Каптоприлді қолдану кезінде хабарланған жағымсыз реакциялар төменде жүйелік-ағзалық кластар мен пайда болу жиілігі бойынша берілген.
Жиілік санаттары: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, бірақ <1/10), жиі емес (≥1/1000, бірақ <1/100), сирек (≥1/10000, бірақ <1/1000), өте сирек (<1/10000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде, пайда болу жиілігін анықтау мүмкін емес).
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар: өте сирек-нейропения/агранулоцитоз, панцитопения (әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде), анемия (аплазиялық немесе гемолиздік), тромбоцитопения, лимфаденопатия, эозинофилия, аутоиммунды аурулар.
Метаболизм және тамақтану тарапынан бұзылулар: сирек-анорексия; өте сирек-гиперкалиемия, гипогликемия.
Психикалық бұзылулар: жиі-ұйқының бұзылуы; өте сирек-сананың шатасуы, депрессия.
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: жиі-дәм сезу қабілетінің бұзылуы, бас айналу; сирек – ұйқышылдық, бас ауыруы, парестезия; өте сирек – цереброваскулярлық оқиғалар, соның ішінде инсульт пен естен тану.
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар: өте сирек – көру қабілетінің бұзылуы.
Жүрек тарапынан бұзылулар: жиі емес– тахикардия, тахиаритмия, стенокардия, жүрек қағуы; өте сирек – жүректің тоқтап қалуы, кардиогендік шок.
Қантамырлар тарапынан бұзылулар: сирек-гипотензия, Рейно синдромы, эритема, бозару.
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар: жиі-құрғақ, тітіркендіретін жөтел және ентігу; өте сирек – бронх түйілуі, ринит, аллергиялық альвеолит/эозинофильді пневмония.
Асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар: жиі – жүрек айну, құсу, асқазанның тітіркенуі, іштің ауыруы, диарея, іш қату, ауыздың құрғауы; сирек – стоматит/афтозды ойық жаралар; өте сирек – глоссит, асқазан ойық жарасы, панкреатит.
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар: өте сирек – бауыр функциясының бұзылуы және холестаз (соның ішінде сарғаю), некрозды қоса, гепатит, бауыр ферменттері мен билирубин деңгейінің жоғарылауы.
Тері және теріасты шелі тарапынан бұзылулар: жиі-бөртпемен немесе бөртпесіз қышу, бөртпе және таздану; жиі емес– ангионевроздық ісіну; өте сирек – есекжем, Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема, фотосенсибилизация, пемфигоидты реакция және эксфолиативті дерматит.
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар: өте сирек – миалгия, артралгия.
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар: сирек-бүйрек жеткіліксіздігі, соның ішінде полиурия, олигурия және жиі несеп шығару; өте сирек – нефроздық синдром.
Ұрпақ өрбіту жүйесі және сүт бездері тарапынан бұзылулар: өте сирек – импотенция, гинекомастия.
Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар: сирек – кеуденің ауыруы, шаршау, дімкәстік; өте сирек – қызба.
Зертханалық және аспаптық деректер: өте сирек-протеинурия, эозинофилия, сарысудағы калий деңгейінің жоғарылауы, сарысуда натрийдің төмендеуі, қан сарысуындағы мочевинаның, креатининнің және билирубиннің жоғарылауы, гемоглобиннің, гематокриттің, лейкоциттердің, тромбоциттердің төмендеуі, ANA-титр деңгейінің жоғарылауы, ЭШЖ жоғарылауы.
Каптоприл ацетонға жалған оң несеп талдауының себебі мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медициналық қызметкерге, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz