Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Бальзам
Дозировка
120 мл
Торговое наименование
КМ-Тіс®
Действующее вещество
Препараты для местного лечения заболеваний полости рта другие
Назначение
Ауыз қуысының шырышты қабығының зақымдануларында (стоматит, гингивит, пародонтоз)
Производитель
ПК «Фирма «КЫЗЫЛМАЙ»
Страна
Казахстан
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
100 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: емен қабығы 3,32
мия тамыры 2,0
бадан тамырсабақтары 0,664
шайқурай шөбі 0,664
қырмызыгүл гүлдері 0,332.
қосымша заттар: эфир майлары - жалбыздың және эвкалипттің,
глицерин, этанол, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән иісі, тәттілеу - күйдіргіш дәмі бар, қоңыр түсті сұйықтық.
Кешенді ем құрамында:
• ауыз қуысының шырышты қабығының зақымдануларында (стоматит, гингивит, пародонтоз)
• қызыл иекті бекіту үшін
• ауыздың жағымсыз иісін жою үшін
Стоматологиялық препараттар.
Ауыз қуысы ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа препараттар
АТХ коды А01АD
Әсер ету механизмі
Фармакодинамикалық әсерлері
Бальзам құрамына кіретін дәрілік өсімдіктердің биологиялық белсенді заттарының арқасында препарат қабынуға қарсы, антисептикалық, қан тоқтататын әсер көрсетеді, шырышты қабықтың регенерация үрдістерін күшейтеді.
Емен қабығының құрамында шайыр, қант, қышқылдар мен пектин бар; қабынуға қарсы, тұтқыр және жараны жазатын қасиеттері бар.
Мия тамырлары құрамында флавоноидтар, аскорбин қышқылы, стероидтар, шайырлар, эфир майы бар; жараны жазатын, қабынуға қарсы әсері бар.
Бадан тамырсабақтарының құрамында иіткіш заттар, флавоноидтар, көп марганец, темір, мыс, кейбір дәрумендер мен фитонцидтер бар; күшті фитонцидті белсенділікке ие.
Шайқурай шөбінің құрамында флавонды қосылыстар, аскорбин және никотин қышқылдары, сапониндер, гиперицин, фитонцидтер, эфир майы, иіткіш заттар бар; бактерияға қарсы, антисептикалық, ауыруды басатын, жараны жазатын, тұтқыр, сондай-ақ регенерациялайтын әсерге ие.
Қырмызыгүл гүлдерінің құрамында каротиноидтар, флавоноидтар мен дәрумендер, сапониндер, ащылар, шырыштар, шайырлар, фитонцидтер, иіткіш заттар бар; қабынуға қарсы, жараны жазатын, бактерицидті қасиеттерге ие.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
КМ - Тіс дәрілік препараты бұл эфир майлары, сондай-ақ өсімдік тектес глицерин мен алкоголь қосылған дәрілік өсімдік шикізатынан алынған (емен қабығы, мия тамыры, бадан тамырсабақтары, шайқурай шөбі, қырмызыгүл гүлдері) сулы экстракті болып табылады.
Дозалау режимі
Сыртқа аппликация және шаю түрінде қолданылады.
Шаюға: 5-6 күн бойы күніне 3-4 рет 1 стақан суға 15 мл-ден.
Аппликациялар: малынған тампонды қызыл иекке күніне 2-3 рет 15-20 минуттан 5-6 күн бойы.
Қолдану алдында шайқау керек.
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
өте сирек (< 1/10000)
- препараттың құрамдас компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін
Анықталмады
Қатысты емес
Арнайы ескертулер
Қатысты емес
Педиатрияда қолдану
Препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарының жүргізушілері препараттың құрамында спирт бар екенін ескеруі тиіс.
Препаратты жүкті әйелдерде және емізетін аналарда ауыз қуысын шаю ретінде қолдануға болады.
Анықталмаған
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
18°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.