Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Капсулы
Торговое наименование
Ивкер®
Действующее вещество
Другие препараты для лечения гинекологических заболеваний
Назначение
Етеккір алдындағы синдром, дисменорея, дисфункциялық жатырдан қан кету, етеккір циклінің бұзылуы, гиперменорея
Производитель
Хималайя Велнесс Компани
Страна
Индия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар
құрғақ экстрактісі:
Үнді саракасы қабығы 85 мг
Дашамула тамырлары 35 мг
Шоқ тәрізді симплокос қабығы 35 мг
Жүрек жапырақты тиноспора сабақтары 35мг
Қара алқа бүтін өсімдіктері 35мг
Жайылған берхавия тамырлары 35 мг
Шоқ тәрізді қасқыржем тамырлары 35 мг
Алоэ вера жапырақтары 25 мг
Ақ сантал ағаштары 25 мг
Дөңгелек сәлемшөп түйнектері 25 мг
Трифала ** 20 мг
Тамырлы адатода жапырақтары 20 мг
Трикату*** 20 мг
Капоков бомбакс қабығы 15 мг
Ұнтақтар:
Kasisa godanti bhasma 35 мг
Yashada bhasma 20 мг
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза
**- Emblica officinalis, Therminalia hebula және Therminalia belerica үш жемісінің гомогенді қоспасы
*** - құрамында қара бұрыш, ұзын бұрыш және зімбір бар аюрведалық препарат
Микрокристалды целлюлоза
Капсула құрамы:
Гипромеллоза
Тазартылған су
Каррагинан
Калия ацетаты
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ашық қоңырдан күңгірт қоңырға дейінгі түйіршіктермен толтырылған, түссіз, өлшемі «0» CT/CT өсімдік капсулалары.
- етеккір алдындағы синдром
- дисменорея
- дисфункциялық жатырдан қан кету
- етеккір циклінің бұзылуы
- гиперменорея
- ациклдік жатырдан қан кету
- олигоменорея
ATХ коды G02C
Әсер ету механизмі
Ивкер капсулалары эндометрийде стимуляциялайтын әсерінің есебінен етеккір циклін реттейді. Фитоэстрогендердің болуына байланысты күшті эстрогендік белсенділікке ие Үнді саракасы қабығы мен Шоқ тәрізді қасқыржем тамырлары белсенді компоненттерінің әсерінен, аналық без тініне әсерін ынталандырады. Препарат эндогендік гормоналды секрецияның жоғарылауына, эндометрияның қалпына келуіне ықпал етеді және осылайша жатырдан қалыптан тыс қан кетуін тоқтатады. Гонадотропиндер-гормонды стимуляциялайтын гормон (FSH) және лютеиндейтін гормоны (LH) гипофиздің алдыңғы бөлігінен шығарылады және фолликулалардың жетілуін, овуляцияны және эстроген мен прогестирон деңгейін реттейді. Алое вера жапырақтары, Тамырлы адатода жапырақтары, Дөңгелек сәлемшөп түйнектерімен эстрогендер өнімін төмендетеді, простагландиндер, окситоцин, вазопрессин өндірілуі төмендейді, бұл кешенде түрде жатырішілік тонустың, қысымның төмендеуіне әкеледі, осыған байланысты ауырсыну синдромы басылады. Иммуномодуляциялаушы және гемопоэздік қасиеттері бар Үнді саракасы қабығы және Тамырлы адатода жапырақтары, Дашамула тамырлары эндометрий ауруларына тән анемия мен жалпы әлсіздіктің жойылуына көмектеседі. Жыныс жолдарының жоғарғы және төменгі бөлігіндегі кіші жамбас инфекцияларында, Алое вера жапырақтары бедеуліктің себебі болып табылатын жыныс жолдарының жоғарғы және төменгі бөлігіндегі кіші жамбастың созылмалы немесе өрлемелі инфекцияларын тудыратын микроорганизмдерге қатысты микробқа қарсы әсердің кең спектріне иеленген. Yashada bhasma антисептикалық, тұтқыр және жараны емдейтін қасиеттерге ие. Психологиялық стресс дисменореяны, меноррагияны күшейтеді. Жүрек жапырақты тиноспора жапырағы, Жайылған берхавия тамырлары, Қара алқаның бүтін өсімдігі адаптогендік белсенділікке ие, өмірдегі өзгерістерге, стресстерге бейімделуге көмектеседі және организмнің төзімділігін арттырады.
Клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі
Ивкер капсулалары препаратының қауіпсіздігі әртүрлі зерттеулерде бағаланды. 1997 жылы Нью-Делидегі Акушерлік және гинекология институтында. Қауіпсіздік пен тиімділікті зерттеу 20-45 жас аралығындағы сау әйел еріктілерде жүргізілді. Пациенттер жатырдан дисфункционалды қан кету (ЖДҚК) кезінде 3 ай бойы күніне 2 рет 2 Ивкер капсуласын қабылдады. Қауіпсіздікті қосымша бағалау тиімділікті зерттеуде жүргізілді, гиперменорея кезінде бағалау осы патологиясы бар 31 пациентте жүргізілді. Ивкер препараты 3 ай бойы күніне 2-3 рет 2 капсуладан тағайындалды. Ивкер капсулаларын қолданған кезде 2 айда қан жоғалтудың төмендеуі байқалды. Ивкердің артықшылығы - жағымсыз әсерлердің даму қаупінсіз ұзақ уақыт қолдану мүмкіндігі, бұл клиникалық зерттеуде дәлелденді.
Дозалау режимі
Ересектерге күніне 1-2 капсуладан, емдеу курсы 3 ай немесе одан да көп, немесе дәрігердің тағайындауы бойынша.
Балалар
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған, деректер жоқ.
Егде жастағы пациенттер
Қатысты емес.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Деректер жоқ.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Деректер жоқ.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Егер сізге дәрілік препаратты қолдану тәсілі түсініксіз болса, емдеуші дәрігерден кеңес алу ұсынылады.
- әсер етуші заттарға немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Сирек
- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Егер дисменорея немесе жатырдан дисфункционалды қан кету ауыр болса және тиісті емдеуден кейін тоқтамаса, гинекологпен кеңесу ұсынылады. Препарат эстрогенге тәуелді ісіктері бар пациенттерде қолданылмайды.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған, деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе ықтимал қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Жүктілік кезінде және лактация кезеңінде препаратты қолдану ұсынылмайды, фертильділік туралы мәліметтер жоқ.
Препаратты гормональді препараттармен қабылдау Ивкер әсерін арттырады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Мұздатып қатыруға болмайды!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.