Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Раствор для внутривенного введения
Дозировка
40 мг/мл
Торговое наименование
Калий хлориді
Действующее вещество
Калия хлорид
Назначение
Қант диабеті, ұзақ диарея, құсу аясында, кейбір диуретиктерді (тиазидтік, тиазид тәрізді, ілмектік) қолданғанда, глюкокортикостероидтармен, жүрек гликозидтерімен, гипотензиялық…
Производитель
АО Химфарм
Страна
Казахстан
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат - 40.0 мг калий хлориді (100 % затқа шаққанда),
қосымша заттар - 0.1 М хлорсутек қышқылы немесе 0.1М натрий гидроксидінің ерітіндісі, инъекцияға арналған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе сәл боялған сұйықтық
• қант диабеті, ұзақ диарея, құсу аясында, кейбір диуретиктерді (тиазидтік, тиазид тәрізді, ілмектік) қолданғанда, глюкокортикостероидтармен, жүрек гликозидтерімен, гипотензиялық препараттармен емдегенде пайда болған гипокалиемияны емдеуде және профилактикасында
• дигиталистік уыттануды емдеуде және профилактикасында
• шығу тегі әртүрлі аритмияларда (электролиттік бұзылулармен және абсолютті немесе салыстырмалы гипокалиемиямен байланысты)
• миокард инфарктісі бар пациенттерде аритмияның профилактикасында (жедел кезеңінде).
Әсер ету механизмі
Калий негізгі жасушаішілік ион болып табылады. Препарат организмде су-электролиттік тепе-теңдікті қалыпқа келтіреді, калий тапшылығының орнын толтырады. Көптеген цитоплазмалық ферменттерді белсенді етеді, жасушаішілік осмостық қысымды, ақуыздар синтезін, амин қышқылдарының тасымалдануын, жүйке импульстерінің өтуін реттейді, бұлшықет дистрофиясында, миастенияларда қаңқа бұлшықеттерінің жиырылуын жақсартады. Калий иондары жүректің жиырылу жиілігін сиретеді, жиырылу белсенділігін төмендетеді, миокардтың өткізгіштігін, автоматизмін және қозғыштығын азайтады.
Азғантай дозаларда К+ коронарлы қантамырларды кеңейтеді, үлкен дозаларда – тарылтады. Калий ацетилхолин мөлшерінің жоғарылауына және орталық жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің қозуына ықпал етеді. Орташа диуретиктік әсер береді. Калий деңгейінің жоғарылауы жүрек гликозидтерінің жүрекке уыттылық әсерінің даму қаупін төмендетеді. Бүйрек үсті бездерін стимуляциялайды және олармен эпинефриннің бөлініп шығуын ұлғайтады.
Дозалау режимі
1 ампула (10 мл) 40 мг/мл калий хлориді ерітіндісінде 0,4 г калий хлориді бар. Изотониялық ерітінді алу үшін (алынған ерітіндінің концентрациясы 4 мг/мл), 50 мл 40 мг/мл калий хлориді ерітіндісін (2,0 г калий хлориді) инъекцияға арналған суда 10 есе (500 мл-ге дейін) сұйылтады және вена ішіне тамшылатып (минутына 20-30 тамшы) енгізеді.
Вена ішіне тамшылатып енгізу үшін ерітіндіні 500 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісіндегі немесе 5% декстроза ерітіндісіндегі (алынған калий хлориді ерітіндісінің концентрациясы 5 мг/мл) 2,5 г калий хлоридіне дейінгі (40 мг/мл калий хлориді 62,5 мл ерітіндісіне дейін) есеппен дайындауға болады.
Енгізу әдісі және жолы
Препарат тек стационар жағдайында ғана қолданылады. Вена ішіне тамшылатып енгізеді.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Өткізіп алғанның орнын толтыру үшін препараттың қосарлы дозасын қабылдамаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар
Дәрілік препаратты қолданар алдында кеңес алу үшін дәрігерге жүгініңіз.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• бүйректің жедел және созылмалы жеткіліксіздігі (олигурия, анурия, азотемия)
• толық атриовентрикулярлы блокада
• бүйрек үсті безі жеткіліксіздігі
• калий жинақтаушы диуретиктермен қатарластыра емдеу
• гиперкалиемия (плазмадағы калий концентрациясы 5 ммоль/л астам)
• гиперхлоремия
• жедел сусыздану
• жылулық құрысулар
• метаболизмдік бұзылулар (ацидоз, гипонатриемиямен бірге гиповолемия)
• асқазан-ішек жолының эрозиялы-ойық жаралы аурулары
• 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер (тиімділігі және қауіпсіздігі анықталған жоқ)
• жүктілік және лактация кезеңі.
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
• жүрек айнуы, құсу, диарея, метеоризм, абдоминальді ауырулар, асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығының ойық жаралануы, асқазан-ішектен қан кетулер, перфорация және ішек бітелісі
• парестезиялар, бұлшықет әлсіздігі, сананың шатасуы
• артериялық қысымның төмендеуі, аритмиялар, атриовентрикулярлы өткізудің толық АV блокада пайда болғанға дейін баяулауы, жүректің тоқтап қалуы (артық дозаланғанда)
• гиперкалиемия, аллергиялық реакциялар.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: гиперкалиемия (қан сарысуында калий иондары концентрацияларының 5,5 мэкв/л-ден астам жоғарылауы), білінуі мыналар болып табылады: бұлшықеттік гипотонус, аяқ-қолдардың парестезиялары, атриовентрикулярлы өткізгіштіктің баяулауы, аритмиялар, жүректің тоқтап қалуы. Электрокардиограмманың ерте өзгерулері – V2-V4 кеуде бөліктерінде айқынырақ, төбесі үшкірленген және негізі тар биік Т тісшесі болады. Қан сарысуындағы калий иондарының концентрациясының 5,5-6,5 мэкв/л жоғарылауында білінеді.
Орташа гиперкалиемияда (қан сарысуындағы калий иондарының концентрациясы 6,5-8,0 мэкв/л) электрокардиографиялық белгілері мыналар болып табылады: Р тісшесі амплитудасының азаюы, РQ аралығының ұзаруы, QRS кешенінің кеңеюі, R тісшесі амплитудасының төмендеуі, қарыншалық экстрасистолия.
Гиперкалиемияның өте ауыр симптомдары – бұлшықеттің салдануы және жүректің тоқтап қалуы (электрокардиограммада өзгерулер – баяу немесе жылдамдатылған идиовентрикулярлы ырғақ, қарыншалар фибрилляциясы,
асистолия) қан сарысуындағы калий иондарының 9-14 мэкв/л концентрацияларында пайда болады.
Емі: ішке немесе вена ішіне – натрий хлоридінің ерітіндісі; вена ішіне - 300–500 мл декстроза ерітіндісі 1000 мл-дегі 10–20 ӘБ инсулинмен бірге; қажет болғанда - гемодиализ және перитонеальді диализ.
І-ІІ дәрежелі атриовентрикулярлы блокада кезінде сақтықпен қолдану керек.
Емделу кезеңінде қан сарысуындағы калий иондарының мөлшерін, электрокардиограмманы бақылау қажет, гипокалиемияны емдеген кезде қышқыл-негізді жағдайды бақылау керек.
Гипокалиемияның өліммен аяқталуға әкеп соғатынын ескерген жөн, ол тез пайда болуы және симптомсыз өтуі мүмкін.
Орын басушы емнің бастапқы сатысында глюкоза инфузиясы плазмадағы калий концентрациясының одан әрі төмендеуін туындатуы мүмкін.
Қант диабеті бар пациенттерге сақтықпен тағайындаған жөн.
Жүктілік кезінде қолдану қажет болса, ана үшін күтілетін пайдасы мен шаранаға потенциалды қаупін салыстыру керек.
Лактация кезеңінде емшек емізуді тоқтату туралы мәселені шешу керек.
Калий хлоридін балаларға қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Болуы мүмкін жағымсыз реакцияларды ескеріп, көлік құралдарын басқарғанда және қимыл-қозғалыстың дәл үйлесімін қажет ететін жұмыстарды жасағанда сақ болу қажет.
Қолдану тәжірибесінің жеткіліксіз болуына байланысты, жүкті әйелдерге тағайындалмайды. Лактация кезеңінде қолдану қажет болғанда емшек емізуді тоқтату жөніндегі мәселені шешкен жөн.
Жүрек гликозидтері ерітінділерімен фармацевтикалық тұрғыдан үйлеседі (олардың жағымдылығын жақсартады). Аритмияға қарсы дәрілік заттардың теріс дромо- және батмотроптық әсерін күшейтеді.
Поляризациялаушы қоспалар құрамында (декстрозамен және инсулинмен біріктіріп) жүрек ырғағының миокард инфарктісінде, эктопиялық аритмияларда және жүрек гликозидтерімен артық дозаланғанда қалыпты болуына мүмкіндік береді.
Бета-адреноблокаторлар, циклоспорин, гепарин, калий жинақтаушы диуретиктер, калий препараттары, ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштері, қабынуға қарсы стероиды емес дәрілер гиперкалиемияның пайда болу қаупін арттырады. Хинидиннің әсерін, дизопирамидтің жағымсыз реакцияларын күшейтеді.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 оС -ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.