Әсер ету механизмі
Эплонтерсен фосфоротиондалған және фосфодиэфирленген нуклеотидтер арасындағы байланыстардан алынған аралас негіздегі Nацетилгалактозаминмен (GalNAc) конъюгацияланған 2′-O2-метоксиэтил-модификацияланған химерлік гапмерлі антисенстік олигонуклеотид (ASO) түрінде болады. GalNAc конъюгаты гепатоциттерге бағытталып ASO жеткізілуін қамтамасыз етеді. Эплонтерсеннің гепатоциттерде транстиретиннің матрицалық РНҚ-мен (мРНК TTR) селективті байланысуы мутантты да, қалыпты да (жабайы типті) мРНҚ TTR ыдырауына алып келеді. Бұл бауырдағы TTR ақуызының синтезін бөгейді, ол бауыр арқылы қан ағымына секрецияланатын TTR мутантты ақуызы мен TTR жабайы типті ақуызы деңгейінің едәуір төмендеуіне әкеледі.
Фармакодинамикалық әсерлері
Клиникалық зерттеуде эплонтерсен қабылдаған ATTRv-PN бар пациенттерде қан сарысуында TTR концентрациясының төмендеуі бірінші бағалаудың өзінде (5 апта) орын алды, ал TTR концентрациясының төмендеуі 35ші аптаға дейін жалғасты. TTR концентрациясының тұрақтанған төмендеуі бүкіл емдеу кезеңінің барысында (85 апта) білінді. Эплонтерсенмен емделгенде қан сарысуындағы TTR деңгейінің пайыздық төмендеуінің орташа мәні (стандартты ауытқуы (СА)), бастапқы деңгеймен салыстырғанда, 35ші аптада 82.1% (11.7), 65ші аптада 83.0% (10.4) және 85ші аптада 81.8% (13.4) құрады. Қан сарысуында TTR концентрациясының ұқсас төмендеуі, бастапқы деңгеймен салыстырғанда, жынысына, нәсіліне, жасына, өңіріне, дене салмағына, емдеудің алдындағы кардиомиопатия статусына, Val30Met мутациясының статусына және аурудың сатысына және отбасылық амилоидты кардиомиопатияның клиникалық диагнозының бастапқыда бар-жоғына қарамастан орын алды.
TTR – А дәруменінің (ретинол) негізгі тасымалдаушысы болып табылатын ретинол- байланыстырушы 4 ақуызды тасымалдайтын ақуыз. Осылайша, қан плазмасында TTR концентрациясының төмендеуі қан плазмасындағы ретинол концентрациясының қалыптың төменгі шегінен төмен деңгейіне дейін төмендеуіне әкеледі.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Эплонтерсен тиімділігі мен қауіпсіздігі, жалпы жиынтығы, ATTRv-PN бар 168 ересек пациент қосылған рандомизацияланған көп орталықтық ашық зерттеуде (NEUROTTRansform) бағаланды. Пациенттер референтті топ ретінде әр төрт аптада тері астына 45 мг дозада эплонтерсен (N=144) немесе аптасына бір рет 284 мг дозада инотерсен (N=24) алу үшін 6:1 арақатынасында рандомизацияланды. Эплонтерсен қабылдау үшін рандомизацияланған 144 пациенттен 140 (97.2%) пациент емделуді 35ші аптаға дейін, ал 135-і (93.8%) 65-ші аптаға дейін жалғастырды.
Сыртқы плацебо тобы инотерсеннің негізгі зерттеуінде (NEURO-TTR): ATTRv-PN бар ересек пациенттің қатысуымен рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын көп орталықтық клиникалық зерттеуде плацебо алған пациенттер қауымынан құралды. Бұл қауым аптасына бір рет тері астына плацебо инъекцияларын алды. Екі зерттеуде де пациенттерді зерттеуге қосудың сәйкес критерийлері пайдаланылды.
Эплонтерсен тобы мен сыртқы плацебо тобының сипаттамалары, әдетте, ұқсас болды, ал негізгі бастапқы сипаттамаларындағы (Val30Met мутация статусы, ауру сатысы және алдыңғы емдеу) ықтималды ұқсас бұзылулары алдын ала белгіленген статистикалық талдауда ескерілді.
Эплонтерсен тобына рандомизацияланған 144 пациентте бастапқы деңгейдегі пациенттердің жас медианасы 51.5 жас құрады (диапазон: 24-тен 82 жасқа дейін); пациенттердің 30.6%-ы ≥ 65 жас шамасында болды; пациенттердің 69.4%-ы ер жынысты болды.
TTR мутацияларының әртүрлі 20 нұсқасы анықталды: Val30Met (59.0%), Phe64Leu (3.5%), Leu58His (2.8%), Thr60Ala (2.8%), Val122Ile (2.8%), Ser77Tyr (2.1%), Ser50Arg (1.4%), Thr49Ala (0.7%), Glu89Gln (0.7%) және басқаларын (24.3%), Ala97Ser (15%) қоса). Бастапқы деңгейде пациенттердің 79.9%-ы аурудың 1 сатысында болды (өз бетінше жүріп-тұруға қабілеттілікті сақтау; аяқтың жеңіл дәрежедегі сенсорлық, моторлық және вегетативті нейропатиясы); пациенттердің 20.1%-да аурудың 2 сатысы болды (демеумен жүріп-тұруға қабілеттілік; аяқ, қол және бүкіл дене функциясының орташа дәрежеде бұзылуы), осы орайда аурудың 3 сатысындағы пациенттер болмады. Пациенттердің 69.4%-ы бұрын тафамидис немесе дифлунисалмен ем қабылдаған.
66-ші аптада жасалған талдауда біріктірілген соңғы нүктелер эплонтерсенді қолдану кезінде, плацебомен салыстырғанда, қан сарысуындағы TTR концентрациясының 65-ші аптаға дейін бастапқы деңгеймен салыстырмалы пайыздық өзгеруін; нейропатия +7 (mNIS+7) бұзылуларының модификацияланған шкаласы бойынша біріктірілген бағалауының бастапқы деңгеймен салыстырмалы өзгеруін және Норфолк QOL-DN бойынша жиынтық баллының 66-ші аптада бастапқы деңгеймен салыстырмалы өзгеруін қамтыды.
mNIS+7 бойынша біріктірілген бағалау нейропатияның объективті бағасы болады және өзінде NIS және Modified +7 бойынша біріктірілген бағаларды қамтиды. Зерттеуде пайдаланылған mNIS+7 бойынша біріктірілген бағалау нұсқасында NIS шкаласы бойынша бассүйек-ми жүйкелері функцияларының, бұлшықет күшінің, рефлекстер мен түйсіктердің бұзылуы объективті өлшенеді, ал Modified +7 бойынша жүректің жиырылуы тарапынан терең тыныс алуға жауап, сандық сенсорлы тест өткізу (жанасу-қысым және жылу-ауыру), сондай-ақ шеткері жүйкелердің электрофизиологиясы бағаланады. Зерттеуде пайдаланылған mNIS+7 бойынша біріктірілген бағалаудың валидацияланған нұсқасының талданған аумағы -22.3-тен 346.3 баллға дейін құрады, осы орайда өте жоғары балл аурудың ауқымды дәрежедегі ауырлығы көрінісін берді.
Норфолк QoL-DN шкаласы пациенттің келесі салалардағы нейропатиядан бастап субъективті түйсіктерді: физикалық қызмет атқару/ірі талшықтар нейропатиясын, күнделікті қызмет, симптомдар, шағын талшықтар нейропатиясын және вегетативті нейропатияны бағалауы түрінде болады. Зерттеуде пайдаланылған Норфолк QoL-DN шкаласы бойынша жалпы бағалау нұсқасы 4-тен 136 баллға дейінгі диапазонда болды, осы орайда, ал өте жоғары балл аса айқын бұзылуларының көрінісін берді.
Басқа екіншілік соңғы нүктелер 66-шы аптада иерархиялық тест өткізілгенде бейресми бағаланды және симптомдардың жиынтық баллының бастапқы деңгеймен салыстырмалы өзгеруін және нейропатия өзгерістерін; 36 тармақтан тұратын денсаулық жағдайының қысқаша сауалнамасының (2 нұсқа) физикалық компонентінің жиынтық балл өзгерісін; полинейропатия кезінде мүгедектену көрсеткішінің өзгеруін және нутритивтік статус (дене салмағының модификацияланған индексі) өзгерісін қамтыды.
NEURO-TTRansform зерттеуінде эплонтерсенді қолдану кезінде, сыртқы плацебо тобымен салыстырғанда (барлық p мәндері < 0.0001), 35-ші аптада да, 66-шы аптада да барлық соңғы нүктелер бойынша статистикалық маңызды жақсаруы көріністелді (2 кестені қараңыз).
2 кесте. NEURO-TTRansform зерттеуіндегі клиникалық тиімділікті бағалау қорытындыларына шолу
Талдау/соңғы нүкте — Орташа мәні (СА) — Орташа ЕК өзгеруі / бастапқы деңгеймен салыстырмалы пайыздық өзгеруі (есептік СҚЖ) [95% СА] — Эплонтерсен –плацебо* Орташа ЕК айырмасы [95% СА] — P мәні
Плацебо* — Эплонтерсен — Плацебо* — Эплонтерсен
Қауіпсіздігін бағалау үшін іріктеу — N = 60 — N = 144 — N = 60 — N = 144
Қан сарысуындағы TTR концентрациясы, г/л1
Бастапқы деңгей — 0.15 (0.04) — 0.23 (0.08)
35-ші апта — -14.7% (2.2) [-18.96, -10.44] — -81.3% (1.8) [-84.83, -77.71] — -66.6% [-71.61, -61.53] — p<0.0001
65-ші апта — 0.14 (0.04) — 0.04 (0.02) — -10.2% (2.2) [-14.43, -5.87] — -80.2% (1.8) [-83.75, -76.72] — -70.1% [-75.02, -65.15] — p<0.0001
mNIS+7 бойынша біріктірілген балл1
Бастапқы деңгей — 74.1 (39.0) — 79.8 (42.3)
35-ші апта — 9.9 (1.9) [6.29, 13.56] — 1.1 (1.8) [-2.47, 4.77] — -8.8 [-13.21, -4.34] — p=0.0001
66-шы апта — 96.6 (50.2) — 79.7 (44.9) — 26.3 (2.6) [21.32, 31.38] — 3.2 (2.5) [-1.75, 8.18] — -23.1 [-29.26, -17.01] — p<0.0001
Норфолк QoL-DN бойынша жиынтық балл1
Бастапқы деңгей — 48.6 (27.0) — 43.3 (26.2)
35-ші апта — 8.4 (2.1) [4.30, 12.58] — -2.8 (2.1) [-6.87, 1.19] — -11.3 [-16.26, -6.30] — p<0.0001
66-шы апта — 58.9 (32.0) — 35.6 (26.3) — 13.7 (2.4) [8.92, 18.50] — -5.5 (2.4) [-10.19, -0.91] — -19.3 [-24.99, -13.53] — p<0.0001
Талдау үшін толық іріктеу — N = 59 — N = 141 — N = 59 — N = 141
Нейропатия симптомдары мен өзгерістерінің жиынтық баллы, 66-шы апта2 — 8.2 [6.24, 10.12] — -0.0 [-1.92, 1.86] — -8.2 [-10.65, -5.76] — p<0.0001
36 тармақтан тұратын денсаулық жағдайының қысқаша сауалнамасының (2 нұсқа) физикалық компонентінің жиынтық баллы, 65-ші апта2 — -4.46 [-6.139, -2.770] — 0.85 [-0.711, 2.412] — 5.31 [3.195, 7.416] — p<0.0001
Дене салмағының модификацияланған индексі, 65-ші апта 2 — -90.8 [112.84, 68.69] — -8.1 [-28.55, 12.42] — 82.7 [54.64, 110.76] — p<0.0001
* Басқа рандомизацияланған бақыланатын зерттеуден сыртқы плацебо тобы (NEURO TTR).
1 Емдеу үшін бекітілген санаттық әсерлерімен бейімделу, уақыт, емдеу мен уақыт арасындағы өзара байланыс, ауру сатылары, Val30Met мутациялары, осының алдындағы емдеу және бастапқы деңгей үшін бекітілген ковариаталар және бастапқы деңгей мен уақыт арасындағы өзара байланыс көрсеткіштерінің көмегімен түзетілген өткізіп алған деректерді қалпына келтіру моделі негізіндегі көптеген ауыстырып қою әдісі бойынша ANCOVA негізінде. Қалпына келтіру моделі негізіндегі көптеген алмастыру әдісін пайдаланғанда ем жүргізу кезіндегі плацебо тобында және эплонтерсен тобында өткізіп алған деректер деректердің кездейсоқ болмауын өткізіп алғанда емдеу топтары шеңберіне қатысатын мәндері бойынша ауыстырып қою арқылы алмастырылады.
2 Емдеу үшін бекітілген санаттық әсерлерімен бейімделу, уақыт, емдеу мен уақыт арасындағы өзара байланыс, ауру сатылары, Val30Met мутациялары, осының алдындағы емдеу және бастапқы деңгей үшін бекітілген ковариаталар және бастапқы деңгей мен уақыт арасындағы өзара байланыс көрсеткіштерінің көмегімен түзетілген MMRM негізінде.
ANCOVA — ковариация талдауы; СА — сенім аралығы; орташа ЕК – ең аз квадраттар әдісі бойынша есептелген орташа мәні; MMRM — қайталап өлшеулерімен аралас әсерлерінің моделі; mNIS+7 — нейропатия бұзылуларының модификацияланған шкаласы + 7 балл; N — топқа қатысушылар саны; Норфолк QoL-DN — Норфолк диабеттік нейропатия кезіндегі өмір сүру сапасының сауалнамасы; СА — стандартты ауытқу; СҚЖ — стандартты қате жіберу; TTR — транстиретин.
Екінші соңғы нүкте – полинейропатия кезіндегі мүгедектену көрсеткішінің 65-ші аптада бастапқы деңгеймен салыстырмалы өзгеруі эплонтерсен қолдану пайдасына статистикалық маңызды болды (p = 0.02). Полинейропатия кезіндегі мүгедектену көрсеткішінің бастапқы деңгеймен салыстырмалы жақсаруы, сыртқы плацебо тобымен салыстырғанда, эплонтерсен тобындағы пациенттердің көп санында (5.7% vs 3.4%), ал көрсеткішінің бастапқы деңгеймен салыстырмалы нашарлауы, сыртқы плацебомен салыстырғанда, эплонтерсен тобындағы пациенттердің аз санында (12.8% vs 22.0%) байқалды.
Эплонтерсен қабылдаған пациенттерде, плацебомен салыстырғанда, жасын, жынысын, нәсілін, өңірін, Val30Met мутациясының статусын, кардиомиопатия статусын, отбасылық амилоидты кардиомиопатияның бастапқы клиникалық диагнозын және аурудың сатысын қоса, қосалқы топтардың бәрінде қан сарысуындағы TTR концентрациясы төмендеуіне қатысты ұқсас жақсаруы, mNIS+7 бойынша біріктірілген балл мен Норфолк QoL DN бойынша жиынтық балл жақсарулары байқалды.
Эплонтерсенмен емдеудің соңына дейін 85-ші аптада ТТР концентрациясының төмендеуі және mNIS+7 бойынша біріктірілген баллға қатысты байқалатын әсері сақталды, ал Норфолк QoL-DN бойынша орташа жиынтық балл тұрақты күйде қалды.
Иммуногенділік
Клиникалық зерттеуде ATTRv-PN бар пациенттерде 84апталық емдеу кезеңінен кейін (емдеу ұзақтығының медианасы 561 күн (80 апта), диапазон: 57-ден 582 күнге дейін) 58 пациентте (40.3%) препаратты қолданумен байланысты дәрілік препаратқа антиденелер анықталды. Эплонтерсенге антиденелер қалыптасуының кешірек басталуымен (дамудың басталу медианасы - 223 күн) және төмен титрімен (антиденелердің жоғары шыңдық титр медианасы - 200) төзімділікке бейімделуі көріністелді. Эплонтерсенге антиденелері бар пациенттерде эплонтерсеннің тиімділігіне, қауіпсіздігіне, фармакокинетикасына және фармакодинамикасына клиникалық мәнді әсері анықталмады.