Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Раствор для инъекций
Дозировка
25 %
Торговое наименование
Кордиамин
Действующее вещество
Никетамид
Назначение
Коллапс және асфиксия (оның ішінде жаңа туған нәрестелердегі асфиксия)
Производитель
"Фармацевтическая компания "Здоровье"
Страна
Украина
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 мл ерітіндінің құрамында:
белсенді зат - 250 мг никетамид,
қосымша зат - инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар мөлдір, түссіз немесе сәл боялған ерітінді.
• коллапс және асфиксия (оның ішінде жаңа туған нәрестелердегі асфиксия)
• операциялық араласулар кезіндегі және операциядан кейінгі кезеңдегі шок жағдайлары
• қан айналымының жедел және созылмалы бұзылулары
• қан тамырлары тонусының төмендеуі, инфекциялық аурулар кезінде және сауығу кезеңінде тыныс алудың тежелуі
• ұйықтататын және анальгетикалық дәрілермен улану (кешенді ем құрамында)
Әсер ету механизмі
Әсер ету механизмі орталық және шеткері компоненттермен негізделген. Әсер етудің орталық компоненті сопақша мидың тамыр қозғалтқыш орталығына тікелей ықпалымен байланысты, бұл оның қозуына және жүйелі артериялық қысымның жоғарылауына (әсіресе осы орталықтың бастапқы тежелуі кезінде) түрткі болады. Әсер етудің шеткері компоненті каротидті синустың хеморецепторларының қозуымен байланысты, бұл тыныс алу қозғалысының жиілігі мен тереңдігінің артуына әкеледі.
Фармакодинамикалық әсерлері
Әрекеттің аралас түрінің аналептикалық заты.
Кордиамин тыныс алу және тамыр қозғалтқыш орталықтарының тікелей және рефлекторлық қозуын тудыра отырып, орталық жүйке жүйесін стимуляциялайды, бұл тамырлардың жалпы шеткері кедергісінің артуына және артериялық қысымның жоғарылауына әкеледі (бұл әсері төмен артериялық қысымда білінеді). Тамыр тарылтатын әсер және жүрекке тікелей стимуляциялаушы әсер етпейді.
Әсер ету ұзақтығы 15-60 минут.
Дозалау режимі
Бір реттік және тәуліктік дозалар, енгізу жиілігін пациенттің көрсеткіштері мен жасына қарай дәрігер жеке белгілейді. Вена ішіне енгізу үшін препараттың бір реттік дозасын 10 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде ерітеді және 1-3 минут бойы енгізеді.
Ересектер мен 14 жастан асқан балаларға тәулігіне 1-2 мл-ден 1-3 рет тағайындайды. Ересектер үшін жоғары дозалар тері астына: бір реттік – 2 мл, тәуліктік – 6 мл. Ұйықтататын және анальгетикалық заттармен уланған кезде ересектерге арналған препараттың жоғары бір реттік мөлшері тері астына және вена ішіне 5 мл құрайды.
14 жастан кіші балаларға препаратты жасына байланысты тәулігіне 1-3 рет тері астына тағайындайды: 1 жасқа дейін – 0,1 мл; 1-4 жас – 0,15-0,25 мл; 5-6 жас – 0,3 мл; 7-9 жас – 0,5 мл; 10-14 жас – 0,75 мл.
Енгізу әдісі және жолы
Препаратты тері астына, бұлшықет ішіне, вена ішіне енгізеді.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Енгізу жиілігін пациенттің көрсеткіштері мен жасына қарай дәрігер жеке белгілейді.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қолданардың алдында дәрігерден кеңес алу керек.
• никетамидке аса жоғары сезімталдық
• құрысуға бейімділік, эпилепсия, эпилепсиялық ұстамалар (анамнезінде)
• балалардың гипертермиясы
• порфирия
• жүктілік және лактации кезеңі
Орталық жүйке жүйесі тарапынан: мазасыздық, қатты ашушаңдық, үрейлену.
Ас қорыту жүйесі тарапынан: жүрек айнуы, құсу.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: тахикардия, аритмия, артериялық гипертензия.
Тірек-қимыл аппараты тарапынан: бұлшықеттің тартылуы (ауыздың дөңгелек бұлшықетінен басталатын), тремор, бұлшықеттің сіресуі.
Дерматологиялық реакциялар: беттің домбығуы немесе қызаруы, тері жабындарының қышуы және/немесе терінің қабыршақтануы.
Басқалар: гипертермия, қатты терлеу.
Аллергиялық реакциялар: есекжем, ангионевроздық ісіну, жайылған папулезді бөртпелер.
Жергілікті реакциялар: енгізген жердегі инфильтрация, ауырсыну, гиперемия, қышыну, теріні күйдіруін сезіну.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК.
http://www.ndda.kz
Симптомдары: препараттың жағымсыз әсерінің күшеюі; үлкен дозаларда препарат жайылған тонусты-клонусты құрысулар, сананың және тыныс алудың бұзылуының дамуы, құрысу кезінде апноэ тудыруы мүмкін; өліммен аяқталу жоққа шығарылмайды.
Емі: құрысуға қарсы дәрілерді қолдану, күшейтілген диурез; қажет болған жағдайда – жасанды тыныс алу.
Препаратты тек дәрігердің бақылауымен стационарлық жағдайда қолданады.
Вена ішіне енгізу кезінде қысқа мерзімді әсер етеді.
Кордиаминнің тері астылық және бұлшықетішілік инъекциялары ауыр болғандықтан, инъекция орнына ауырсынуды бәсеңдету үшін алдын ала новокаин енгізуге болады (ересектерге – 1 мл 0,5% ерітінді, балаларға – жас ерекшелігіне байланысты дозаға сәйкес). Новокаинді енгізер алдында сынама жүргізу қажет. Новокаинді қолдану кезінде новокаин қауіпсіздігі туралы ақпаратты ескерген жөн.
Арнайы ескертулер
Препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емделу кезінде автокөлікті басқарудан және жоғары зейінділікті және психомоторлық реакциялардың жоғары жылдамдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерін орындаудан аулақ болу керек.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Никетамидтің аналептикалық әсері парааминосалицил қышқылы (ПАСҚ), салюзид, фенотиазин туындылары (аминазин және т.б.) әсерінен азаяды. Аминазин мен резерпин никетамидтің құрысу әсерін күшейтуі мүмкін. Никетамидтің нығыздау әсері моноаминооксидаза тежегіштерінің әсерімен жоғарылайды. Никетамид фтивазидті көтере алмаушылығының дамуына ықпал етеді. Психостимуляторлардың, антидепрессанттардың әсерін күшейтеді. Есірткі анальгетиктерінің, ұйықтататын, антипсихоздық, тырысуға қарсы дәрілердің, анксиолитиктердің әсерін төмендетеді. Терең наркоздың аясында никетамид әрекет етпейді.
Сақтау мерзімі
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.