Иммундық жүйе тарапынан: белгісіз - аса жоғары сезімталдық реакциясы (соның ішінде тері бөртпесі, тыныс алудың қиындауы, анафилаксиялық шок, Квинке ісінуі).
Жүйке жүйесі тарапынан: өте сирек - бас айналу, бас ауыруы, қозу, сананың шатасуы.
Жүрек тарапынан: өте сирек - тахикардия; жекелеген жағдайларда брадикардия, аритмия; белгісіз - жүрек аумағындағы ауырсыну, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, пальпитация.
Тамырлар тарапынан: белгісіз - шеткері тамырлардың тромбозы, ысынулар, гипотензия, бет терісінің қызаруы және дененің жоғарғы жартысында шаншуды және күйдіріп-ашытуды сезіну.
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірекорта тарапынан: белгісіз - өкпенің ісінуі, ентігу.
Қатерсіз, қатерлі және анықталмаған жаңа түзілімдер (кисталар мен полиптерді қоса): белгісіз - шынайы полицитемия.
Асқазан-ішек жолы тарапынан: өте сирек - диарея (жеңіл түрі, өтпелі), жүрек айнуы, эпигастрий аумағындағы жайсыздық.
Тері және теріасты тіндері тарапынан: өте сирек - қышыну, бөртпе (өтпелі), аллергиялық дерматит, есекжем, гипергидроз.
Сүйек-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан: өте сирек - құрысулар.
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан: белгісіз - полиурия.
Жалпы бұзылыстар мен енгізу орнындағы бұзылулар: белгісіз - астения, әлсіздік, гипертермия, қалтырау, енгізу орнындағы реакциялар, соның ішінде енгізу орнындағы ауырсыну және енгізу орнындағы некроз.
Еріткіш (0.5% лидокаин гидрохлориді ерітіндісі) үшін қосымша
Төменде келтірілген мәліметтер лидокаинді қолдану кезінде байқалған жағымсыз реакцияларды сипаттайды. Лидокаинді және Кокарнит дәрілік препаратының басқа белсенді компоненттерін біріктіріп қолдану туралы спецификалық деректер жоқ.
Лидокаинге жағымсыз реакциялар, әдетте, оның қан плазмасындағы концентрациясы жоғарылауының нәтижесі болып табылады, кездейсоқ тамыр ішіне енгізу, дозадан асып кету немесе қанмен ауқымды қамтамасыз етілген жерлерден тез сіңу немесе аса жоғары сезімталдық, идиосинкразия немесе пациенттің препаратқа көтерімділігінің төмендеуі.
Жүйке жүйесі тарапынан: қозғалыс мазасыздығы, эйфория, ұйқышылдық, ұйқының бұзылуы, тремор, тризм, құрысулар (гиперкапния мен ацидоз кезінде олардың даму қаупі артады), қозғалтқыш блогы, сезімталдықтың бұзылуы, мазасыздық, сананың шатасуы, кома.
Көру мүшесі тарапынан: нистагм, диплопия, көз қарығу, қайтымды соқырлық, конъюнктивит, көз алдының бұлыңғырлануы.
Есту мүшесі тарапынан және лабиринттік бұзылулар: естудің бұзылуы, құлақтағы шуыл, гиперакузия.
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы ағзалары және көкірекорта тарапынан: ринит, тыныс алу бұлшықеттерінің салдануы, респираторлық салдану.
Асқазан-ішек жолы тарапынан: құсу, эпигастрийдегі жағымсыз сезімдер.
Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы бұзылулар: әлсіздік, қатерлі гипертермия, қызуды, суықты сезіну немесе аяқ-қолдың ұйып қалуын сезіну.
Ұзақ және бақыланбайтын қабылдау кезінде – гиперкалиемия, гипермагниемия.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz