Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Аэрозоль для местного применения
Торговое наименование
Ингалор
Действующее вещество
Прочие препараты
Назначение
Дәрілік препарат ересектер мен 3 жастан асқан балаларға, ауыз қуысы мен жұтқыншақтың қабыну аурулары кезінде (тонзиллит, фарингит, ларингит, афтозды және ойық жаралы стоматит)…
Производитель
АО Алтайвитамины
Страна
Россия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір баллонның ішінде
белсенді заттар: сульфаниламид натрий (еритін стрептоцид) - 0,750 г, сульфатиазол натрий пентагидраты - 0,750 г, эвкалипт майы - 0,015 г, бұрыш жалбыз майы - 0,015 г, тимол - 0,015 г.
қосымша заттар: этанол (этил спирті) 95%, сахароза, глицерол (глицерин), полисорбат-80, тазартылған су, азот.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ашық-сарыдан күңгірт-сары түске дейінгі, баллоннан шыққанда бұлт түзетін, тимолға және ментолға тән иісі бар мөлдір ерітінді.
Дәрілік препарат ересектер мен 3 жастан асқан балаларға, ауыз қуысы мен жұтқыншақтың қабыну аурулары кезінде (тонзиллит, фарингит, ларингит, афтозды және ойық жаралы стоматит) ингаляция үшін микробқа қарсы және қабынуға қарсы дәрі ретінде қолданады.
Әсер ету механизмі
Препарат қабынуға қарсы, микробқа қарсы әсер етеді, грамоң және грамтеріс бактерияларға, сондай-ақ Candida тектес зеңдерге қатысты белсенді.
Фармакодинамикалық әсері
Препараттың фармакологиялық әсері құрамына кіретін компоненттерге байланысты, олар ауыз қуысында және жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынуға қарсы кешенді патогентикалық терапияны қамтамасыз етеді.
Стрептоцид және сульфатиазол натрий ауыз қуысы мен жұтқыншақ ауруын тудыратын грамоң және грамтеріс бактерияларға қатысты микробқа қарсы әсер етеді.
Тимолдың антисептикалық, қақырық түсіретін және спазмолитикалық әсері бар.
Эвкалипт майы антисептикалық және қабынуға қарсы әсерін көрсетеді.
Бұрыш жалбызы майы шырышты қабатқа тигенде жеңіл ауыруды басатын әсер көрсетеді.
Дозалау режимі
Құтыдан сақтандыру қалпақшасын алып және қоса берілген бүріккішті кигізіп, жүзіндіні ауыз қуысына 1-2 секунд бүркеді. Препаратты ауыз қуысында 5-7 минут ұстау керек. Ауызды тәулігіне 3-4 рет алдын ала қайнаған сумен шаяды.
Бүріккіш тесігінің бітеліп қалуын болдырмас үшін, манипуляция жасаған соң оны үрлеп немесе таза су құйылған стақанға салған жөн.
Баллонды қолданғанда қатаң түрде тік қалыпта ұстау керек.
Белгіленген уақыты бойынша қолдану жиілігі
Тәулігіне 3-4 рет шаю жүргізіледі
Емдеу узақтығы
7-10 күн.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
Анықталмаған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Әрқашан препаратты осы қосымша параққа немесе емдеуші дәрігер мен дәріхана қызметкерінің ұсыныстарына сәйкес қабылдаңыз. Күмәнданған жағдайда емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.
- препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 3 жасқа дейінгі балаларға
Жиілігі белгісіз
• аллергиялық реакциялар (терінің бөртуі, қышыну)
• тамақты қысқа мерзімді күйдіру немесе ашыту сезімі болуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: препараттың бөлігін жұтумен байланысты жүрек айнуы, құсу
Емі: арнайы антидоты жоқ, симптоматикалық және демеуші ем.
Арнайы ескертулер
2 аптадан артық қабылдаған кезде тіс зақымдануы мүмкін.
Препарат құрамында этанолдың төмен деңгейі бар. Бір реттік дозада этанолдың мөлшері – 10 мг, тәуліктік дозада - 40 мг (абсолютті спиртке шаққанда).
Препарат құрамында сахароза бар. Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қарсы көрсетілген.
Егер жағымсыз реакциялар пайда болса, препаратты қолдануды тоқтатып, дәрігерге жүгіну керек.
Әдеттен тыс реакциялар пайда болған жағдайда препаратты одан әрі қолданудың орындылығы туралы дәрігермен кеңесу керек.
Педиатрияда қолдану
Препарат 3 жасқа дейінгі балаларға қолдануға қарсы көрсетілген
Балаларға Ингалор препараты тек дәрігердің ұсынымы бойынша ғана қолданылады.
Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін орындау қабілетіне әсер етпейді.
Ингалор препаратын жүктілік кезінде және емшек емізу кезінде қолдануға болмайды. Препараттың құрамына плацента арқылы өтетін және шарананың қанында кездесетін сульфаниламидтер кіреді. Тератогендік әсер дамуы мүмкін. Емшекпен емізу кезінде препаратты қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату керек, өйткені сульфаниламидтер емшек сүтіне енеді және жаңа туған нәрестелерде ядролық сарғаю тудыруы мүмкін.
Басқа дәрілік заттармен үйлесімді, клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ.
Әсер ету ауқымын кеңейту және тиімділікті арттыру мақсатында басқа да жергілікті микробтарға қарсы дәрілермен бір мезгілде қолдануға болады.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек
Құлаудан, соққыдан және тікелей күн сәулесінің түсуінен сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.