Кетопрофенді басқа ҚҚСП, оның ішінде ЦОГ-2 селективті тежегіштерімен қоса, бір мезгілде қабылдаудан аулақ болған жөн.
Жағымсыз әсерлер ең аз тиімді дозаны қолдану және ауырсыну синдромын басу үшін қажет қысқа уақыт ішінде азайтылуы мүмкін.
Тыныс алу жүйесі тарапынан бұзылулар
Созылмалы ринитпен, созылмалы синуситпен және/немесе мұрын полипозымен бірге жүретін демікпесі бар пациенттерде жалпы популяциямен салыстырғанда ацетилсалицил қышқылын және/немесе ҚҚСП қолданғаннан кейін аллергиялық реакциялардың пайда болу ықтималдығы жоғары. Кетопрофенді қолдану аясында, әсіресе ацетилсалицил қышқылына немесе ҚҚСП аллергиясы бар пациенттерде демікпе немесе бронх түйілуі дамуы мүмкін.
Егде жастағы пациенттер
Препаратты егде жастағы пациенттерге сақтықпен тағайындаған жөн.
ҚҚСП қабылдайтын егде жастағы пациенттерде, әсіресе өліммен аяқталуға әкелуі мүмкін АІЖ, қан кету және ойық жараның тесілуі тарапынан жағымсыз әсерлердің анағұрлым жоғары даму жиілігі бар.
Асқазан-ішектен қан кету, ойық жараның пайда болуы немесе тесілуі
Өліммен аяқталуы мүмкін асқазан-ішектен қан кетулер, ойық жараның пайда болуы және/немесе тесілуі барлық ҚҚСП үшін сипатталған және алдында жүретін симптомдармен немесе оларсыз немесе анамнезінде асқазан-ішек жолының ауыр ауруларымен емнің кез келген уақытында дамуы мүмкін.
Кетопрофенді қолдану әсіресе, жоғарғы дозаларда қолданғанда басқа ҚҚСП салыстырғанда ауыр асқазан-ішек уыттылығының жоғарғы даму қаупімен байланысты болуы мүмкін.
Асқазан-ішектен қан кету, ойық жаралану немесе тесілу қаупі анамнезінде ойық жарасы бар пациенттерде, әсіресе қан кету немесе тесілумен асқынған, сондай-ақ егде жастағы адамдарда ҚҚСП дозасын арттырғанда ұлғаяды. Бұл пациенттерді емдеуді ең төменгі ықтимал дозадан бастау керек. Осындай пациенттерде, сондай-ақ АІЖ тарапынан жағымсыз әсерлерді күшейте алатын дәрілік препараттармен біріктірілген ем жүргізу керек пациенттерде протекторлармен (мизопростол немесе протонды помпа тежегіштері) біріктірілген емді қолдану мүмкіндігін қарау керек.
Ойық жараның немесе қан кетудің даму қаупін жоғарылата алатын дәрілік заттарға пероральді кортикостероидтар, антикоагулянттар (варфарин), серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері немесе тромбозға қарсы дәрілер (ацетилсалицил қышқылының төменгі дозалары) жатады.
Анамнезінде асқазан-ішек аурулары (ойық жаралы колит, Крон ауруы) бар пациенттерде осы аурулардың өршу ықтималдығына байланысты кетопрофенді қолданғанда сақ болған жөн.
Анамнезінде асқазан-ішек аурулары бар пациенттерге, әсіресе егде пациенттерге асқазан-ішек жолы тарапынан болатын кез келген симптомдар туралы (әсіресе асқазан-ішектен қан кету туралы), атап айтқанда, емнің басында дәрігерге хабарлау керек.
Егер кетопрофенді қолдану аясында пациенттерде асқазан-ішектен қан кету немесе ойық жара пайда болса, кетопрофен қабылдауды тоқтату қажет.
Жүрек-қантамырлар және цереброваскулярлық бұзылулар
Кетопрофенді гипертензиясы, бақыланбайтын гипертензиясы, анамнезінде іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, расталған жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артериялар атеросклерозы және/немесе цереброваскулярлы аурулары бар пациенттерде қолданғанда сақ болу керек, өйткені ҚҚСП қолдану аясында сұйықтықтың іркілуі және ісінулердің дамуы туралы хабарланды.
Клиникалық зерттеулер мен эпидемиологиялық деректер кейбір ҚҚСП қолдану (көбінесе жоғарғы дозаларда және ұзақ уақыт бойы емдеу кезеңінде) артериялық тромбоэмболиялық асқынулардың (мысалы, миокард инфаркті немесе инсульт) жоғары даму қаупіне байланысты болуы мүмкін екенін көрсетеді.
Барлық ҚҚСП сияқты, бақыланбайтын артериялық, гипертензия, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артериялық ауру және/немесе инсульт тарихы бар пациенттер (өтпелі ишемиялық ауруды қоса) мұқият тексеруден кейін ғана кетопрофенмен емделуі керек.
Жүрек-қантамырлар патологиясының қауіп факторлары бар пациенттерде (мысалы, артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті немесе темекі шегу) ұзақ мерзімді емдеу басталғанға дейін осындай назар аудару керек.
Аорта-коронарлық шунттау кезінде периоперациялық ауыруда ҚҚСП (аспиринді қоспағанда) қабылдаған пациенттерде артериялық тромбоэмболиялық асқынулар даму қаупінің жоғарылауы туралы хабарланды.
Тері реакциялары
ҚҚСП қабылдау аясында сирек жағдайларда күрделі, кейде өліммен аяқталатын, тері реакциялары (эксфолиативті дерматитті, Стивенс-Джонсон синдромын, Лайелл синдромын немесе уытты эпидермалық некролизді қоса туралы хабарланды.
Осы реакциялардың жоғарғы даму қаупі емнің бастапқы сатысында, көбінесе емнің бірінші айында байқалады. Тері бөртпесінің, шырышты қабықтар зақымдануының алғашқы белгілері пайда болғанда немесе аса жоғары сезімталдықтың кез келген басқа белгісі пайда болғанда кетопрофен қабылдауды тоқтату керек.
Жүрек-қантамыр жүйесінің, бүйректің немесе бауырдың бұзылуы
Бүйрек простагландиндерінің тамыр тарылтатын әсерін тежей отырып, ҚҚСП шумақтық сүзілуді төмендету есебінен функционалдық бүйрек жеткіліксіздігін тудыруы мүмкін. Бұл жағымсыз құбылыс Кетонал® капсуланың қабылданатын дозасына байланысты.
Емдеудің басында себебіне қарамастан гиповолемиямен, жегілік нефритпен, жүрек-қантамырлар жеткіліксіздігімен, циррозбен және нефрозбен ауыратын пациенттердің, сондай-ақ диуретиктер алатын АӨФ тежегіштерін, сартандарды қабылдайтын пациенттер немесе созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер, әсіресе егде жастағы пациенттердің жағдайына мұқият мониторинг жасау қажет. Мұндай пациенттерде кетопрофенді қолдану простагландиннің тежелуі нәтижесінде бүйрек қан ағымының төмендеуін туындатуы және интерстициялық нефритке, нефроздық синдромға және бүйрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін.
Сондай-ақ ҚҚСП қолдану нефроуыттылықтың әртүрлі түрлерін тудыруы мүмкін, бұл интерстициялық нефритке, нефроздық синдромға және бүйрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін.
Анамнезінде бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде трансаминазалар деңгейін, әсіресе ұзақ емдеген кезде мезгіл-мезгіл бағалап отыру қажет. Сирек жағдайларда кетопрофенді қолдану аясында пациенттерде кетопрофенді қолдану аясында сарғаю мен гепатиттің дамуы туралы хабарланды.
Сұйықтықтың іркілуі
Ісіну, гипертония немесе артериялық гипертензияның жоғарылауы, жүрек жеткіліксіздігі пайда болуы мүмкін сұйықтықтың іркілуі. Артериялық гипертензия немесе жүрек жеткіліксіздігі жағдайында емдеудің басынан бастап клиникалық мониторинг қажет. Гипотензиялық препараттардың әсерін төмендетуі мүмкін.
Гиперкалиемия
Гиперкалиемия, әсіресе қант диабеті, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде және/немесе гиперкалиемиялық препараттармен бір мезгілде емдегенде пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда калиемияға үнемі мониторинг жүргізу қажет.
ҚҚСП қолдану әйелдердің фертильділігін нашарлатуы мүмкін және жүкті болғысы келетін пациенттерге ұсынылмайды. Бала туу қиынға соғатын немесе бедеулікке қатысты зерттеу процесінде жүрген пациенттерде ҚҚСП емдеуін тоқтатуды ескерген жөн.
Анамнезінде фотосезімталдық немесе фотоуытты реакциялары бар пациенттер мұқият бақылауда болуы тиіс.
Бауыр теңгерімі бұзылған немесе анамнезде бауыр аурулары бар пациенттерде трансаминазаларды, әсіресе ұзақ уақыт емдеген кезде үнемі бақылап отыру ұсынылады.
Кетопрофенді қолдану кезінде сарғаю мен гепатиттің сирек жағдайлары сипатталған.
Ұзақ емдеу кезінде қан формуласын, бауыр мен бүйрек функциясын бақылау ұсынылады.
Бұл препаратты басқа қабынуға қарсы стероидты емес препаратпен, пероральді антикоагулянтпен, литиймен, ауыруды басатын, қызуды түсіретін немесе қабынуға қарсы дозаларда аспиринмен,, аптасына 20 мг жоғары дозаларда метотрексатпен, төмен молекулалы және соған байланысты гепариндермен және фракцияланбаған гепариндермен (емдік дозаларда және/немесе егде жастағы субъектіде), пеметрекседпен емдеген кезде бүйрек функциясы әлсіз және орташа пациенттер қабылдауынан аулақ болу керек.
Препарат құрамында лактоза бар. Оны галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза немесе галактоза мальабсорбция синдромы (сирек тұқым қуалайтын аурулар) бар пациенттерге қолдану ұсынылмайды.
Жүйелі қызыл жегі және дәнекер тіннің аралас аурулары
Асептикалық менингит даму қаупінің артуы мүмкін.
Көрудің бұзылулары
Кетопрофенді көру қабілеті бұзылған кезде, мысалы, бұлыңғыр көру кезінде қолдануды тоқтату керек.
Жасырын инфекциялардың симптомдарын бүркемелеу
Кетонал® инфекциялық аурудың симптомдарын бүркемелеуі мүмкін, бұл тиісті емдеуді бастаудың кешеуілдеуіне әкелуі мүмкін және осылайша аурудың ағымын қиындатады. Бұл бактериялық ауруханадан тыс пневмония мен желшешектің бактериялық асқынуларында байқалған. Дене температурасының жоғарылауы кезінде немесе инфекция кезінде ауырсынуды жеңілдету үшін Кетонал® препаратын қолдану кезінде инфекциялық аурудың мониторингін жүргізу ұсынылады. Медициналық мекемеден тыс емдеу жағдайында, егер симптомдар сақталса немесе күшейсе, пациент дәрігерге қаралуы тиіс.
Инфекция болған кезде басқа ҚҚСП сияқты, кетопрофеннің қабынуға қарсы, анальгетикалық немесе қызуды түсіретін әсері бар екенін атап өткен жөн, бұл қызба сияқты инфекция дамуының жалпы белгілерін бүркемелейді.
Кетонал® препаратын ауыр хирургиялық араласудан бұрын тоқтатып тастау керек.
Кетопрофенді алкогольді шамадан тыс пайдаланатын адамдарға сақтықпен қолдану керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Бас айналу, кеңістіктегі бағдарсыздық, ұйқышылдық, жинақтап көре алмау немесе құрысулар туындаған жағдайда көлік жүргізуге және қауіптілігі зор механизмдерді басқаруға болмайды.