Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Капли глазные
Дозировка
0,4%
Торговое наименование
Инокаин
Действующее вещество
Оксибупрокаин
Назначение
Офтальмологиядағы жергілікті анестезияда мыналарды жүргізуде: көзішілік қысымды өлшегенде (тонометрияда), гониоскопияда, конъюнктивадан диагностикалық қырындыны алғанда
Производитель
СЕНТИСС ФАРМА Пвт. Лтд.
Страна
Индия
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат - беноксинат гидрохлориді
(оксибупрокаин гидрохлориді) 4,0 мг,
қосымша заттар: бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, бор қышқылы, натрий хлориді, натрий гидроксиді, иньекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз ерітінді.
Офтальмологиядағы жергілікті анестезияда мыналарды жүргізуде:
- көзішілік қысымды өлшегенде (тонометрияда)
- гониоскопияда
- конъюнктивадан диагностикалық қырындыны алғанда
- мөлдір қабықтан және конъюнктивадан бөтен денелер мен жіптерді алуда
- мөлдір қабық және конъюнктиваға қысқа мерзімді хирургиялық араласуларда
Әсер ету механизмі
Оксибупрокаин гидрохлориді жергілікті анестетик ретінде қолданылады, өйткені ол жүйке импульстарының жүйке аксондары арқылы таралуы мен өткізілуін қайтымды түрде бөгейді.
Жергілікті қолданғанда тіндерге жақсы енеді. Конъюнктива мен мөлдір қабыққа болмашы тітіркендіретін әсер береді. Конъюнктива мен мөлдір қабықтың беткейлік анестезиясы 90 секундтан кейін басталады және 15 минут сақталады.
Дозалау режимі
Ересектер (оның ішінде егде жастағылар) және 8 жастан үлкен балалар
Тонометрия, гониоскопия, конъюнктивадан диагностикалық қырынды алуды жүргізу үшін: препараттың 1 тамшысын конъюктивалық қалтаға тамызады. Конъюнктива мен мөлдір қабықтың беткейлік анестезиясы 30 секундтан кейін басталады және 15 минутқа дейін сақталады. Инокаин препаратын 4-5 минут аралықпен үш рет тамызу ұзақ анестезияны (1 сағатқа дейін) қамтамасыз етеді.
Препараттың әрбір инстилляциясының арасында көз саңылауы жабық болуы тиіс.
Мөлдір қабық анестезиясы
Беткейлік бөгде денелерді жою: 5 минут ішінде 3 рет.
Тереңдегі бөгде денелерді жою: 30-60 секунд аралығымен тамшымен 5-10 рет.
Тері асты немесе ретробульбарлы инъекцияға дейін анестезия жүргізу үшін: 5 минут ішінде 1 тамшыдан 3 рет.
Тонометрия, гониоскопия және басқа тексерулер: 1-2 тамшы.
Балалар
8 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дозаны түзету қажет емес.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дозаны түзету қажет емес.
Енгізу әдісі және жолы
Жергілікті офтальмологиялық қолдану үшін.
Басқа көзге тамызатын дәрілер инстилляциялары кезіндегі сияқты бір минут ішінде ықтимал жүйелік сіңірілуін азайту үшін көздің ішкі аймағы аумағындағы көз жасы нүктесін қысу ұсынылады. Бұл әрбір тамшы инстилляциядан кейін бірден жасалуы тиіс (әсіресе балаларға ұсынылады).
Офтальмологиялық бір препараттан артық пайдаланғанда әрбір препарат арасындағы уақытша аралық 5 минуттан кем болмауы тиіс.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаса, дәрігерге хабарласыңыз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 8 жасқа дейінгі балаларда
Өте сирек жағдайларда бақылаусыз пайдалану, яғни ұзақ және / немесе тым жиі пайдалану кератопатияға, гипопионға немесе мөлдір қабықтың орталық эрозиясына, соның ішінде орталық тыртықтануға әкелуі мүмкін.
Сондай-ақ, мөлдір қабықтың перфорациясы болуы мүмкін.
Тамызу кезінде өтпелі тітіркену, шаншу және бұлыңғыр көру пайда болуы мүмкін.
Сирек жағдайларда жергілікті анестетиктерді қолдану аллергиялық реакциялармен байланысты болды (ең ауыр жағдайларда - анафилаксиялық шок).
Белгісіз
-көздің ауыруы, көздің тітіркенуі, бұлыңғыр көру, кератопатия, гипопион, мөлдір қабықтың эрозиясы, мөлдір қабықтың перфорациясы, көз аллергиясы, аллергиялық блефарит
- аса жоғары сезімталдық, анафилаксиялық реакциялар, анафилаксиялық шок
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Ұсынылған дозаны қолданғаннан кейін артық дозалануы екіталай.
Симптомдары: жағымсыз әсерлер дамуы.
Емі: симптоматикалық.
Препарат тек конъюнктивалық қалтаға тамызуға арналған.
Препарат үйде өздігінен қолдануға ұсынылмайды, өйткені ұзаққа созылған, көп рет және ұзақ мерзім қолданылуы мөлдір қабықтың тұрақты бұлыңғырлануына әкеп соқтыруы мүмкін. Оксибупрокаин көз ауруларын кешенді емдеуде ұзақ қолдануға арналмаған.
Препаратты қолдану кезінде анафилаксиялық реакция және синустық брадикардия дамуы мүмкін.
Сақтықпен қолдану керек, егер пациентте бар болса: жүректің айқын жеткіліксіздігі, аллергиялық реакциялар. Псевдохолинэстераза тапшылығы, миастения, гипотония, жүрек жеткіліксіздігі, ырғақ бұзылуы мен эпилепсиясы бар пациенттерде сақтық таныту қажет. Анестетикті бақыламай пайдалану қысқа мерзімді енгізгеннен кейін де төменгі концентрациялардың өзінде мөлдір қабық эпителийі зақымдануына әкелуі мүмкін.
Ластануды болдырмау үшін құтының ұшын ешқандай беткейлерге тигізбеген жөн. Анестезия аяқталғанға дейін көзге мыналардың әсер етуінен тартынған жөн: үйкелу, бөгде денелер, тітіркендіретін химиялық заттар. Препаратты тамызар алдында жанаспалы линзаны шешу керек, және оны 15 минуттан соң ғана қайта киюге болады.
Бензалконий хлориді
Препараттың құрамында бензалконий хлориді бар, сондықтан ирит болуы мүмкін. Жұмсақ жанаспалы линзалармен жанасудан аулақ болу керек, жанаспалы линзаларды қолданар алдында алып тастау дұрыс және препаратты тамызғаннан кейін кемінде 15 минут күту қажет. Бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзаларды түссіздендіреді. 8 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Балаларда оксибупрокаинді қолданудың клиникалық деректері жеткіліксіз. Егер күтілетін емдік әсері жағымсыз әсерлердің қаупінен асып кетсе, дәрігердің тағайындауы бойынша қолдануға болады. 8 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Оксибупрокаинді қолданғаннан кейін пациенттерде көру айқындығы уақытша жоғалады, жай-күйі қалыпқа келгенше көру айқындығын талап ететін машина жүргізу немесе қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу ұсынылмайды.
Оксибупрокаинді қажет деп саналатын жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Жүктілік кезінде қолдану анаға күтілетін пайда шарана үшін қауіптен асып кеткен жағдайларда дәрігердің тағайындауы бойынша ғана мүмкін болады.
Оксибупрокаинді қатер шегі деп саналатын жағдайларды қоспағанда, бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды. Лактация кезінде қолдану анаға күтілетін пайда нәресте үшін қауіптен асып кеткен жағдайларда дәрігердің тағайындауы бойынша ғана мүмкін болады.
Оксибупрокаин сукцинилхолин мен симпатомиметиктердің әсерін күшейтеді, сульфаниламидтер мен бета-блокаторлардың бактерияға қарсы белсенділігін төмендетуі мүмкін, күміс нитратымен, сынап тұздарымен, сілтілік ерітінділермен үйлеспейді.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Құтыны ашқаннан кейін қолдану кезеңі 1 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып-қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.