Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Капсулы
Дозировка
110 мг
Торговое наименование
Карсил® Макс
Действующее вещество
Силимарин
Назначение
Бауырдың созылмалы қабыну аурулары, бауыр циррозы және бауырдың уытты зақымдануы (бауырдың уытымен туындатылған) демеуші емдеу үшін
Производитель
АО СОФАРМА
Страна
Болгария
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат: Шұбар алатікен жемістері құрғақ экстрактісі (Silybi mariani fructus extractum siccum raffinatum et normatum) 200,0-275,0 мг, силибинин бойынша анықталған 110 мг силимаринге баламалы
қосымша заттар: маннитол, повидон, полисорбат, натрий лаурилсульфаты, натрий крахмалы гликоляты, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий гидрокарбонаты, тазартылған су.
Капсула корпусы: темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің сары тотығы (Е172) титанның қостотығы (Е171), желатин.
Капсула қақпақшасы: темірдің қара тотығы (E172), темірдің қызыл тотығы (E172), титанның қостотығы (E171), желатин.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Цилиндр пішінді, өлшемі №0, корпусы мөлдір емес, қызғылт-қоңыр (карамель) түсті және қақпақшасы мөлдір емес қоңыр (шоколад секілді қоңыр) түсті қатты желатинді капсулалар.
Капсуланың ішіндегісі – бозаң-сарыдан сары-қоңыр түске дейінгі агломераттары бар ұнтақ тәрізді масса, сәл спецификалық иісі бар.
Бауырдың созылмалы қабыну аурулары, бауыр циррозы және бауырдың уытты зақымдануы (бауырдың уытымен туындатылған) демеуші емдеу үшін.
Дәрілік зат жедел улануларды емдеу үшін көрсетілмеген.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дозалау режимі
Ересектер және 12 жастан асқан балалар
Бауырдың ауыр зақымдануын емдеу күніне 3 рет 1 капсула дозадан басталады.
Жеңіл жағдайларда және орташа ауырлықтағы жағдайларда дозасы 1 капсуладан күніне 2 рет болады.
Енгізу әдісі мен жолы
Капсулаларды сұйықтықтың мол мөлшерімен ішіп, ішке қабылдайды.
Емдеу ұзақтығы
Дәрілік препаратты қанша уақыт қабылдайтыныңызды дәрігер белгілейді. Карсил Максты қабылдағанға қарамастан шағымдар сақталса, дәрігермен кеңесу керек. Карсил Макстың әсері тым күшті немесе тым әлсіз деп ойласаңыз, дәрігермен немесе фармацевтпен кеңес алуға сұраймыз.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Егер Сіз бір дозаны қабылдауды өткізіп алсаңыз, оны мүмкіндігінше тезірек қабылдаңыз. Егер келесі дозаның уақыты келсе, ұмытылған дозаны өткізіп жіберіп, оны әдеттегідей қабылдаңыз. Ұмытылған дозаның орнын толтыру үшін еселі дозаны қабылдамаңыз. Дәріні қабылдауды осы нұсқаулықта сипатталғандай жалғастырыңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкердің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар
• Егер Сізде осы препаратты қолдануға қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, дәрігерге немесе фармацевтке хабарласыңыз.
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
Сирек
- бауыр мен өт қабының жұмысының жоғарылауы нәтижесіндегі диарея.
Өте сирек
- терінің аллергиялық реакциялары – қышыну, бөртпе.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық деректер базасына жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Силимариннің артық дозалану жағдайлары туралы хабарламалар жоқ.
Артық дозаланған жағдайда сипатталған жанама әсерлер көбірек болуы мүмкін. Карсил Макстың артық дозалануына күдіктенсеңіз, дәрігерге хабарлаңыз. Арнайы антидот белгісіз.
- Осы препаратпен емдеу диетаны сақтаудың немесе алкогольді пайдалануды тоқтата тұрудың орнын баса алмайды.
- Карсил Макс қабылдағанда сарғаюдың болуына ерекше назар аудару керек (терінің ақшыл сарыдан күңгірт сарыға дейінгі рең иеленуі, көз ағының сарғаюы); бұл жағдайда дәрігермен кеңесу қажет.
• Балаларда силимариннің тиімділігі және қауіпсіздігі туралы жеткілікті
деректер жоқ, сондықтан Карсил Макс препараты 12 жастан кіші балаларға ұсынылмайды.
Дәрілік препараттың құрамында:
Маннитол – үлкен дозаларда (10 грамнан жоғары) жеңіл босаңсыту әсерін туғызуы мүмкін.
Натрий - бұл препараттың бір капсуласында 2,595 мг немесе 0,113 ммоль натрий бар - бір капсулада 1 ммольден (23 мг) аз натрий, яғни натрий іс жүзінде жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
• Егер Сіз жүкті болсаңыз немесе емізіп жүрсеңіз, жүкті болуым мүмкін деп ойласаңыз немесе жүктілікті жоспарлап жүрсеңіз, осы дәрілік затты қабылдамас бұрын дәрігерден немесе фармацевтен кеңес алыңыз.
Жүктілік және бала емізу кезінде препаратты қолдануға болмайды.
• Егер Сіз басқа дәрілерді, соның ішінде рецептсіз қолжетімді дәрілерді қабылдап жүрсеңіз немесе жақында қабылдаған болсаңыз, дәрігеріңізге немесе фармацевтке хабарлауыңызды сұраймыз.
Белгілі өзара әрекеттесулер жоқ.
Сақтау мерзімі
5 (бес) жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Ылғалдан қорғау үшін түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.