Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки
Торговое наименование
Коделак® Бронхо
Действующее вещество
Комбинация отхаркивающих препаратов
Назначение
Қақырық шығуының қиындауымен тыныс алу жолдарының ауруларында: жедел және созылмалы бронхит, пневмония, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы (ӨСОА), бронхоэктаз ауруы
Производитель
Фармстандарт-Лексредства
Страна
Россия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар - амброксол гидрохлориді, амброксолға баламалы
20.0 мг,
- глицирризин қышқылы тринатрий тұзы (натрий глицирризинаты), 30.0 мг,
- тентекмия құрғақ экстрактісі, 10.0 мг,
- натрий гидрокарбонаты, 200.0 мг,
қосымша заттар - картоп крахмалы, микрокристалды целлюлоза, повидон (поливинилпирролидон, повидон К25), тальк, стеарин қышқылы, натрий карбоксиметилкрахмалы (натрий крахмалы гликоляты) - 11.0 мг.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жалпақ цилиндр пішінді, ойығы және сызығы бар, күңгірт және ашық теңбілдерімен ақшылдан сары-сұр түсті дөңгелек таблеткалар.
Қақырық шығуының қиындауымен тыныс алу жолдарының ауруларында:
- жедел және созылмалы бронхит
- пневмония
- өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы (ӨСОА)
- бронхоэктаз ауруы
ATХ коды: R05CA10
Фармакодинамикасы
Жөтелді емдеуге арналған біріктірілген препарат, муколитикалық және қақырық түсіретін әсер береді, сондай-ақ қабынуға қарсы белсенділікке ие. Коделак® Бронхо әсері оның компоненттерінің фармакологиялық қасиеттеріне негізделген:
Амброксолдың секретомоторлы, секретолитикалық және қақырық түсіретін әсерлері бар, қақырықтың сероздық және шырышты компоненттерінің бұзылуын қалпына келтіреді, альвеолаларда сурфактант секрециясын арттырады. Қақырықтың тұтқырлығын азайтады және оның бөлініп шығуына мүмкіндік береді.
Орташа алғанда, ішу арқылы қабылдау кезінде амброксолдың әсері 30 минуттан соң басталады, әсер ету ұзақтығы – қабылданған дозаға байланысты 6-12 сағат болады.
Глициррат (глицирризин қышқылы және оның тұздары) қабынуға қарсы және вирусқа қарсы әсерлері бар. Антиоксиданттық және жарғақша тұрақтандырғыш белсенділігінің арқасында цитопротекторлы әсер береді. Эндогендік глюкокортикостероидтардың әсерін күшейтіп, қабынуға және аллергияға қарсы әсер етеді. Қабынуға қарсы айқын белсенділігімен тыныс алу жолдарында қабыну үдерісінің азаюына әсер етеді.
Тентекмия экстрактісі асқазанның шырышты қабығы рецепторларын орташа тітіркендіре отырып, қақырық шығаруға әсер етеді, бронх бездерінің сөлінісін рефлекторлы түрде жоғарылатады.
Натрий гидрокарбонаты бронх шырышы ортасының (рН) көрсеткішін сілтілік жаққа қарай жылжытады, қақырықтың тұтқырлығын төмендетеді, жыпылықтағыш эпителий мен бронхиолалардың моторлық функциясын көтермелейді.
Дозалау режимі
Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет. Дәрігердің тағайындауынсыз 4-5 күннен артық қолдануға болмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға, тамақтану кезінде.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Препаратты әрқашан қосымша параққа немесе емдеуші дәрігердің немесе дәріхана қызметкерінің ұсыныстарына сәйкес қабылдаңыз. Күмән болған жағдайда емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.
- белсенді затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және лактация кезеңі
- 12 жасқа дейінгі балаларға
Жағымсыз реакциялардың жиілігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жіктелуіне сәйкес анықталды: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100, бірақ < 1/10); сирек (≥ 1/1000, бірақ < 1/100); сирек (≥ 1/10000, бірақ < 1/1000); өте сирек (<1/10000); жиілік белгісіз (қолда бар мәліметтер негізінде бағалау мүмкін емес).
Иммундық жүйе тарапынан бұзылыстар: сирек – аса жоғары сезімталдық реакциясы;
жиілігі белгісіз - шоктың дамуына дейін анафилаксиялық реакциялар,
ангионевроздық ісіну, терінің қышуы.
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылыстар: сирек − әлсіздік, бас ауыруы.
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары
тарапынан бұзылулар: сирек - ауыздың және тыныс алу жолдарының құрғауы, ринорея.
Асқазан-ішек жолдарының бұзылуы: жиі – жүрек айнуы; сирек - құсу, диарея, диспепсия, іштің ауыруы; сирек – іш қату.
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар: сирек - экзантема, тері бөртпесі, есекжем; жиілігі белгісіз – аллергиялық реакциялар (ангионевроздық ісіну), терінің ауыр жағымсыз реакциялары, соның ішінде көп формалы экссудативті эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальды некролиз (Лайелл синдромы), жедел жалпыланған экзантематозды пустулез.
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар: сирек – дизурия.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: жүрек айну, құсу, диарея, диспепсия, іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсыну.
Емі: симптоматикалық, асқазанды шаю препаратты қабылдағаннан кейінгі алғашқы 1-2 сағатта орынды болмақ.
Сақтықпен:
(препарат пациенттердің бұл тобында дәрігердің кеңесінен кейін қабылдануы мүмкін):
- бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі
- асқазан және 12 елі ішектің ойық жара ауруы
- бронх демікпесі
Арнайы сақтандырулар
Жөтелге қарсы дәрілермен біріктіруге болмайды.
Тері бөртпесі туындаған жағдайда препарат қолдануды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.
Бронх моторикасы бұзылған және қақырығы көп пациенттерде (мысалы, сирек кездесетін бастапқы цилиарлы дискинезия синдромында)) препаратты сақтықпен қолдану керек, себебі ол қақырықтың жиналуына әкелуі мүмкін).
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың автомобиль басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне теріс ықпал етуі туралы деректер жоқ. Тиісті зерттеулер жүргізілген жоқ.
Қосымша заттар
Препараттың құрамында бір дозаға 1 ммоль аздау натрий (23 мг) бар, яғни іс жүзінде құрамында натрий жоқ.
Препаратты жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Амброксол плацентарлық бөгет арқылы өтеді. Эксперименттік зерттеулерде амброксолдың жүктілік ағымына, эмбрион және шарана дамуына, босануға, постнатальді дамуға жағымсыз әсері айқындалмаған. Препараттың басқа компоненттерінің жүктілік ағымы және шарана мен жаңа туған нәрестенің жай-күйіне әсері зерттелмеген.
Амброксол емшек сүтіне енуі мүмкін. Амброксолдың және басқа препарат компоненттерінің жаңа туған нәрестенің жай-күйіне әсері зерттелмеген, препаратты лактация кезеңінде қолдануға болмайды.
Препараттың фертильділікке әсері туралы деректер жоқ.
Жөтелге қарсы дәрілік заттармен бірге қолдану жөтелдің азаюы аясында қақырықтың шығуын қиындатады.
Препарат бронх сөліне антибиотиктердің енуін ұлғайтады.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.