Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Сироп
Торговое наименование
КМ – Иммунофит
Действующее вещество
Другие лекарственные препараты
Назначение
Емдік-профилактикалық дәрі ретінде мына кезде: жиі суық тию және вирустық ауруларда, организмнің қарсы тұруы төмендегенде
Производитель
ПК «Фирма «КЫЗЫЛМАЙ»
Страна
Казахстан
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
100 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: күрең қызыл эхинацея шөбі 4.0 г
қырмызыгүл гүлдері 0.5 г
мия тамыры 0.3 г
қосымша заттар: аскорбин қышқылы табиғи бал бұрыш жалбыз майы эвкалипт майы қант немесе сорбит тазартылған су-100 мл-ге дейін.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Тәтті дәмі, өзіне тән иісі бар, қою, мөлдір емес, күңгірт-қоңыр түсті сұйықтық.
Емдік-профилактикалық дәрі ретінде мына кезде:
- жиі суық тию және вирустық ауруларда
- организмнің қарсы тұруы төмендегенде
Әсер ету механизмі
КМ –Иммунофит шәрбаты - ішке қабылдауға арналған препарат. Препараттың белсенділігі оның компоненттерін құрайтын шөп дәрілерге тән биологиялық белсенді заттардың өзара күшейтетін әсерінен болады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Шәрбаттың дәрілік өсімдіктерінің құрамына кіретін биологиялық белсенді заттардың арқасында препарат иммуностимуляциялаушы, қабынуға қарсы, қақырық түсіретін әсерге ие.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
КМ-Иммунофит шәрбат препаратының құрамына ресми және халықтық медицинада кеңінен қолданылатын дәрілік өсімдіктер кіреді. Барлық дәрілік шөптер фармакопеялық болып табылады және Қазақстан Республикасында өседі.
Эхинацея шөбінің құрамында эфир майы, шайырлар, фитостериндер, органикалық қышқылдар, эхинацин, эхинолон, эхиназид, микроэлементтер - селен, мырыш бар. Организмнің қорғаныш күштерін арттырады, алмасу үдерістерін жақсартады.
Қырмызыгүл гүлдерінің құрамындағы каротиноидтар: каротин, рубиксантин, ликопин, виолоксантин, флавоксантин бар. Сондай-ақ сапониндер, иіткіш заттар, тритерпендер, флавоноидтар болады. Қабынуға қарсы, жараны жазатын, бактерицидті, өт айдайтын, түйілуді басатын қасиеттерге ие.
Мия тамырының құрамында көмірсулар, оның ішінде моно- және полисахаридтер (глюкоза, фруктоза, мальтоза, крахмал, целлюлоза), органикалық қышқылдар, эфир майлары, тритерпеноид глицирризин қышқылы бар. Түйілуді басатын, қабынуға қарсы, жараны жазатын, қақырық түсіретін әсер береді.
Балалар
4.2 және 4.3. тармақты қараңыз.
Дозалау режимі
Ересектер 10 мл-ден күніне 1-3 рет, балаларға 3 жастан бастап 5 мл-ден күніне 1-3 рет.
Пайдалану алдында шайқау керек.
Енгізу жолы және тәсілі
Ішуге арналған
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 10 күн.
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
- 3 жасқа дейінгі балалар
сирек
- препараттың компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Қатысты емес
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі Өзара әрекеттесуге зерттеулер жүргізілген жоқ
Арнайы сақтандырулар
• Қант диабеті бар науқастарға сақтықпен тағайындау керек
• Препаратта сорбитолдың болуы қалыпты іш жүргізетін әсерді тудыруы мүмкін.
Педиатрияда қолдану
3 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде дәрігердің тағайындауымен қолдану керек.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді
басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Ықпал етпейді
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.