Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Раствор для инъекций
Дозировка
50 мг/2 мл
Торговое наименование
Кокарбоксилаза гидрохлориді
Действующее вещество
Витамин B1
Назначение
Көмірсу алмасуы бұзылған патологиялық үдерістер, қант диабетінен туындаған асқынулар
Производитель
«ФЗ «СТАДА»
Страна
Украина
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 ампула (2 мл) ішінде:
белсенді зат - 50 мг кокарбоксилаза гидрохлориді;
қосымша заттар: натрий цитраты, динатрий эдетаты, малеин қышқылы, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе түссіз дерлік ерітінді.
Кешенді емдеу құрамында:
- көмірсу алмасуы бұзылған патологиялық үдерістер;
- қант диабетінен туындаған асқынулар;
- ырғақ бұзылуымен қатар жүретін жүрек аурулары (экстрасистолия);
- шеткері невриттер.
Кокарбоксилаза алмасу үдерістерін реттейтін ферменттің ақуыздық емес бөлігінің (коферменті) құрамдасы болып табылады. Организмде тиаминнен, оның фосфорлануы салдарынан түзіледі. Әсіресе көмірсу алмасуында, атап айтқанда кетоқышқылдардың тотығу декарбоксилденуінде (пирожүзімді, α-кетоглютарлы), сондай-ақ глюкозаның пентозофосфатты ыдырау жолында маңызды рөл атқарады. Организмде сүт және пирожүзім қышқылының деңгейін төмендетеді, глюкозаның сіңірілуін, жүйке тіндерінің трофикасын жақсартады, жүрек-қантамыр жүйесі функциясының қалпына келуіне ықпал етеді.
В1 гиповитаминозы және авитаминозын емдеу үшін кокарбоксилазаны қолданбаған жөн, өйткені оның биологиялық қасиеті тиаминнің қасиетімен толық сәйкес келмейді.
Дозалау режимі
Әдетте кешенді ем компоненті ретінде қолданады.
Дәрілік затты бұлшықет ішіне, сирек – тері астына немесе вена ішіне енгізеді. Вена ішіне сорғалатып енгізген кезде натрий хлоридінің 0,9 % ерітіндісін немесе глюкозаның 5 % ерітіндісін қосып көлемін 10 – 20 мл дейін, тамшылатып енгізген кезде – 200-400 мл дейін жеткізеді. Енгізуге арналған дозаны пациенттің жай-күйінің ауырлығын және ауру сипатын ескере отырып, жекелей анықтайды. Ересектерге тәулігіне бір рет 50-100 мг енгізеді. Емдеу курсы – 15–30 күн. Қажет болған кезде көрсетілген доза 1–2 сағаттан соң қайта енгізілуі мүмкін. Әрі қарай демеуші емге – тәулігіне 1 рет 50 мг өту керек.
Балаларға тері астына немесе бұлшықет ішіне енгізеді: туылғаннан бастап үш айлық кезеңіне дейін – тәулігіне 1 рет 25 мг; 4 айдан 7 жасқа дейін – тәулігіне 1 рет 25–50 мг, 8–18 жаста – тәулігіне 1 рет 50–100 мг. Қажет болғанда көрсетілген тәуліктік дозаны екі рет енгізуге болады.
Енгізу әдісі мен жолы
Бұлшықет ішіне, тері астына, вена ішіне
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Ересектерге тәулігіне бір рет 50-100 мг енгізеді. Қажет болған кезде көрсетілген доза 1–2 сағаттан соң қайта енгізілуі мүмкін. Әрі қарай демеуші емге көшу керек – тәулігіне 1 рет.
Балаларға тері астына немесе бұлшықет ішіне енгізу керек: туылғаннан бастап үшінші айға дейін – тәулігіне 1 рет; 4 айдан 7 жасқа дейін – тәулігіне 1 рет, 8–18 жас – тәулігіне 1 рет.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы – 15–30 күн.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Енгізу режимін сақтау ұсынылады. Кезекті қабылдауды өткізіп алған жағдайда дозаны ұлғайтуға болмайды. Препаратты әдеттегі дозада мүмкіндігінше тезірек енгізу қажет.
Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
Жағымсыз құбылыстар жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Иммундық жүйе тарапынан:
Сирек: аса жоғары сезімталдық реакциялары, мыналарды қоса: қышыну, есекжем, ангионевроздық ісіну, тұншығу, қабақтың ісінуі, тері гиперемиясы, акроцианоз, анафилаксиялық шок
Жергілікті реакциялар:
Сирек: енгізген жердегі реакциялар, гиперемия, қышыну, инъекция орнының ісінуін қоса
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан:
Өте сирек: артериялық гипертензия, артериялық гипотензия
Жалпы бұзылулар:
Жиілігі белгісіз: әлсіздік, қалтырау, гипертермия, сананың бұзылуы, мәңгіру, белдің ауыруы.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары
Анағұрлым айқын түрдегі жағымсыз реакциялар түрінде байқалады.
Емі
Препаратты қолдануды тоқтату, тыныс алуды және жүрек-қантамыр жүйесі қызметін қалпына келтіруге бағытталған симптоматикалық ем ұсынылады.
Кешенді ем жүргізген кезде кокарбоксилазаның жүрек гликозидтері кардиотонустық әсерін күшейтетін қасиетін ескеру қажет. Осы препараттың құрамында 1 ммольден аз (23 мг) натрий дозасы бар, яғни іс жүзінде натрий жоқ.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Туылғаннан бастап қолдану . Препаратты вена ішіне қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Кейбір пациенттерде препарат әлсіздікке, сананың бұзылуына, мәңгіруге әкелуі мүмкін болғандықтан, оны көлік жүргізу немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу кезінде қолдану ұсынылмайды.
Жүкті әйелдерді емдеу үшін немесе бала емізу кезеңінде “Кокарбоксилаза гидрохлоридін” қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, сондықтан бұл кезеңде препаратты тағайындау ұсынылмайды.
Кокарбоксилаза жүрек гликозидтерінің кардиотонустық әсерін күшейтеді және олардың жағымдылығын жақсартады.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтың әсерінен қорғау үшін түпнұсқалық қаптамасында 2 °С-ден 8 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.