ATX коды L04AA42
Әсер ету механизмі
Сипонимод – сфингозин-1-фосфат (S1P) рецепторының модуляторы. Сипонимод G-ақуыздармен (GPCR), атап айтқанда S1P1 және S1P5 түрлерімен қатарласа жүретін бес S1P рецепторының екеуімен селективті байланысады. S1P1 рецепторларының функционалдық антагонисі лимфоциттер беткейіне көтеріліп, сипонимод олардың лимфа түйіндерінен шығуын кедергілейді. Бұл орталық жүйке жүйесінде (ОЖЖ) Т-лимфоциттердің кері айналымының төмендеуіне әкеледі және, осылайша, орталық қабынудың дамуын шектейді.
Фармакодинамикалық әсері
Шеткері қан лимфоциттері санының азаюы
Сипонимод бірінші дозаны қабылдаудан кейін 6 сағат ішінде шеткері қан лимфоциттері санының дозаға тәуелді азаюын туындатады, бұл лимфоидты тіндердегі лимфоциттердің қайтымды секвестрациясымен байланысты.
Ұзақ уақыт күнделікті қабылдау аясында лимфоциттер саны төмендеуін жалғастырып, шамамен 0,560 (0,271-1,08) жасуша/нЛ тең болатын ең аз орташа мәніне жетеді (90% СА), бұл CYP2C9 изоферментінің *1*1 немесе *1*2 генотипімен шығу тегі жапондық емес СҮШС бар типтес пациенттерде бастапқы деңгейінен 20-30% құрайды. Ұзақ уақыт күнделікті қабылдағанда лимфоциттердің төмен саны сақталады.
СҮШС бар пациенттердің басым көпшілігінде (90%) лимфоциттер саны емді тоқтатудан кейін 10 күн ішінде қалыпты деңгейіне оралады. Лимфоциттер саны төмендеуінің қалдық әсері шеткері қанда препараттың соңғы дозасын қабылдаудан кейін 3-4 апта бойы сақталуы мүмкін.
Жүректің жиырылу жиілігі және ырғағы
Сипонимод қабылдау емдеудің басында ЖЖЖ және атриовентрикулярлы өткізгіштіктің уақытша азаюын туындатады (4.4 және 4.8 бөлімдерін қараңыз), бұл әсер ету механизмі бойынша жасушалардың гиперполяризациясына және қозудың төмендеуіне әкелетін S1P1 рецепторларын көтермелеу арқылы ішкі түзетілетін G-ақуызбен байланысқан калий өзекшелерінің белсенділенуімен байланысты. Дозаны бастапқы таңдау тұсында сипонимодтың S1P1 рецепторларына функционалдық антагонизмі себебінен демеуші дозаға дейін жетуге дейін жүретін GIRK өзектерінің бірізді десенсибилизациясы туындайды.
QT аралығының ұзару ықтималдығы
Арнайы QT-зерттеуінде сипонимодтың емдік (2 мг) және емдік деңгейінен жоғары (10 мг) дозаларының жүрек реполяризациясына ықпалы зерттелмеген. Сипонимод қабылдау кезінде QT аралығының ұзаруымен байланысты аритмогенді қуатының болуы расталмады. Сипонимод дозасын қабылдаудан кейін 3 сағаттан соң бастапқы мәнін 5 мс-ден жоғары түзете отырып, QTcF орташа плацебо-түзетілген мәнін (ΔΔQTcF) арттырды, орташа ең жоғары әсері 2 мг дозаны қабылдағанда 7,8 мс және 10 мг дозаны қабылдағанда 7,2 мс құрады. ΔΔQTcF үшін бір жақты 95% сенім аралығының жоғарғы шегі барлық уақыт нүктелерінде 10 мс-ден төмен күйде қалды. Санаттық талдауда емдеу аясында QTc > 480 мс аралығының ұзару жағдайлары, QTc аралығының бастапқы деңгейден > 60 мс ұзарған жағдайлары және түзетілген немесе түзетілмеген QT/QTc > 500 мс мәнінің ұзарған жағдайлары анықталмады.
Өкпе функциясы
Препаратты бір немесе бірнеше дозасын 28 күн бойы қабылдау өкпенің жеделдетілген тіршілік сыйымдылығынан (ӨЖТС) ЖДК1 және дем шығарудың сәттік көлемдік жылдамдығы 25-75% (СКЖ 25-75) шамасы бойынша бағалау жүргізілгенде тыныс жолдары кедергісінің клиникалық мәнді артуымен қатар жүрмеді. Емдік емес дозасын (> 10 мг) бір рет қабылдағанда аздап ЖДК1 төмендеу үрдісі білінді. Бірнеше дозасын қабылдау доза шамасына және тәулік уақытына қарамастан ЖДК1 және СКЖ 25-75% жеңіл және орташа өзгерістеріне әкелді, тыныс жолдарының кедергісі артатын клиникалық көріністермен қатар жүрмеді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
СҮШС бар пациенттерде тәулігіне бір рет 2 мг дозасына бағалау жүргізілетін III фаза зерттеуінде сипонимод тиімділігі зерттелді.
СҮШС бар пациенттердің қатысуымен A2304 зерттеуі (EXPAND)
A2304 зерттеуі қайталанулар болмаса немесе оларға байланыссыз, зерттеуге қосылуға дейін 3 ай бойы қайталану дәлелдері болмаса, соның алдындағы 2 жылда тіркелген құжатпен расталған үдеу белгілерімен және зерттеуге тіркелген сәтте Мүгедектікке ұшырау дәрежесін бағалаудың кеңейтілген шкаласы (EDSS) бойынша медианалық балл 3,0-ден 6,5 дейін болатын СҮШС бар пациенттерде рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын, оқиғалардың және кейіннен қадағалау кезеңінің ұзақтығы бойынша басқарылатын III фаза зерттеуі болды. Бастапқы EDSS медианасы 6,0 құрады. 61 жастан асқан пациенттер зерттеуге қосылмады. Ауру белсенділігіне қатыстысы, СҮШС кезіндегі қабыну белсенділігіне тән белгілер аурудың қайталануымен немесе көріністік зерттеулердің орындалуымен (яғни, T1-өлшенген кескіндердегі Gd-күшейтетін зақымданулар немесе T2-өлшенген кескіндердегі белсенді [жаңа немесе ұлғаятын] зақымданулар) байланысты болуы мүмкін.
Пациенттер тәулігіне бір рет 2 мг сипонимод немесе плацебо қабылдау тобында 2:1 арақатынасында рандомизацияланды. Клиникалық бағалаулар скрининг кезінде, әр 3 ай сайын және қайталану уақытында жүргізілді. МРТ бағалаулары скрининг кезінде және әр 12 ай сайын жүргізілді.
Зерттеудің бастапқы соңғы нүктесі 3 ай бойы сақталатын EDSS мәнінің бастапқы мәннен, кем дегенде, 1 балл артуы ретінде айқындалатын (EDSS бастапқы мәні 5,5 немесе одан көп пациенттер үшін 0,5 балл артуы) мүгедектіктің 3-айлық расталған үдеу кезеңіне дейінгі уақыт (CDP) болды. Шешуші салдарлы соңғы нүктелері уақыт есебімен (T25W) 25-пұт жүріс тестісінің бастапқы мәннен, кем дегенде, 20% 3-айлық расталған нашарлауына дейінгі уақыт әрі, бастапқы мәнмен салыстырғанда, T2-өлшенген кескіндегі зақымдану көлемінің өзгеруі болды. Қосымша салдарлы соңғы нүктелер 6-айға дейінгі CDP уақытын, ми көлемінің пайыздық өзгерісін және қабыну ауруының белсенділік көрсеткіштерін (жыл ішінде қайталану жиілігі; МРТ әдісімен бағаланған зақымданулар) қамтыды. Зерттеудің эксплоративтік соңғы нүктесі символдар мен сандарды салыстыратын тест қолданумен анықталған когнитивтік өңдеу жылдамдығының өзгеруі болды.
Жекелеген пациенттер үшін зерттеу ұзақтығы әртүрлі болды (зерттеу ұзақтығының медианасы 21 айға созылды, диапазон: 1 күннен 37 айға дейін).
Зерттеу 1651 пациентті немесе сипонимод 2 мг (N=1105) немесе плацебо (N=546) қабылдау тобында рандомизациялауды қамтыды; сипонимод қабылдаған пациенттердің 82%-ы және плацебо алған пациенттердің 78%-ы зерттеуді аяқтады. Зерттеудің басталу сәтінде жас медианасы 49 жасты құрады, аурудың орташа ұзақтығы – 16 жыл, ал EDSS шкаласы бойынша орташа балл — 6,0. Пациенттердің 64%-да зерттеудің басталуына дейін 2 жыл бойы қайталанулар болмады, ал 76%-да бастапқы МРТ-сканерлеу кезінде гадолиний (Gd) күшейтетін зақымданулар болмады. Пациенттердің 78%-ы бұрын ШС себебімен ем қабылдаған.
3-айлық және 6-айлық CDP басталу уақыты сипонимод үшін, плацебомен салыстырғанда, 3-айлық CDP қаупінің 21% төмендеуімен (қауіптер қатынасы [HR] 0,79, p = 0,0134) және плацебомен салыстырғанда, 6-айлық CDP қаупінің 26% төмендеуімен (HR 0,74, р = 0,0058) едәуір кейінге шегерілді.
1 сурет EDSS үшін Каплан-Мейер қисықтары негізінде 3- және 6-айлық CDP бар пациенттер (толық іріктелуі бойынша талдау, A2304 зерттеуі)
3-айлық CDP дейінгі уақыт, плацебомен салыстырғанда — 6-айлық CDP дейінгі уақыт, плацебомен салыстырғанда
(бастапқы соңғы нүкте) 6-айлық CDP бар пациенттер пайызы 6-айлық CDP бар пациенттер пайызы 3-айлық CDP бар пациенттер пайызы 3-айлық CDP бар пациенттер пайызыҚауіп бар пациенттер саныҚауіп бар пациенттер саныПлацебо (N = 546)Плацебо (N = 546)Сипонимод (N = 1099)Сипонимод (N = 1099)СипонимодСипонимодПлацебоПлацебо00101020203030404050500010102020303040405050006612121818242430303636424200661212181824243030363610991099947947781781499499289289101101440054654646346335235222322312412435350000Қауіп бар пациенттер саны Қауіп бар пациенттер саны СипонимодСипонимодПлацебоПлацебо1099109996096081181152552530630610610655546546473473361361230230128128373711
Қауіптер қатынасы: 0,79, p = 0,0134; (95% СА: 0,65, 0,95); қауіп төмендеуі: 21%Қауіптер қатынасы: 0,79, p = 0,0134; (95% СА: 0,65, 0,95); қауіп төмендеуі: 21%Қауіптер қатынасы: 0,74, p = 0,0058; (95% СА: 0,60, 0,92); қауіп төмендеуі: 26 %Қауіптер қатынасы: 0,74, p = 0,0058; (95% СА: 0,60, 0,92); қауіп төмендеуі: 26 %
Зерттеу айы Зерттеу айы
3 кесте A2304 зерттеуінің клиникалық және МРТ нәтижелері
Соңғы нүктелер — A2304 (EXPAND)
Сипонимод 2 мг (n=1099) — Плацебо (n=546)
Клиникалық соңғы нүктелері
Тиімділігінің негізгі соңғы нүктесі: 3 ай ішінде мүгедектік үдеуі расталған пациенттердің пайыздық үлесі (негізгі соңғы нүкте) — 26,3% — 31,7%
Қауіп төмендеуі 1 — 21% (p=0,0134)
3 ай ішінде 25-фут жүріс тестісі мәндерінің 20% артуымен расталған пациенттердің пайыздық үлесі — 39,7% — 41,4%
Қауіп төмендеуі 1 — 6% (p=0,4398)
6 ай ішінде мүгедектік дәрежесінің үдеуі расталған пациенттердің пайыздық үлесі — 19,9% — 25,5%
Қауіп төмендеуі 1 — 26% [(p=0,0058)]6
Жыл ішінде қайталану жиілігі (ARR) — 0,071 — 0,152
Жиілік төмендеуі 2 — 55% [(p<0,0001)] 6
МРТ соңғы нүктелері
Бастапқы T2-өлшенген кескіндерден зақымдану көлемінің өзгеруі (мм3) 3 — +184 мм3 — +879 мм3
T2-өлшенген кескіндерінің зақымдану көлемі өзгеруінің айырмасы — –695 мм3 (p<0,0001) 7
Бастапқы мәнінен ми көлемінің пайыздық өзгерісі (95% СА)3 — –0,497% — -0,649%
Ми көлемінің пайыздық өзгерісінің айырмасы — 0,152% [(p=0,0002)]6
T1-өлшенген кескіндердегі Gd-күшейтетін зақымданулардың орташа жиынтық саны (95% СА)4 — 0,081 — 0,596
Жиілік төмендеуі — 86% [(p<0,0001)] 6
Символдар мен сандар салыстырылатын тест қолданумен анықталған 4 балл нашарлауы бар пациенттер пайызы — 16,0% — 20,9%
Қауіп төмендеуі 1 — 25% [(p=0,0163)]6
Үдеуге дейінгі уақытқа арналған Кокс модельдеуінен Қайталану оқиғаларына арналған модельден 12 және 24 ай ішіндегі орташа мәні 24 айға дейін 6 ай өткен соң расталған [Көп деңгейлі тестілеуде қамтылмаған және көп түрлілікке түзетілмеген соңғы нүктелер үшін номиналдық p мәні] Расталмаған p мәні; көп деңгейлі тестілеу рәсімі соңғы нүктеге дейін жетуге дейін тоқтатылды
Зерттеу нәтижелері жыныстық тегі, жасы, зерттеуге дейін қайталану белсенділігі, МРТ нәтижелері бойынша аурудың бастапқы белсенділігі, ауруға шалдығу ұзақтығы және мүгедектіктің бастапқы көрсеткіштері негізінде жасақталған қосалқы топтарда, плацебомен салыстырғанда, сипонимод үшін 3- және 6-айлық CDP уақытында қауіптің ауыспалы, бірақ бірізді төмендеуін көріністеді.
Белсенді ауруы бар пациенттердің қосалқы тобында (n=779) (зерттеуге дейінгі 2 жыл ішінде қайталануы болған және/немесе T1-өлшенген кескіндерде Gd-күшейтетін зақымданулар бастапқыда болған пациенттер ретінде айқындалған) бастапқы сипаттамалар жалпы қауыммен ұқсас болды. Зерттеудің басталуы тұсында жас медианасы 47 жасты құрап, ауруға шалдығудың орташа ұзақтығы 15 жыл, ал EDSS шкаласы бойынша орташа балл 6,0 болды.
3-айлық және 6-айлық CDP басталуына дейінгі уақыт сипонимод қабылдаған белсенді ауруы бар пациенттерде, тиісінше, плацебомен салыстырғанда, 31% (қауіптер қатынасы [HR] 0,69; 95% СА: 0,53, 0,91) және плацебомен салыстырғанда, 37% (HR 0,63; 95% СА: 0,47, 0,86) едәуір кейінге шегерілді. ARR жиілігі (расталған қайталанулар), плацебомен салыстырғанда, 46% төмендеді (ARR арақатынасы 0,54; 95% СА: 0,39, 0,77). T1-өлшенген кескіндерде Gd-арттыратын зақымданулардың қосынды саны жиілігінің салыстырмалы төмендеуі 24 ай ішінде, плацебомен салыстырғанда, 85% құрады (қауіптер арақатынасы 0,155; 95% СА: 0,104, 0,231). Т2-өлшенген кескіндерде зақымданулар көлемі өзгерісінің және ми көлемінің өзгеріс пайыздарының айырмасы (орта есеппен, 12 және 24 ай ішінде), плацебомен салыстырғанда, тиісінше, 1163 мм3 (95% СА: – 1484, – 843 мм3) және 0,141% (95% СА: 0,020, 0,261%) құрады.
2 сурет Белсенді СҮШС бар EDSS қосалқы тобында Каплан-Мейер қисығы негізіндегі үш және алты айлық CDP бар пациенттер (толық іріктелуі бойынша талдау, A2304 зерттеуі)
3-айлық CDP дейінгі уақыт, плацебомен салыстырғанда — 6-айлық CDP дейінгі уақыт, плацебомен салыстырғанда
(бастапқы соңғы нүкте)6-айлық CDP бар пациенттер пайызы6-айлық CDP бар пациенттер пайызы3-айлық CDP бар пациенттер пайызы3-айлық CDP бар пациенттер пайызы
001010202030304040505000101020203030404050500066121218182424303036364242006612121818242430303636 516 516439439376376245245149149 48 481100263263221221164164112112 68 6819190000СипонимодСипонимодПлацебоПлацебо 516 516447447391391258258156156 51 5126326322522517117111511568682020
Қауіптер қатынасы: 0,63 (95% СА: 0,47, 0,86); қауіп төмендеуі:37%Қауіптер қатынасы: 0,63 (95% СА: 0,47, 0,86); қауіп төмендеуі:37%Қауіптер қатынасы: 0,69 (95% СА: 0,53, 0,91); қауіп төмендеуі: 31%Қауіптер қатынасы: 0,69 (95% СА: 0,53, 0,91); қауіп төмендеуі: 31%
1 01 0
0 00 0Сипонимод
Плацебо
Сипонимод (N = 516)Сипонимод (N = 516)Плацебо (N = 263)Плацебо (N = 263)
Сипонимод (N = 516)Сипонимод (N = 516)
Белсенді ауру белгілері мен симптомдары бар пациенттердің қосалқы тобында (n=827) (зерттеуге дейін 2 жыл ішінде қайталануы болған және T1-өлшенген кескіндерде Gd-күшейтетін зақымданулар бастапқыда болған пациенттер ретінде айқындалатын) 3-айлық және 6-айлық CDP тарапына аздап ықпалы болды (қауіп төмендеуі, тиісінше, 7% және 13% құрады).
A2304 (EXPAND) зерттеуінің кейінгі талдауы сипонимодтың EDSS ≥7,0-ге дейін дамуын кешіктіретінін көрсетті (зерттеудің соңына дейін, яғни мүгедектер арбасына дейінгі уақыт), бұл тәуекелдің 38% төмендеуіне әкеледі (Кокс моделі бойынша HR 0,62; 95% ci: 0,41, 0,92). Каплан-Мейердің бағалауы бойынша 24 айға дейін EDSS ≥7,0-ге жеткен пациенттердің пайызы сипонимод тобында 6,97% және плацебо тобында 8,72% құрады. Белсенді VPRS бар науқастардың кіші тобында тәуекелдің төмендеуі 51% құрады (HR 0,49; 95% СА: 0,27, 0,90) және Каплан-Мейердің 24 айлық ұпайлары сипонимод тобында 6,51% және плацебо тобында 8,69% құрады. Бұл нәтижелер зерттеу сипатына ие болғандықтан, оларды сақтықпен түсіндіру керек.
Балалар жасындағы пациенттер
Еуропалық дәрілік заттар агенттігі шашыранды склерозды емдеу кезіндегі балалар жасындағы қауымның бір немесе одан көп қосалқы топтарында сипонимод қолданумен жүргізілген зерттеулер нәтижелерін қарауға ұсыну міндеттемесінен бас тартты (препаратты педиатриялық қолдану жөніндегі ақпаратты 4.2 бөлімінен қараңыз).