Препарат дозасының жоғарылауымен жағымсыз реакциялардың жиілігі мен ауырлығының қаупі арта түседі. Пациенттерге асқазан-ішек жолы шырышының ойық жаралануы, қан кету және тесілуі, операциядан кейін қан кету, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, анафилаксиялық және анафилактоидты реакциялар, бауыр жеткіліксіздігі сияқты препараттың күрделі жағымсыз реакциялары туралы ескерту қажет.
Кеторол немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД) қабылдайтын пациенттерде төмендегілер барынша жиі (пациенттердің шамамен 1%-дан 10%-ға дейін) байқалды:
- асқазан-ішек жолы тарапынан: іштің ауыруы*, іш қату/диарея диспепсия*, метеоризм, асқазан-ішек жолының (асқазан/ он екі елі ішек) ойық жара ауруы, асқазан-ішектен қан кету /тесілуі, қыжыл, жүрек айнуы*, стоматит, құсу.
- басқа жүйелер тарапынан: бүйрек функциясының бұзылуы, анемия, бас айналу, ұйқышылдық, ісінулер, бауыр ферменттері мөлшерінің ұлғаюы,
бас ауырулары*, гипертония, қан кету уақытының ұзаруы, қышыну, тері бөртпелері, құлақтағы шуыл, тершеңдік.
* Аурушаңдық 10%-ға қарағанда жоғары
Келесі жағымсыз құбылыстар туралы қосымша хабарланды:
Жалпы реакциялар: қызба, инфекциялар, сепсис
Жүрек-қантамыр жүйесі: жүрек жеткіліксіздігі, тахикардия (жиі жүрек қағуы), бозару, естен тану
Тері реакциясы: алопеция, жарыққа сезімталдық, есекжем.
Асқазан-ішек жолы: анорексия, ауыздың құрғауы, кекіру, эзофагит, шөлдеу, гастрит, глоссит, гепатит, тәбеттің жоғарылауы, сарғаю, ректальді қан кету.
Қан және лимфа жүйесі: экхимоздар, эозинофилия, эпистаксис, лейкопения, тромбоцитопения.
Метаболизмдік бұзылулар: салмақтың өзгеруі.
Жүйке жүйесі: сананың шатасуы, үрей, астения, депрессия, эйфория, экстрапирамидалық симптомдар, елестеулер, гиперкинезия, ойды жинақтау алмау, ұйқысыздық, күйгелектік, парестезия, ұйқышылдық, ступор, тремор, бас айналуы, дімкәстік.
Ұрпақ өрбіту жүйесі (әйелдер): бедеулік.
Тыныс алу жүйесі: демікпе, жөтел, ентігу, өкпенің ісінуі, суық тию, мұрыннан қан кету
Сезу мүшелері: дәм сезудің бұзылуы, көрудің бұзылуы, естудің нашарлауы.
Урогенитальді жол: цистит, дизурия, гематурия, несеп шығару жиілігінің артуы, интерстициальді нефрит, олигурия / полиурия, протеинурия, бүйрек жеткіліксіздігі, несептің іркілуі.
Сирек бақыланатын жағымсыз реакциялар мыналар:
Жалпы реакциялар: Квинке ісінуі, өлім, анафилаксия, анафилактоидтық реакциялар, көмейдің ісінуі, тілдің ісінуі, миалгия сияқты жоғары сезімталдық реакциялары
Жүрек-қантамыр жүйесі: аритмия, брадикардия, кеуденің ауыруы, қызару, гипотония, миокард инфарктісі, васкулит.
Тері реакциялары: эксфолиативтік дерматит, мультиформалы эритема, Лайелл синдромы, Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермалық некролизді қоса, буллездік реакциялар.
Асқазан-ішек жолы: жедел панкреатит, бауыр жеткіліксіздігі, спецификалық емес ойық жаралы стоматит, ішектің қабыну ауруының өршуі (ойық жаралы колит, Крон ауруы).
Қан және лимфа жүйесі: агранулоцитоз, аплазиялық анемия, гемолиздік анемия, лимфаденопатия, панцитопения, операциядан кейінгі қан кету.
Метаболизмдік бұзылулар: гипергликемия, гиперкалиемия, гипонатриемия.
Жүйке жүйесі: асептикалық менингит, құрысулар, кома, психоз.
Тыныс алу жүйесі: бронх түйілуі, тыныстың тарылуы, пневмония
Сезу мүшелері: конъюнктивит
Урогенитальді жол: гематурия және/немесе азотемиямен бүйірдің ауыруы, гемолиздік уремиялық немесе онсыз синдром.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz