Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді заттар: қырмызыгүл экстрактісі 0.01 г,
Қызыл май полифитті майы 0.60 г,
қосымша заттар: сары балауыз, какао майы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақшыл сары түстен ақшыл сары - қоңыр түске дейінгі суппозиторийлер. Тоңазытқышта сақтау кезінде бөлме температурасында жоғалатын балауыздың кристалдануына байланысты дақтардың пайда болуы мүмкін.
Кешенді емнің құрамында:
- кольпит, эндоцервицит, жатыр мойнының эрозиясы, қынап микрофлорасының бұзылуы
- цистит, уретрит, простатит
- проктит, парапроктит, ректосигмоидит, геморрой, қышумен және шырыштың бөлінуімен қатар жүретін тік ішектің жарылуы мен жаралары
Гинекологиялық инфекцияға қарсы және антисептикалық препараттар. Инфекцияға қарсы және антисептикалық препараттар, кортикостероидтармен біріктірілімдерді қоспағанда. Басқа антисептиктер және микробқа қарсы препараттар.
АТХ коды G01AХ
Әсер ету механизмі
Фармакодинамикалық әсерлері
КМ – Калефит суппозиторийлерінің антисептикалық, жараларды емдейтін, қабынуға қарсы әсері бар. Ауырсынуды және шырыштың тітіркенуін басады, қышуға қарсы және жұмсақ жұмсартатын әсерге ие.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Препараттың фармакологиялық белсенділігі қырмызыгүл экстрактісіндегі каротиноидтардың, флавоноидтардың және қабынуға қарсы, жараны емдейтін, бактерицидтік, қышуға қарсы, түйілуді басатын қасиеттері бар басқа биологиялық белсенді заттардың құрамына байланысты. Қызыл май полифитті майы қабынуға қарсы, қалпына келтіретін, сергітетін, түйілуді басатын, антиоксидантты, уытқа қарсы, жараны емдейтін қасиеттерге ие, жұмсартатын әсер береді.
Балалар
Препаратты педиатрияда қолдану туралы деректер жоқ
Дозалау режимі
10-15 күн ішінде күніне 1-2 рет 1 суппозиторийден ректальді (немесе қынап ішіне) енгізіледі.
- препараттың компоненттеріне жоғары жеке сезімталдық
сирек
- препарат компоненттерінің құрамдастарына аллергиялық реакциялар
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Анықталмаған
Арнайы сақтандырулар
Қатысты емес
Педиатрияда қолдану
Қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша деректердің болмауына байланысты балаларға дәрілік затты қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Препаратты жүкті және бала емізетін аналарда емдік дозаларда қолдануға болады.
Анықталмаған
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
10 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.