Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Суппозитории вагинальные
Дозировка
500 мг
Торговое наименование
КЛОФАН®
Действующее вещество
Клотримазол
Назначение
Candida және/немесе Trichomonas vaginalis тектес ашытқы тәрізді зеңдерден туындаған гениталий инфекцияларында (кандидоздық вульвовагинитте, трихомониазда)
Производитель
Кусум Хелткер Пвт. Лтд.
Страна
Индия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді зат - 500 мг клотримазол (микрондалған (d 90) 15 мкм төмен),
қосымша заттар - қатты май (Suppocire NAI 25 А).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Торпеда тәрізді пішінді, ақтан ақшыл-сары түске дейінгі суппозиторийлер.
- Candida және/немесе Trichomonas vaginalis тектес ашытқы тәрізді зеңдерден туындаған гениталий инфекцияларында (кандидоздық вульвовагинитте, трихомониазда)
Әсер ету механизмі
Клотримазол әдетте қышыну, ашыту, бөлінділер болуы, қызару, ісіну және ауырсыну сияқты вульвовагинальді симптомдармен сипатталатын вульвовагинальді кандидозды жергілікті емдеу үшін ұсынылады. Клотримазол эргостерол синтезін бәсеңдету жолымен зеңдерге қарсы әсер етеді. Эргостерол синтезінің тежелуі зеңдердің цитоплазмалық жарғақшасының құрылымдық-функциялық бұзылыстарына әкеледі.
Клотримазолдың микозға қарсы (зеңге қарсы) дерматофиттер, ашытқылар, көгерткілер және т.б. қамтитын in vitro және in vivo әсер ету спектрі ауқымды. Тиісті сынақ жағдайларында зеңдердің осы түрлері үшін ЕТТК мәні 0,062–8,0 мкг/мл аз субстрат диапазонында болады. Клотримазолдың әсер ету механизмі инфекция ошағындағы клотримазол концентрациясына байланысты фунгистатикалық немесе фунгицидтік болады. In vitro белсенділігі пролиферациялайтын зеңдік элементтермен шектеледі; зең спораларының сезімталдығы әлсіз. Зең инфекцияларының басынан резистентті (төзімді) нұсқалары өте сирек кездеседі. Осы уақытқа дейін сезімтал зеңдердің қайталама резистенттілігінің дамуы емдеу кезінде өте оқшау жағдайларда ғана байқалды.
Дозалану режимі
500 мг бір суппозиторийді кешкілік, ұйықтар алдында енгізу керек; қынаптық суппозиторийлерді шалқадан жатқан қалыпта, аяқты сәл бүгіп, қынапқа, барынша тереңірек енгізеді. Препарат бір рет қолдануға арналған. Емдеу курсын қажеттілігіне қарай қайталауға болады.
Енгізу әдісі және жолы
Тек қынап ішіне қолдануға арналған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алу жөніндегі нұсқаулар
Егер Сізде осы препаратты қолдану жөнінде қосымша сұрақтар туындаса, дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
- клотримазолға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктіліктің бірінші триместрі
- лактация кезеңі
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
Белгісіз жиілікпен
- анафилаксиялық реакциялар, ангионевроздық ісіну, аса жоғары сезімталдық (естен тану, артериялық гипотензия)
- ентігу
- іш ауыруы, жүрек айнуы
- бөртпе, есекжем, қышыну
- қынаптың эксфолиациясы, қынаптан бөлінділер болуы, қынаптан қан кетулер, вульвовагинальді жайсыздық, вульвовагинальді эритема, қынаптың ашыту сезімі, вульвовагинальді қышыну, вульвовагинальді ауыру
- енгізген орынның тітіркенуі, ісіну, ауыру
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препараттың сіңірілуінің төмендігіне байланысты, қынап ішіне қолданылғанда артық дозалану ықтималдығы аз.
Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі.
Емі: спецификалық антидоты жоқ. Қажет болған жағдайда – симптоматикалық ем.
Егер пациент қынаптық кандидоз симптомдарын алғаш анықтаса, ол дәрігерге жүгінуі керек.
Егер келесі жағдайлардың кез келгені болса, клотримазолдың қынаптық суппозиторийлерін пайдаланбас бұрын маманның кеңесіне жүгіну қажет:
• соңғы алты ай ішінде кандидоздық вагинит дамуының екеуден артық жағдайы
• осының алдындағы, жыныстық жолмен берілетін аурулар жағдайлары
• жүктілік немесе болжамды жүктілік
• 18 жасқа дейінгі жаста немесе 60 жастан асқандар
• имидазолға немесе зеңге қарсы басқа қынаптық препараттарға белгілі аса жоғары сезімталдық
Егер пациентте келесі симптомдардың кез келгені болса, КЛОФАН® суппозиторийлері пайдаланылмауы тиіс, содан кейін маманның кеңесіне жүгіну қажет:
• қынаптан жүйесіз қан кету
• қынаптан патологиялық қан кету немесе қан аралас бөліністер
• әйелдердің сыртқы жыныс мүшелерінің немесе қынаптың ойық жаралары, күлбіреуіктері немесе жаралары
• іштің төменгі жағының ауыруы немесе дизурия
• шырышты қабықтың еммен астасқан қызаруы, тітіркенуі, ісінуі
• қызба немесе қалтырау
• жүрек айнуы немесе құсу
• диарея
• қынаптан жағымсыз иіс шығуы
Етеккір оралымы кезінде емдеу жүргізілмейді. Емдеу етеккір басталғанға дейін аяқталуы тиіс.
КЛОФАН® препаратымен емдеу кезінде тампондарды, бүркіп шайынуды, спермицидтерді немесе қынап ішіне енгізілетін басқа препараттарды қолданбаған дұрыс.
Препаратты қолданып жүрген кезде қынаптық жыныстық қатынастан аулақ болу ұсынылады, өйткені инфекция жұптасына жұғуы мүмкін. Егер жергілікті қышыну, қабыну және т.б. сол сияқты симптомдар болса, серіктесі де емделуі тиіс.
Егер КЛОФАН® 500 мг суппозиторийлері пайдаланылған бір апта ішінде симптомдар басылмаса, пациенттерге өз дәрігерімен кеңесу ұсынылады. Егер 7 күннен соң симптомдар қайта басталса, КЛОФАН® 500 мг суппозиторийлерін қайталап қолдануға болады. Егер инфекцияның қайталануы алты ай ішінде екі реттен жиірек анықталса, дәрігермен кеңесу қажет.
Етеккір оралымы кезінде емдеу жүргізілмейді. Емдеу етеккір басталғанға дейін аяқталуы тиіс.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе болар-болмас әсер етеді.
Препаратты жүктіліктің I триместрінде қолдануға болмайды. Жүктіліктің II және III триместрлерінде препарат тек дәрігердің тағайындауымен, анасы үшін болжамды пайдасы шарана немесе сәби үшін ықтимал қауіптен асып түсетін жағдайда қолданылады.
Препаратты қолдану қажет болған жағдайда, бала емізуді тоқтату керек.
Клотримазол амфотерицин В мен басқа полиендік антибиотиктердің белсенділігін төмендетеді. Натамицинмен және нистатинмен бір мезгілде қолданғанда, клотримазолдың белсенділігі төмендейді. Жоғары концентрацияларында дексаметазон клотримазолдың зеңге қарсы тиімділігін төмендетеді. Пара-бензой қышқылының пропил эфирі жоғары концентрацияларында клотримазолдың зеңге қарсы әсерін күшейтеді.
Бірге қолданылғанда, препарат латекс контрацептивтердің зақымдануына алып келуі мүмкін. Сәйкесінше, ұрықтануға қарсы мұндай дәрілердің тиімділігі азаюы мүмкін. Пациентерге осы өнімді пайдаланғаннан кейін кемінде бес күні бойы баламалы сақтық шараларын пайдалануды ұсыну керек.
Клотримазолды қынап ішіне және такролимусты пероральді (FK-506; иммуносупрессант) бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы такролимус деңгейінің жоғарылауын тудыруы мүмкін және мұндай әсері сирулимуспен бір мезгілде қабылдағанда байқалады. Сондықтан, пациенттер такролимуспен немесе сиролимуспен артық дозаланудың белгілері мен симптомдарын мұқият қадағалауы, қажет болған жағдайда, олардың қан плазмасындағы концентрациясын зертханалық жолмен анықтауы тиіс.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.