Өте жиі
- Бас ауыруы
- Гипертензия
- Жүрек айну
- Бөртпе
-Жергілікті реакциялар (енгізген жердегі ауырсыну/ісіну/реакция/қышыну), жоғары температура, шаршау
Жиі
- Бронхит, назофарингит
- Анемия, лимфаденопатия
- Тәбеттің төмендеуі
- Ұйқысыздық, мазасыздық
- Бас айналу, бас сақинасы, парестезия, гипестезия
- Конъюнктивит
- Taхикардия
- Гиперемия
- Жөтел, ринорея, астма, мұрынның бітелуі, тамақтың ауыруы, ентігу
- Диарея, іштің ауыруы, құсу, диспепсия
- Қан құйылу, қышыну, есекжем, эритематозды бөртпе, дерматит
- Арқаның ауыруы, артралгия, аяқ-қолдың ауыруы, миалгия, бұлшықеттердің түйілуі, бұлшықет әлсіздігі
- Қалтырау, ісіну, тұмауға ұқсас ауру, кеудедегі жайсыздық, кеудедегі ауырсыну, астения, дімкәстік
Жиі емес
- Созылмалы синусит, зеңді инфекция, несеп жолдарының және бүйрек инфекциялары, синуситтер, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы, несеп шығару жүйесінің инфекциясы, несеп шығару жолдарының бактериялық инфекциясы, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы, асептикалық менингит
- Аса жоғары сезімталдық, анафилаксиялық реакция
- Қалқанша безінің ауруы
- Ашушаңдық
- Есте сақтау қабілетінің бұзылуы, дизартрия, дисгевзия, тепе-теңдіктің бұзылуы, тремор
- Көздің ауыруы, көздің айналасының ісінуі
- Бас айналу, ортаңғы құлақтағы сұйықтық
- Аяқ-қолдың салқындауы, флебит
- Көмейдің ісінуі
- Іштің кебуі
- Ангионевроздық ісіну, жедел есекжем, суық тер, жарықсезгіштік, түнгі терлеу, гипергидроз
- Бұлшықеттердің құрысуы
- Протеинурия
- Кеуде қуысының қысылуын сезіну, ысыну сезімі, ашыту сезімі, енгізу орнындағы ісіңкілік
- Қандағы холестерин, креатин, мочевина деңгейінің жоғарылауы, лейкоциттердің төмендеуі, аланинаминотрансферазаның жоғарылауы, қанның гематокриті мен эритроциттер санының төмендеуі, тыныс алу жиілігінің жоғарылауы
Белгісіз (қолда бар мәліметтер негізінде бағалау мүмкін емес):
- Гемолиз
- Анафилаксиялық шок
- Транзиторлы ишемиялық шабуылдар, инсульт
- Миокард инфарктісі
- Гипотензия, терең веналар тромбозы
- Өкпе артериясының эмболиясы, өкпе ісінуі
- Кумбстың оң сынамасы, қанның оттегімен қанығуының төмендеуі
- Өкпенің трансфузиялық жіті зақымдануы
Жеке жағымсыз реакцияның сипаттамасы
Мультифокальді моторлы нейропатиясы бар пациенттерде бұлшықеттердің тартылуы және әлсіреуі тіркелді.
Балалар
Балалардағы жағымсыз реакциялардың жиілігі, түрі және ауырлық дәрежесі ересектердегідей.
Кейбір ауыр жағымсыз реакциялар (бас ауыруы, ысыну, қалтырау, миалгия, бас айналу, тахикардия, арқаның төменгі бөлігінің ауыруы, жүрек айну және гипотензия) инфузия жылдамдығымен байланысты болуы мүмкін. «Қолдану тәсілі» бөлімінде көрсетілген инфузияның ұсынылған жылдамдығын қатаң сақтау керек. Инфузия кезінде кез келген симптомдардың дамуы тұрғысынан пациенттерді мұқият бақылауды жүзеге асыру қажет.
Жағымсыз реакциялар дамығанда препаратты енгізу жылдамдығын төмендету немесе инфузияны тоқтату қажет. Емдеудің қажеттілігі жағымсыз реакцияның түріне және ауырлығына байланысты анықталады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz