Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки диспергируемые в полости рта
Дозировка
10 мг
Торговое наименование
КАВИНТОН® КОМФОРТЕ
Действующее вещество
Винпоцетин
Назначение
Неврология: ишемиялық инсульт, қантамырлы вертебробазилярлық жеткіліксіздік, қантамыр деменциясы, ми тамырларының атеросклерозы, жарақаттан кейінгі және гипертониялық…
Производитель
Гедеон Рихтер
Страна
Венгрия
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат – винпоцетин, 10 мг,
қосымша заттар: маннитол, желатинделген жүгері крахмалы, бутилметакрилат сополимері, төмен орын басқан гидроксипропилцеллюлоза, А типті кросповидон, магний стеараты, натрий стеарилфумараты, коллоидты кремнийдің қостотығы, аспартам, стеарин қышқылы 50, натрий лаурилсульфаты, диметикон, апельсин хош иістендіргіші.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Екі беті дөңес, ақ немесе ақ дерлік түсті, бір жағында «N83» нақыштамасы бар және екінші жағы тегіс, дөңгелек пішінді таблеткалар.
- Неврология: ишемиялық инсульт, қантамырлы вертебробазилярлық жеткіліксіздік, қантамыр деменциясы, ми тамырларының атеросклерозы, жарақаттан кейінгі және гипертониялық энцефалопатия салдарының симптоматикалық емі. Мидың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылуына байланысты неврологиялық немесе психикалық бұзылу көрінісін азайту үшін.
- Офтальмология: көздің торлы қабығының және қантамыр қабығының созылмалы қантамыр аурулары.
- Отология: перцептивті типтегі есту қабілетінің төмендеуі, Меньер синдромы, құлақтағы шуыл сезімі.
Винпоцетин кешенді әсер ету механизмі бар қосылыс болып табылады, ол мидағы метаболизмге және мидың қан ағымына, сондай-ақ қанның реологиялық қасиеттеріне жағымды әсер етеді.
Винпоцетиннің нейропротекциялық әсері бар: қоздырғыш амин қышқылдарынан туындаған цитоуытты реакциялардың зиянды әсерін әлсіретеді. Потенциалға тәуелді Na+ және Ca2+- өзекшелерін, сондай-ақ NMDA және AMPA-рецепторларын бөгейді. Аденозиннің нейропротекциялық әсерін күшейтеді.
Винпоцетин мидың метаболизмін стимуляциялайды: глюкоза мен O2 қармалуын арттырады және олардың ми тініне сіңірілуін стимуляциялайды. Мидың гипоксияға төзімділігін арттырады; ми тіндері үшін бір ғана энергия көзі – глюкозаның гематоэнцефалдық бөгет арқылы тасымалдануын арттырады; глюкоза метаболизмін энергетикалық тұрғыдан жағымдырақ аэробтық жолға қарай жылжытады; Ca2+-кальмодулинге тәуелді цГМФ-фосфодиэстеразаны (ФДЭ) іріктеп тежейді; мида цАМФ және цГМФ деңгейін жоғарылатады. Мидағы АТФ концентрациясын және АТФ/АМФ арақатынасын арттырады; мида норадреналин мен серотониннің айналымын арттырады; жоғарыға кететін норадренергиялық жүйені стимуляциялайды; антиоксиданттық әсер береді; барлық осы әсерлердің нәтижесінде винпоцетин церебропротекторлық әсерін тигізеді.
Винпоцетин мидағы микроайналымды жақсартады: тромбоциттердің агрегациясын тежейді, қанның тұтқырлығының патологиялық жоғарылауын төмендетеді; эритроциттердің деформациялану қабілетін арттырады және олардың аденозинді сіңіруін тежейді; О2-нің эритроциттерге тектестігін төмендету есебінен оның жасушаларға өтуіне ықпал етеді.
Винпоцетин мидағы қан ағымын іріктеп арттырады: жүрек лықсытуының церебральды фракциясын арттырады; жүйелі қан айналымы көрсеткіштеріне (артериялық қысым, жүрек лықсытуы, жүректің жиырылу жиілігі, жалпы шеткері қантамыр кедергісі) ықпалын тигізбей, церебральді тамырлық кедергіні азайтады; «жымқыру» синдромын тудырмайды. Бұдан басқа, қолдану кезінде ишемияның перфузиясы төмен, зақымданған (бірақ әлі некрозданбаған) бөліктерінің қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады («жымқырудың кері синдромы»).
Дозалау режимі
Әдеттегі тәуліктік дозасы 10 мг-ден 3 ретті құрайды (тәулігіне 30 мг).
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған. Таблеткаларды тамақтан кейін қабылдау керек.
Кавинтон Комфорте, ауыз қуысында ұсақталатын 10 мг таблеткаларын аз мөлшердегі сумен тұтастай жұтуға болады, жұту қиын болғанда таблетканы сору үшін тілге қою керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Препаратты қолдану тәсіліне қатысты күмән туған жағдайда емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
- белсенді затқа немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде атап көрсетілген препараттың қосымша компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік, бала емізу кезеңі және контрацепцияның сенімді әдісін қолданбайтын, бала туу функциясы сақталған әйелдерде қолдану
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде (тиісті клиникалық зерттеулерде деректердің жеткіліксіз болуына байланысты)
- фенилкетонурия
Жиі емес
- бас айналу (айналу сезімі);
- іштегі жайсыздық сезімі;
- ауыздың құрғауы;
- жүрек айнуы;
- артериялық қысымның төмендеуі;
- төмен артериялық қысым;
- қандағы холестериннің жоғары деңгейі;
- бас ауыруы
Сирек
• лейкоциттер деңгейінің төмендеуі;
• тромбоциттер деңгейінің төмендеуі;
• жүрек бұлшықетіне жеткіліксіз қан ағымы, жүрек ұстамасы;
• жүрек тұсының қысылып ауыруы;
• жүректің баяу соғуы;
• жүректің жылдам соғуы;
• қатты жүрек соғуын сезіну;
• экстрасистолия;
• естудің өзгеруі;
• құлақтың шыңылдауы;
• көру жүйкесі бүртігінің ісінуі;
• іштің ауыруы;
• іш қату;
• диарея;
• ас қорытудың бұзылуы;
• құсу;
• әлсіздік;
• дімкәстік;
• ысыну сезімі;
• артериялық қысымның жоғарылауы;
• қандағы триглицеридтер деңгейінің жоғарылауы;
• ЭКГ-дағы өзгерістер;
• лейкоциттердің жекелеген түрлері деңгейінің төмендеуі / жоғарылауы;
• бауыр ферменттері деңгейінің өзгеруі;
• тәбеттің жоғалуы, төмендеуі;
• қант диабеті;
• бас айналуы;
• дәм сезудің бұзылуы;
• психикалық және физикалық мелшию;
• дененің бір жағындағы бұлшықет әлсіздігі;
• ұйқышылдық;
• жадының бұзылуы;
• ұйқысыздық;
• ұйқының бұзылуы;
• мазасыздық;
• тері жабындарының қызаруы;
• шамадан тыс терлеу;
• қышыну;
• тері бөртпесі;
• есекжем;
• артериялық қысымның жоғарылауы;
• бетке қан тебуі;
• веналардың қабынуы
Өте сирек (< 1/10000)
• анемия (қаназдық);
• эритроциттердің жабысуы (агглютинация);
• конъюнктива гиперемиясы (қызару);
• жұту кезіндегі қиындықтар;
• ауыздың шырышты қабығының қабынуы;
• кеудедегі жайсыздық;
• аритмия;
• жүрекшеге байланысты жүрек ырғағының бұзылуы;
• дене температурасының төмендеуі;
• жоғары сезімталдық реакциялары (аллергия);
• лейкоциттер санының азаюы/жоғарылауы;
• эритроциттер санының азаюы;
• тромбиндік уақыттың қысқаруы;
• дене салмағының артуы;
• тремор;
• құрысулар (аяқта);
• эйфория жағдайы;
• депрессия;
• терінің қабынуы;
• артериялық қысымның ауытқуы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Арнайы антидоты жоқ. Емі: симптоматикалық және демеуші ем.
Арнайы сақтандырулар
QT аралығының ұзаруы
QT аралығы ұзару синдромы болған кезде немесе QT аралығының ұзаруын туғызатын дәрілік препараттарды бір мезгілде қолданған кезде ЭКГ-бақылау ұсынылады.
Қосымша заттар
Кавинтон Комфорте препаратының әрбір таблеткасында 1,28 мг аспартам бар. Аспартам фенилаланиннің көзі болып табылады. Егер Сізде фенилкетонурия (ФКУ), тиісті түрде шығарылу қабілетінің жоқтығынан, фенилаланин организмде жинақталатын сирек генетикалық ауру болса, фенилаланин сізге зиян тигізуі мүмкін. Бұл дәрілік препараттың құрамында бір таблеткасында 1 ммоль-ден аз натрий (23 мг) бар, яғни іс жүзінде натрий жоқ.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Винпоцетиннің көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері туралы деректер жоқ.
Жүктілік кезінде және емшек емізу кезеңінде, сондай-ақ контрацепцияның сенімді әдісін пайдаланбайтын, бала туу функциясы сақталған әйелдерде винпоцетинді қолдануға болмайды.
Жүктілік
Винпоцетин плацентарлық бөгет арқылы өтеді, бірақ плацентада және шарана қанында оның концентрациясы жүкті әйелдің қанындағыға қарағанда төмен. Даму ақауларын қоса алғанда, ұрпақ өрбітуге уыттылығы білінуі мүмкін.
Винпоцетиннің үлкен дозаларын қолдану плаценталық қан кетуге немесе түсік тастауға әкелуі мүмкін, плаценталық қан ағынының күшеюі нәтижесінде деген болжам бар.
Бала емізу
Винпоцетин емшек сүтіне өтеді. Ананың қанындағыға қарағанда сүтінде винпоцетин концентрациясы он есе жоғары. 1 сағат ішінде емшек сүтіне қабылданған дозаның 0,25%-ы енеді. Винпоцетин емшек сүтіне енетіндіктен, ал оның емшек жасындағы балаларға әсері туралы деректер болмағандықтан, емшек емізу кезінде оны қолдануға болмайды.
Фертильділік
Зерттеу нәтижелері бойынша винпоцетин фертильділікке әсер етпейді.
Винпоцетинді және бета-блокаторларды (хлоранолол және пиндолол сияқты), клопамидті, глибенкламидті, дигоксинді, аценокумаролды немесе гидрохлоротиазидті бір мезгілде қолданғанда өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.
Сирек жағдайларда альфа-метилдопа мен винпоцетинді бір мезгілде қолданған кезде елеусіз қосымша әсері туралы хабарланған, мұндай біріктірілімде артериялық қысымды тұрақты бақылап отыру ұсынылады.
Өзара әрекеттесу мүмкіндігін растайтын деректердің болмауына қарамастан, винпоцетинді орталық жүйке жүйесіне әсер ететін препараттармен бір мезгілде қолданған кезде, сондай-ақ аритмияға қарсы және антикоагулянттық әсері бар препараттарды бір мезгілде қолданған жағдайда сақтық таныту ұсынылады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.