Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Спрей
Торговое наименование
Ингалипт М
Действующее вещество
Прочие препараты
Назначение
Ауыз қуысы, көмей және мұрынжұтқыншақтың жедел және созылмалы инфекциялық-қабыну ауруларында: тонзиллит, фарингит, афтозды және ойық жаралы стоматит
Производитель
КП Флумед-Фарм
Страна
Республика Молдова
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
20 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: 0,5 г еритін стрептоцид, 0,5 г натрий норсульфазолы,
қосымша заттар: тимол, эвкалипт майы, бұрыш жалбыз майы, 96 % этил спирті, қант, глицерин (глицерол), твин 80 (полисорбат), тазартылған су.
30 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: 0,75 г еритін стрептоцид, 0,75 г натрий норсульфазолы,
қосымша заттар: тимол, эвкалипт майы, бұрыш жалбыз майы, 96 % этил спирті, қант, глицерин (глицерол), твин 80 (полисорбат), тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар, ашық-сарыдан күңгірт-сарғыш түске дейінгі мөлдір сұйықтық.
- ауыз қуысы, көмей және мұрынжұтқыншақтың жедел және созылмалы инфекциялық-қабыну ауруларында: тонзиллит, фарингит, афтозды және ойық жаралы стоматит
Ингалипт М микробтарға қарсы (антисептикалық) және қабынуға қарсы дәрі болып табылады. Сульфаниламидтер (стрептоцид пен норсульфазол) грамоң және грамтеріс кокктар, Escherichia coli, Shigella spp., Klebsiella spp., Vibrio cholerae, Haemophilus influenzae, Clostridium spp., Bacillus anthracis, Corinebacterium diphtheriae, Yersinia pestis-ке қатысты, сондай-ақ Chlamydia spp., Actinomyces spp., Toxoplasma gondii қатысты микробқа қарсы (бактериостатикалық) белсенділікке ие. Сульфаниламидтердің әсер ету механизмі пара-аминобензой қышқылының бәсекелес қайшылығымен және дигидроптероатсинтетазаның бәсекелес әлсіреуімен байланысты, бұл нуклеинді қышқылдың синтезіне қажет тетрагидрофолий қышқылы синтезінің бұзылуына әкеледі. Препараттың құрамына кіретін тимол, эвкалипт майы мен бұрыш жалбызының майы да антисептикалық әсерге ие, орташа қабынуға қарсы және муколитикалық әсер береді.
Дозалау режимі
Ауыз қуысының шырышты қабығын шаю үшін ересектер мен 6 жастан асқан балаларға жергілікті тағайындайды. Шаюды тамақ қабылдағаннан кейін 2-3 сағаттан соң немесе тамақ қабылдау аралығында тәулігіне 3-4 рет жүзеге асырады. Емдеу курсы 7 күннен аспауы қажет.
Құтыдан қолданар алдында, оны тек тігінен ұстап тұрып мөлдір қорғаушы қалпақты шешіп алып, құтыға 90 º бұрышпен қондырманы қою керек.
Қондырманы ауызға апарып сұйық шашырандыны өңдейтін жерге бағыттай отырып, бүріккішті 3-4 рет басу керек. Бүріккіш ластанбау үшін оны үрлеу немесе қайнаған сумен жуу ұсынылады.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Әрқашан препаратты осы қосымша параққа немесе емдеуші дәрігер мен дәріхана қызметкерінің ұсыныстарына сәйкес қабылдаңыз. Күмән болған жағдайда емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.
- сульфаниламидті препараттарға және қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 6 жасқа дейінгі балалар
- аллергиялық реакциялар (терідегі бөртпелер, қышыну),
- тамақтағы қысқа мерзімді күйдіру немесе ашытуды сезіну.
Жағымсыз реакциялар пайда болғанда препарат қолдануды тоқтатып, дәрігерге қаралу қажет.
Жағымсыз реакциялар пайда болған жағдайда препаратты одан әрі қолдану туралы дәрігермен кеңескен жөн.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: артық дозаланған жағдайда препараттың жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін.
Емі: препарат қабылдауды тоқтату қажет; симптоматикалық ем.
Арнайы ескертулер
Ауыз қуысын бүрку алдында қайнаған жылы сумен шаю керек. Ауыз қуысының (ойық жаралы, эрозивті беткейінен) зақымданған жерінен стерильді тампонмен абайлап некрозды өңезді алып тастау керек.
Педиатрияда қолдану
6 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралын басқару және жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін басқа да қауіптілігі зор механизмдермен айналысу қабілетіне әсер етпейді.
Препаратты жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Басқа дәрілік заттармен үйлесімді, клиникалық мәнді өзара әрекеттесулер туралы деректер жоқ.
Әсер ету спектрін кеңейту және тиімділігін жоғарылату мақсатында басқа жергілікті микробқа қарсы дәрілермен бір мезгілде қолдануға болады.
Сақтау мерзімі
18 ай
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Босатылу шарттары
Рецептісіз
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.