Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Суппозитории вагинальные
Торговое наименование
Кломезол
Действующее вещество
Имидазола производные
Назначение
Сезімтал микрофлора туындатқан этиологиясы бактериялық, трихомонадалық, зеңдік немесе аралас вагиниттерде
Производитель
ФАРМАПРИМ
Страна
Республика Молдова
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді заттар - 500 мг метронидазол, 200 мг неомицин сульфаты, 150 мг клотримазол,
қосымша заттар: полисорбат-80, адипин қышқылы, натрий лаурилсульфаты, сұйық парафин, қатты май.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Цилиндр конус пішінді, ақ немесе сарғыштау реңді ақ түсті суппозиторийлер. Кесіндісінде ауа және кеуекті стержені мен шүңгіме тәрізді ойығының болуына жол беріледі.
- сезімтал микрофлора туындатқан этиологиясы бактериялық, трихомонадалық, зеңдік немесе аралас вагиниттерде
- инвазиялық емшаралар мен гинекологиялық операцияларға дейінгі және олардан кейінгі қынап суперинфекциясының профилактикасы (жасанды түсік, жатыр мойнының диатермокоагуляциясы, гистерография, эндометрий биопсиясы, жатырішілік спираль орналастыру); кортикостероидтармен, иммуносупрессорлармен, цитостатиктермен, антибиотиктермен емдегенде.
Жергілікті қолдануға арналған микробтарға қарсы, зеңге қарсы және протозойға қарсы әсері бар біріктірілген препарат.
Метронидазол – протозойға қарсы және бактерияларға қарсы әсері бар 5-нитроимидазол туындысы. Мыналарға қатысты белсенді: грамтеріс анаэробтар - Bacteroides spp., Bacteroides fragilis тобын қоса, Fusobacterium spp.; грамоң анаэробтар - Clostridium spp., Eubacterium spp., анаэробтық грамоң кокктар, Peptococcus spp. және Peptostreptococcus spp қоса; қарапайымдылар – Trichomonas vaginalis, Giardia intestinalis, Entamoeba histolytica. Метронидазол молекуласының нитротобы, электрондар акцепторы сияқты, қарапайымдылардың және анаэробтардың тыныс алу желісіне еніп (электронды тасымалдаушы ақуыздармен бәсекелеседі), тыныс алу үдерістерін бұзады және жасушаның тіршілігін жояды. Анаэробтардың кейбір түрлерінде ДНҚ синтезін тежейді және олардың деградациясына әкеледі.
Клотримазол - имидазол туындысы, зеңге қарсы жергілікті қолданылатын дәрі. Әсер ету механизмі зеңдердің жасушалық жарғақшасының құрамдас бөлігі болып табылатын эргостерол синтезінің бұзылуымен жүзеге асады. Әсер ету ауқымы кең. Дерматофиттерге, Candida albicans, Malassezia furfur; Corynebacterium minutissimum, Streptococcus spp., Staphylococcus spp., Trichomonas vaginalis қатысты белсенді.
Неомицин – бактерицидтік әсер ету ауқымы кең аминогликозидтер тобының антибиотигі. Әсер ету механизмі рибосомаға тікелей әсер етуімен және бактериялық жасуша ақуызы синтезінің тежелуімен жүзеге асады. Препаратқа сезімтал, бірқатар грамоң және грамтеріс микроорганизмдер, соның ішінде Escherichia coli, Shigella spp., Proteus spp., Staphylococcus aureus, Streptococcus pneumoniae, Mycobacterium tuberculosis. Pseudomonas aeruginosa және Streptococcus spp. қатысты белсенділігі төмен. Патогендік зеңдерге, вирустарға және анаэробтық микроорганизмдерге қатысты белсенді емес.
Дозалау режимі
Жедел вагиниттерде: 1 суппозиторийден тәулігіне 2 рет (таңертең және кешке) 1-2 күн бойы, содан кейін 1 суппозиторийден кешке, 6-8 күн бойы.
Созылмалы вагиниттерде: 1 суппозиторийден кешке 8-10 күн бойы.
Гинекологиялық операция мен инвазиялық емшараға дейін және одан кейін: 1 суппозиторийден түнге қарай бір рет.
Кортикостероидтармен, иммуносупрессорлармен, цитостатиктермен, антибиотиктермен емдегенде профилактика мақсатында - 1 суппозиторийден кешке, әрбір 7-10 күн сайын бүкіл емдеу кезеңі бойында.
Енгізу әдісі мен жолы
Қынапқа.
Суппозиторийді жатқан күйде қынапқа мүмкіндігінше тереңірек енгізеді. Суппозиторийді бөлшектемеген жөн, өйткені препаратты сақтағанда осылай өзгерту белсенді затының таралуын бұзады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда қажетті шаралар
Қолданылуын өткізіп алған дозасының орнын толтыру үшін екі есе дозасын қабылдамаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолданбас бұрын дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгініңіз.
Дәрілік препарат стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Сирек
• тері бөртпелері, соның ішінде есекжем, терінің қызаруы, тітіркену, қышыну, бөртпе, қызба, Квинке ісінуі
• психоэмоционалдық бұзылулар
• бас ауыру, қимыл-қозғалыстың бұзылуы (атаксия), бас айналу;
• іштің ауыруы немесе түйілуі, ауыздың темір татуы, ауыздың құрғауы, іш қату, диарея, тәбеттің жоғалуы, жүректің айнуы, құсу
• күйдіру сезімі, қышыну, әсіресе емнің бас кезінде, олар әдетте емдеуді тоқтатуды қажет етпейді және препараттың қынаптың тітіркенген шырышты қабығына ықпалымен анықталған
Өте сирек
- лейкопения
- шеткері невропатия (препаратты ұзақ уақыт қабылдағанда), құрысулар.
Метронидазолдың болуына байланысты Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы (мысалы, үдемелі бөртпе, жиі булламен немесе шырышты қабықтардың зақымдануымен бірге жүретін) немесе AGEP (пустуламен байланысты жайылған фебрильді эритема) белгілері немесе симптомдары туындауы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http:// www.ndda.kz
• Дәрілік препараттың құрамы бөлімінде аталған препараттың белсенді заттарына немесе кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық.
• жүктіліктің алғашқы триместрі, лактация кезеңі
• балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (қыздығы бұзылмаған қыздар)
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Препараттың сіңуінің төмен болуына байланысты, қынап ішіне қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз.
Препаратты ұсынылатын дозадан асып кететін дозаларда жергілікті қолдану өмір үшін қауіпті реакцияларды туындатпайды.
Бауыр функциясының ауыр бұзылуларында, қанның түзілуі бұзылғанда (лейкопения) және жүйке жүйесінің ауруларында сақтықпен тағайындайды.
Препаратты қолданған кезде жыныстық қатынасты тоқтата тұрған жөн. Суппозиторийлерді пайдалану суппозиторий негізінің латекспен немесе каучукпен өзара әрекеттесуі есебінен, механикалық контрацепциялардың (презервативтер, қынаптық диафрагмалар) сенімділігін төмендетуі мүмкін.
Инфекцияны қайталап жұқтыруға жол бермеу үшін жыныстық қатынастағы жұптасын да бір мезгілде емдеу қажет, ал трихомонадалық вагинит жағдайында – ішке қабылдауға арналған препараттармен.
Емделу кезінде және емдеу курсын аяқтағаннан кейін 24-48 сағат ішінде алкоголь қабылдауды тоқтата тұрған жөн (дисульфирамин тәрізді реакциялар пайда болуы мүмкін).
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ. Препаратты 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге (қыздығы бұзылмаған қыздарға) тағайындамайды.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану автокөлік жүргізу және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Жүктіліктің II және III триместрлерінде тек ана үшін пайдасы шарана үшін қаупінен басым болған жағдайда ғана қолданылады.
Препаратты лактация кезеңінде қолдану қажет болғанда емшек емізу тоқтатылуы тиіс. Емшек емізуді емдеуді аяқтағаннан кейін 24-48 сағаттан соң қайта бастауға болады.
Бір мезгілде қолданғанда метронидазол әсері тікелей емес антикоагулянттардың әсерін күшейтеді.
Дисульфираммен бір мезгілде қолданған кезде ОЖЖ тарапынан бұзылулар байқалуы мүмкін.
Литий препараттарымен бір мезгілде қолданғанда соңғысының уыттылығы жоғарылағаны байқалуы мүмкін.
Фенобарбиталмен бір мезгілде қолданғанда қандағы метронидазол деңгейі төмендейді.
Циметидинмен бір мезгілде қолданғанда қандағы метронидазол деңгейі жоғарылауы мүмкін.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғайтын түпнұсқалық пішінді ұяшықты қаптамасында 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.