болуына әкелуі мүмкін.
Кальций антагонистері (әсіресе верапамил), хинидин, эритромицин, тетрациклин, амиодарон шығаруды баяулатады және препараттың қан плазмасындағы концентрациясын арттырады. Бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда Коргликон дозасын 2 есе азайту керек.
Аминазин және басқа фенотиазин туындылары. Жүрек гликозидтерінің әсері төмендейді.
Холинестеразға қарсы препараттар. Жүрек гликозидтерімен холинестеразға қарсы препараттарды бір мезгілде қолданғанда брадикардия күшейеді. Қажет болса, оны атропин сульфатын енгізу арқылы жоюға немесе әлсіретуге болады.
Глюкокортикостероидтар. Глюкокортикостероидтармен ұзақ емдеу салдарынан гипокалиемия пайда болған кезде жүрек гликозидтерінің жағымсыз әсерлері ұлғаюы мүмкін.
Диурездік дәрілер. Диурездік дәрілерді жүрек гликозидтерімен бір мезгілде қолданғанда соңғылардың әсері күшейеді. Оларды бір мезгілде қолданғанда оңтайлы дозалауды ұстану керек.
Калий препараттары. Калий препараттары әсерінен жүрек гликозидтерінің жағымсыз әсерлері азаяды.
Кальций препараттары. Жүрек гликозидтерімен емдеу кезінде кальций препараттарын парентеральді қолдану қауіпті, өйткені кардиотоксикалық әсерлер күшейеді.
Инсулин. Инсулинмен бір мезгілде қолданғанда гликозидті уыттану қаупі артады.
Этилендиаминтетрасілті қышқылы динатрий тұзы (ЭДТА). Жүрек гликозидтерінің тиімділігі мен уыттылығының төмендеуі байқалады.
Кортикотропин препараттары. Кортикотропин әсерінен жүрек гликозидтерінің әсері күшеюі мүмкін.
Ксантин туындылары. Кофеин немесе теофиллин препараттары жүрек ырғағының бұзылу қаупін арттырады.
Натрий аденозинтрифосфаты. Натрий аденозинтрифосфатын жүрек гликозидтерімен бір мезгілде тағайындауға болмайды.
Эргокальциферол. Эргокальциферолдан туындаған гипервитаминоз кезінде гиперкальциемияның дамуына байланысты жүрек гликозидтерінің әсері күшеюі мүмкін.
Есірткі анальгетиктері. Фентанил мен жүрек гликозидтерінің біріктірілімі артериялық гипотензияның себебі болуы мүмкін.
Парацетамол. Бұл өзара әрекеттесудің клиникалық маңызы жеткіліксіз зерттелген, бірақ жүрек гликозидтерінің парацетамолдың әсерінен бүйрекпен бөлініп шығуының азаюы туралы мәліметтер бар.
Үйлесімсіздік. Бір ыдыста басқа дәрілік заттармен араластыруға болмайды.
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада, сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.