Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Крем
Дозировка
1%
Торговое наименование
КЛОФАН®
Действующее вещество
Клотримазол
Назначение
Candida тектес ашытқыға ұқсас зеңдерден туындаған генитальді инфекцияларда (кандидозды вульвовагинитте)
Производитель
Кусум Хелткер Пвт. Лтд.
Страна
Индия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 г препараттың құрамында белсенді зат - 20.00 мг клотримазол,
қосымша заттар: цетилпальмитат, цетостеарил спирті, сорбитан моностеараты, полисорбат-60, октилдодеканол, бензил спирті, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ түсті, біртекті, тұтқыр және консистенциясы біркелкі крем.
- Candida тектес ашытқыға ұқсас зеңдерден туындаған генитальді инфекцияларда (кандидозды вульвовагинитте)
- кандидозды баланитте (ерлерде)
ATХ коды D01AС01
Әсер ету механизмі
Клотримазол – КЛОФАН кремінің белсенді заты, зең жасушаларында эргостерин синтезін бәсеңдетеді, бұл бәсеңдету зең патогенінің цитоплазмалық жарғақшасының құрылымдық және функциялық бұзылуына әкеледі.
Дерматофиттерді, ашытқы тәрізді зеңдерді, өңезді зеңдерді және диморфты зеңдерді қоса, in vitro және in vivo зеңге қарсы белсенділігінде клотримазолдың спектрі ауқымды.
Фармакодинамикалық әсерлері
Тиісті сынақ жағдайларында зеңдердің осы түрлері үшін ең төмен бәсеңдететін концентрациясының (MIC) көрсеткіштері субстраттың 0.062 - 8.0 мкг/мл-ден аз диапазонында болады. Әсер ету түрі бойынша клотримазол ең алдымен инфекция ошағындағы клотримазол концентрациясына байланысты фунгистатикалық немесе фунгицидтік болып табылады. Іn vitro әсері зеңдердің пролиферациялайтын жасушаларымен шектеледі; зеңдердің спораларының оның әсеріне сезімталдығы төмен.
Зеңге қарсы әсерінен бөлек, клотримазол сондай-ақ грамоң (стрептококктар/стафилококктар/Gardnerella vaginalis) және грамтеріс микроорганизмдерге (Bacteroides) әсер етеді.
Клотримазол 0.5 - 10 мкг/мл in vitro субстрат концентрациясында энтерококктарды қоспағанда, Corynebacteria және грам-оң кокктардың көбеюін бәсеңдетеді.
Клотримазолға төзімділік жағдайы жағымды деп бағаланады: клотримазолға сезімтал зең түрлерінде бастапқы төзімділіктің нұсқалары өте сирек дамиды, сезімтал зеңдердің салдарлы төзімділік құбылыстары осы уақытқа дейін емдеудің сирек жекелеген жағдайларында ғана байқалды.
Дозалау режимі
Крем терінің алдын ала тазартылған (рН мәні бейтарап сабынды қолдана отырып) және зақымдалған құрғақ орындарына күніне 2-3 рет жұқа қабатпен жағылады және сақтықпен сылайды. Емдеуді инфекция симптомдары жойылғанша жалғастыру керек. Алайда, егер вагинитті қатарлас емдегеннен кейін симптомдар жеті күн ішінде жақсармаса, пациент дәрігерге қаралуы керек.
Баланит немесе вулвитті емдеу кезінде науқасты ғана емес, оның жұптастарын да емдеу ұсынылады, оны екі апта ішінде күніне екі немесе үш рет жағу керек. Емдеу ұзақтығы жеке және аурудың ауырлығына және орналасуына байланысты.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
КЛОФАН® кремін балаларда қолданудың клиникалық тәжірибесі жоқ.
Енгізу әдісі және жолы
Сыртқа.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар
Сізде осы дәрілік препаратты қолдану туралы қандай да бір қосымша сұрақтар туындаған жағдайда өз дәрігеріңізге қаралыңыз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
КЛОФАН®, крем, әдетте жағымдылығы жақсы.
Барлық деректер пациенттердің белгісіз саны бар топтардан алынғандықтан және өздігінен болған хабарламаларға негізделгендіктен, қолда бар деректер негізінде пайда болу жиілігін бағалау мүмкін емес.
Белгісіз
- аллергиялық реакция (естен тану, гипотензия, ентігу, есекжем)
- күлдіреуіктер, жайсыздық, ауырсыну, ісіну, эритема, тітіркену, қабыршақтану, қабыршақтанып түлеу, қышыну, бөртпе, шаншу, ашыту.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Жедел уыттану қаупі байқалмайды, өйткені оның теріге бір рет жаққаннан кейін немесе кездейсоқ ішке қабылдағаннан кейін болуының ықтималдығы аз.
Симптомдары: жағымсыз әсерінің күшеюі.
Емі: зақымданған аумақты жуып-шаю, симптоматикалық ем.
Осының алдындағы сағат ішінде клотримазолдың өмірге қауіпті дозасын кездейсоқ пероральді қабылдаған жағдайда ғана немесе егер артық дозаланудың клиникалық симптомдары (мысалы, бас айналу, жүрек айну немесе құсу) байқалса ғана асқазанды шаю қажет. Асқазанды шаюды тыныс алу жолдарын тиісті түрде қорғау мүмкін болғанда ғана жүргізу керек.
Егер пациентте алғаш рет кандидозды вагинит симптомдары пайда болса, дәрігерге қаралуы керек.
КЛОФАН® кремін қолданар алдында, егер келесілердің бірі қолданылса, дәрігермен кеңесу керек:
• соңғы 6 айда кандидоздық вагиниттің екіден көп жағдайы болғанда.
• анамнезде жыныстық жолмен берілетін аурулары болса немесе жыныстық жолмен берілетін аурулары бар жұптаспен қарым қатынаста болса
• жүктілік немесе жүктілікке болжам болғанда
• 16 жасқа дейінгі немесе 60 жастан асқан жаста
• имидазолдарға немесе зеңге қарсы қынаптық басқа препараттарға белгілі аса жоғары сезімталдығы болса
Егер пациентте келесі симптомдардың қандай да бірі болса, КЛОФАН® қолдануға болмайды, содан кейін дәрігермен кеңесу керек:
• қынаптан жүйесіз қан кетулер
• қынаптан қалыптан тыс қан кетулер немесе қанды бөліністер болуы
• қынаптық немесе қынаптық ойық жаралар, күлдіреуіктер
• іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну немесе дизурия
• емдеуге байланысты қызару, тітіркену немесе ісіну сияқты кез келген жағымсыз әсерлер
• қызба немесе қалтырау
• жүрек айнуы немесе құсу
• диарея
• қынаптан жағымсыз иіс шығуы
Егер кандидоз инфекциясы 7 күннен кейін қайта басталса, қайтадан КЛОФАН® қолдануға болады. Алайда, егер кандидоз инфекциясы алты ай ішінде екі реттен көп қайталанса, пациенттер дәрігермен кеңесуі керек.
Препарат құрамында цетостеарил спирті бар, ол жергілікті тері реакцияларын тудыруы мүмкін (мысалы, жанаспалы дерматит).
Арнайы сақтандырулар
Препарат құрамында цетостеарил спирті бар, ол жергілікті тері реакцияларын тудыруы мүмкін (мысалы, жанаспалы дерматит).
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
КЛОФАН® көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді
Жүктілік
Жүкті әйелдерде клотримазолды қолдану туралы шектеулі мәліметтер бар. Зерттеулер пероральді жоғары дозаларда репродуктивті уыттылықты көрсетті. Жергілікті емдеуден кейін клотримазолдың жүйелі әсері төмен кезінде репродуктивті уыттылыққа қатысты зиянды әсерлері болжанбайды.
Тағайындаудың орындылығы туралы мәселе дәрігердің кеңесінен кейін жеке қарастырылуы тиіс.
Емшек емізу
Жануарлардағы қолда бар фармакодинамикалық / токсикологиялық деректер вена ішіне енгізгеннен кейінгі сүттегі клотримазолдың / метаболиттердің экскрециясын көрсетті. Бала үшін қаупін жоққа шығару мүмкін емес. Препаратты сіңірілуінің өте аздығына байланысты сәбиді емізу кезеңінде сақтықпен қолдануға болады, бірақ тек дәрігердің бақылауымен ғана.
Зертханалық сынақтар көрсеткендей, бірге қолданған кезде бұл өнім латексті контрацептивтерге зақым келтіруі мүмкін.
Сондықтан мұндай ұрықтануға қарсы дәрілік заттардың тиімділігі төмендеуі мүмкін. Пациенттерге осы өнімді қолданғаннан кейін кем дегенде бес күн ішінде баламалы сақтық шараларын қолдану ұсынылады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.