Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Гель для наружного применения
Дозировка
10 % / 0.04 % / 1 %
Торговое наименование
КОНТУБЕЛ®
Действующее вещество
Ранозаживляющие препараты, другие
Назначение
Гипертрофиялық және келлоидтық тыртықтар, операциядан кейінгі тыртықтар, ампутациядан кейінгі тыртықтар
Производитель
Нобел Илач Санаи ве Тиджарет А.Ш.
Страна
Турция
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 г гельдің құрамында
белсенді заттар: 100.0 мг пияздың сұйық экстрактісі, 0.40 мг натрий гепарині, 10.00 мг аллантоин.
қосымша заттар: сорбин қышқылы, метилпарагироксибензоат (метилпарабен), ксантан шайыры 75, полиэтиленгликоль 200, киви хош иістендіргіші 55, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақтан сарғыш түске дейінгі жартылай мөлдір гель.
Теріде әртүрлі себептерге байланысты пайда болған тыртық тіндерді емдегенде қолданылады:
• Гипертрофиялық және келлоидтық тыртықтар
• Операциядан кейінгі тыртықтар
• Ампутациядан кейінгі тыртықтар
• Күюден кейінгі және жарақаттанудан кейінгі қозғалысты шектейтін тыртықтар, сондай-ақ жағымсыз сезінуді туындататын тыртықтар
• Дюпюитрен контрактурасы,
• Сіңірлердің жарақаттық контрактурасы,
• Сызаттар, (атрофиялық) тыртықтар
КОНТУБЕЛ® жараның эпителизациясынан кейін тыртықтарды емдеу үшін пайдаланылады.
КОНТУБЕЛ пролиферацияға қарсы, эпителизациялайтын, қабынуға қарсы, босаңсытатын және тыртық тінге тыныштандырғыш әсер береді.
Пияздың экстрактісі қабынуға қарсы әсер етіп, қабыну медиаторларының босап шығуын тежейді және аллергияға қарсы әсер береді.
Ол шығу тегі әртүрлі фибробласттардың, әсіресе келоидты фибробласттардың өсуіне жол бермейді.
Тежегіш митогендік әсерінен басқа, ол жасушадан тыс матрикс компоненттерінің (мысалы, протеогликандардың) фибробласттардан түзілуін төмендетеді.
Пияздың экстрактісінің да бактерицидтік әсері бар. Бұл қасиеттері жараның жазылуына мүмкіндік береді және физиологиялық емес тыртықтардың түзілуіне кедергі жасайды.
Гепариннің қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, пролиферацияға қарсы әсері бар және тіндердің гидратациясын арттырады. Ол сондай-ақ коллагендік құрылымның босап шығуына ықпалын тигізеді (коллагеннің өндірілуін тежейді).
Тыртықтарды емдеу үшін гепариннің қабынуға қарсы әсері және оның дәнекер тіндердің компоненттеріне әсер етуі, тромбозға қарсы белгілі әсеріне қарағанда, көбірек маңызды.
Аллантоин жаралардың жазылуына жағдай жасайды, эпителизациялайтын әсер береді және тіндердің сумен байланысу қабілетін арттырады.
Бұдан басқа, оның кератолитикалық әсері бар және теріге енуіне мүмкіндік береді, бұл КОНТУБЕЛ гелінің басқа да белсенді ингредиенттерінің тиімділігін арттырады.
Бұдан басқа, аллантоин тыныштандырғыш әсер етіп, көбіне тыртықтардың жазылуымен байланысты қышынуды қайтарады.
Белсенді ингредиенттердің осы біріктірілімінің синергиялық әсері фибробласттар пролиферациясы тежелуінің, атап айтқанда, коллагеннің артық өндірілуінің патологиялық тұрғыдан күшеюінде болып табылады.
Дозалау режимі
КОНТУБЕЛ® гелін теріге және тыртық тінге күніне бірнеше рет жұқа қабат етіп жағады және толық сіңгенше ақырын ысқылайды. Бұрыннан бар тыртықтарда және келлоидтарда гельді түнде таңғыштың астында қалдырады.
Тыртықтардың қалыңдығына немесе контрактураның дәрежесіне байланысты емдеу бірнеше аптадан бірнеше айға дейін уақыт алады. Жаңа (жаңа пайда болған) тыртықтарды емдегенде қатты суық, ультракүлгін сәулелену (күннің әсері) немесе қарқынды массаж сияқты физикалық тітіркендіргіштерге жол бермеу керек.
Балалар
Зерттеулерге сәйкес, 1 жастан асқан балаларға тыртыққа гельді күніне бір немесе екі рет жағуға болады.
Осы препараттың қауіпсіздігі және тиімділігі жөніндегі деректер 1 жасқа дейінгі балаларда анықталған жоқ. Деректер жоқ.
Енгізу әдісі және жолы
Сыртқа қолдануға арналған.
Белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
Жиі
• терінің қышуы, эритема, телеангиэктазия, тыртық атрофиясы
Жиі емес
• терінің гиперпигментациясы, тері атрофиясы
Белгісіз
- есекжем (уртикарлы бөртпе), бөртпе, қышыну, қызару, терінің тітіркенуі, күлдіреуіктер, терінің қабынуы, теріде ашып ауырудың сезілуі, терінің тартылу сезімі, жанаспалы дерматит
- ісіну, жағылған жердің ауыруы, жағылған жердің қабыршақтануы
- аса жоғары сезімталдық (аллергиялық реакция)
- іріңді бөртпе
- парестезия
КОНТУБЕЛ®, әдеттегідей, тіпті ұзақ қолданылғанның өзінде өте жақсы төзімді болады.
КОНТУБЕЛ® препаратымен емдеу кезіндегі сирек байқалатын қышыну тыртық тіндердің қажетті түрленуімен байланысты және әдетте емдеуді тоқтатуды қажет етпейді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
КОНТУБЕЛ® құрамында метилпарабен бар, ол аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін (мүмкін, баяу).
КОНТУБЕЛ® құрамында сорбин қышқылы бар, ол жергілікті тері реакцияларын, мысалы, жанаспалы дерматитті туындатуы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Аллергиялық реакциялар көрініс берген жағдайда емдеуді тоқтату керек. Препаратты нұсқаулыққа сәйкес қолданғанда арнайы сақтық шараларын қажет етпейді.
Педиатрияда қолданылуы
Осы препараттың қауіпсіздігі және тиімділігі жөніндегі деректер 1 жасқа дейінгі балаларда анықталған жоқ. Деректер жоқ.
Жүктілік және емшек емізу кезіндегі қауіптер әзірше белгісіз.
Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне препараттың ықпал ету ерекшеліктері
Ықпалын тигізбейді
Өзара әрекеттесуі туралы бүгінгі күнге дейін ешқандай деректер түскен жоқ.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.