Арнайы ескертулер
Ескертулер:
Периндоприл және индапамид үшін ортақ, ерекше сақтандырулар
Литий
Литий және периндоприл/индапамид біріктірілімін бір мезгілде қолдану әдетте ұсынылмайды.
Периндоприлмен шартталған
Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің қосарлы блокадасы (РААЖ)
АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II рецепторларының блокаторларын немесе алискиренді бір мезгілде қолдану гипотензия, гиперкалиемия дамуының және бүйрек функциясының төмендеуі (соның ішінде, бүйректің жедел жеткіліксіздігінің) қаупін арттыратыны туралы мәліметтер бар. Сондықтан АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II немесе алискирен рецепторларының блокаторларын біріктіріп қолдану жолымен РААЖ қосарлы блокадасы ұсынылмайды.
Егер РААЖ қосарлы блокадасымен емдеу өте қажет саналса, оны тек маманның бақылауымен және бүйрек функциясының, электролиттер деңгейінің және АҚ жиі мұқият мониторингін жүргізу керек.
Диабеттік нефропатиясы бар пациенттерге АӨФ тежегіштерін және ангиотензин II рецепторларының блокаторларын бір мезгілде қолдануға болмайды.
Калий жинақтаушы дәрілер, құрамында калий бар қоспалар және тұз алмастырушылар.
Периндоприлдің және калий жинақтаушы дәрілер, құрамында калий бар қоспалар және тұз алмастыртырушылардың біріктірілімдері әдетте ұсынылмайды.
Нейтропения/агранулоцитоз/тромбоцитопения/анемия
АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерде нейтропения/агранулоцитоз, тромбоцитопения мен анемия туындауы туралы хабарланған. Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде басқа қауіп факторлары болмағанда нейтропения сирек туындайды. Иммунодепрессанттарды, аллопуринол немесе прокаинамид қабылдап жүргенде немесе ауыр факторлары болғанда, әсіресе егер анамнезінде бүйрек функциясының бұзылуы болғанда, периндоприлді коллагенозы бар пациенттерге аса сақтықпен қолдану қажет. Осындай кейбір пациенттерде кейде антибиотиктермен қарқынды емге резистентті күрделі инфекциялық аурулардың дамығаны анықталды. Бұдан бөлек пациенттерге инфекциялық аурулардың кез келген белгілері (мысалы, тамақтың ауыруы, дене температурасының көтерілуі) пайда болған жағдайда дәрігерге хабарлау қажеттігі туралы ескертілуі тиіс.
Реноваскулярлық гипертензия
Бүйрек артерияларының екі жақты стенозы немесе жалғыз бүйрек артерияларының стенозы бар пациенттерде АӨФ тежегіштерімен емдегенде артериялық гипотензия және бүйрек жеткіліксіздігі туындау қаупі жоғарылайды. Диуретиктер қолдану жағымды фактор болуы мүмкін. Бүйрек функциясының төмендеуі тіпті бүйрек артерияларының бір жақты стенозы бар пациенттерде қан плазмасында креатинин деңгейінің елеусіз өзгерістерімен ғана бірге жүруі мүмкін.
Аса жоғары сезімталдық / ангионевроздық ісіну (ангиоэдема)
Периндоприлді қоса, АӨФ тежегіштерімен емдеуден өткен пациенттерде беттің, аяқ-қолдың, еріннің, тілдің, жұтқыншақ/немесе көмейдің ангионевроздық ісінуінің сирек жағдайлары анықталды. Бұл жай-күйлер емнің кез келген сәтінде дамуы мүмкін. АӨФ тежегіштерін, оның ішінде периндоприл қабылдаған пациенттерде беттің, аяқ-қолдың, еріннің, тілдің, дауыс саңылауының және/немесе көмейдің ангионевроздық ісінуінің сирек жағдайлары туралы хабарланған. Бұл емнің кез келген сәтінде дамуы мүмкін. Мұндай жағдайларда препарат қабылдауды дереу тоқтату керек және пациенттің жағдайына симптомдар толық жойылғанға дейін медициналық бақылау жасау керек.
Көмей ісінуіне байланысты ангионевроздық ісіну өліммен аяқталуға әкелуі мүмкін. Тіл, көмей және жұтқыншақ қамтылуы тыныс алу жолдарының өткізгіштігі бұзылуына әкелуі мүмкін, тиісінше емді дереу жүргізу керек, эпинефрин 1:1000 (0,3 мл - 0,5 мл) ерітіндісімен тері астына инъекция жүргізу және/немесе тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін шара қолдану керек.
Ангионевроздық ісінудің туындауы туралы басқа нәсіл өкілдерімен салыстырғанда көбіне АӨФ тежегіштерін қабылдаған негроидты нәсілді пациенттерде мәлімделген.
Анамнезінде ангионевроздық ісінуі бар пациенттер АӨФ тежегіштерімен емге қарамастан, АӨФ тежегіштерін қабылдаған кезде Квинке ісінуінің даму қаупі жоғары болуы мүмкін.
АӨФ тежегіштерімен ем қабылдаған пациенттерде интестинальді ангионевроздық ісінудің сирек жағдайлары туралы хабарланды. Мұндай пациенттерде абдоминальді ауыру (жүрек айнуы және құсуы бар немесе онсыз) анықталды; кейде интестинальді ангионевроздық ісіну бұрынғы беттің ангионевроздық ісінуі білінуімен және С1-эстераза тежегіші деңгейінің қалыпты болуымен қатар жүрмеген. Ангионевроздық ісінудің диагнозы абдоминальді аумақтың компьютерлік томографиясы немесе УДЗ немесе хирургиялық араласым сияқты емшара көмегімен анықталды; АӨФ тежегіштерін тоқтатқаннан кейін ангионевроздық ісінудің симптомдары жойылған. АӨФ тежегіштерін қабылдайтын пациенттерде интестинальді ангионевроздық ісінудің бар-жоғын анықтау үшін абдоминальді ауыруы туындаған жағдайда дифференциалды диагностика жүргізу керек.
mTOR тежегіштері (мысалы, сиролимус, эверолимус, темсиролимус)
mTOR тежегіштерін бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде (мысалы сиролимус, эверолимус, темсиролимус) ангионевроздық ісінудің даму қаупі (атап айтқанда тыныс алу жолдарының немесе тілдің ісінуі, тыныс алу жолдарының функциясы бұзылуы бар немесе онсыз) жоғары.
Периндоприлдің сакубитрил/валсартанмен үйлесімі ангионевроздық ісіну қаупі жоғары болуына байланысты қарсы көрсетілген. Сакубитрилмен/ валсартанмен емді периндоприлдің соңғы дозасын қабылдаудан кейін 36 сағат өтпей бастауға болмайды. Егер сакубитрилмен / валсартанмен ем тоқтатылса, онда периндоприлмен емді сакубитрил / валсартанның соңғы дозасынан кейін тек 36 сағат өткен соң ғана бастау керек. Сондай-ақ БЭП (мысалы, рацекадотрил) басқа тежегіштерін және АӨФ тежегіштерін бір мезгілде қабылдау ангионевроздық ісіну даму қаупін ұлғайтуы мүмкін. Сондықтан периндоприл қабылдап жүрген пациенттерде БЭП тежегіштерімен (мысалы, рацекадотрилмен) ем бастар алдында пайда және қауіп арақатынасын мұқият бағалау керек.
Десенсибилизация кезіндегі анафилактоидтық реакциялар
Жарғақ қанатты жәндіктердің (аралар, соналар) уымен десенсибилизациялаушы ем жүргізу кезінде АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерде өмірге қауіп төндіретін ұзақ анафилактоидтық реакциялардың жеке жағдайлары туралы хабарланған. Аллергиясы және десенсибилизациясы бар пациенттерде АӨФ тежегіштерін сақтықпен қолдану қажет және улармен иммунотерапия қабылдап жүрген пациенттерде одан аулақ болу керек.
Алайда АӨФ тежегіштерін қолдануды да, сондай-ақ десенсибилизацияны да талап ететін пациенттерде бұндай реакциялардан АӨФ тежегіштерін десенсибилизация емін жүргізуден кем дегенде 24 сағат бұрын уақытша тоқтату арқылы жол бермеуге болады.
ТТЛП аферезі кезіндегі анафилактоидтық реакциялар
АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерде декстран сульфатын пайдаланып ТТЛП аферезін жүргізген кезде сирек жағдайларда өмірге қатер төндіретін анафилактоидтық реакциялар пайда болуы мүмкін. Егер әрбір аферезді жүргізу алдында АӨФ тежегішімен емдеуден уақытша бас тартса бұл реакцияларды болдырмау мүмкіндігі бар.
Гемодиализдегі пациенттер
Жоғары гидравликалық өткізгіштігі (мысалы, AN 69®) бар жарғақшалармен диализ жүргізілетін және бір мезгілде АӨФ тежегішін қабылдайтын пациенттерде анафилактоидтық реакциялар анықталды. Бұл пациенттерге диализ үшін жарғақшаның басқа түрін немесе басқа кластағы гипертензияға қарсы дәріні қолдану керек.
Бастапқы альдостеронизм.
Бастапқы гиперальдостеронизмі бар пациенттер, әдетте, ренин-ангиотензин жүйесін бәсеңдету жолымен әсер ететін гипертензияға қарсы дәрілік заттармен емге жауап бермейді. Сондықтан мұндай пациенттерге бұл препаратты қолданбаған жөн.
Жүктілік
Жүктілік кезеңінде АӨФ тежегіштерін қабылдауды бастауға болмайды. Егер АӨФ тежегіштерімен емді жалғастыру міндетті болса, жүктілікті жоспарлаған пациент әйелдерді жүктілік кезеңінде қолдануда қауіпсіздігі туралы расталған деректері бар альтернативті гипертензияға қарсы препараттарға ауыстыру керек. Жүктілік расталғанда АӨФ тежегіштерімен ем дереу тоқтатылуы тиіс және қажет болғанда альтернативті ем басталуы керек.
Индапамидпен шартталған:
Бауыр энцефалопатиясы
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде тиазидті және тиазид тәрізді диуретиктерді қабылдағанда бауыр энцефалопатиясын туындатуы мүмкін. Мұндай жағдайда диуретиктерді қолдануды дереу тоқтату керек.
Фотосезімталдық
Тиазидті және тиазид тәрізді диуретиктерді қабылдағанда фотосезімталдықтың жағдайлары анықталды. Ем барысында фотосезімталдық реакциялары пайда болған жағдайда препарат қабылдауды тоқтату керек. Егер оны қолдануды қайта бастау қажеттілігі туындаса, нәзік жерлерді күннен және жасанды ультракүлгін сәулелер көзінен қорғаған жөн.
Пайдалану кезіндегі сақтық шаралары
Периндоприл және индапамид үшін ортақ, сақтық шаралары
Бүйрек функциясының бұзылуы
Бүйректің ауыр дәрежелі жеткіліксіздігі болуында (креатинин клиренсі <30 мл/мин) препаратпен емдеу қарсы көрсетілген.
Егер АГ бар кейбір пациенттерде бүйрек функциясы бұзылуының көзге көрінетін белгілерінсіз қанның зертханалық зерттеулерінің нәтижесі функционалдық бүйрек жеткіліксіздігі белгілерін көрсетсе емді төмен дозаларда немесе құрамдастарының біреуімен ғана қайта қалпына келтіру мүмкіндігімен тоқтату керек.
Мұндай пациенттерде қандағы калий және креатинин деңгейіне жиі мониторинг жүргізу керек: ем басталғаннан кейін 2 аптадан соң және емнің тұрақтанған кезеңінде одан кейін 2 ай сайын. Жүректің ауыр жеткіліксіздігі немесе бүйрек функциясы бұзылған, соның ішінде, бүйрек артерияларының стенозы бар пациенттерде көбіне бүйректің жеткіліксіздігі туындау жағдайлары бақыланды.
Бүйрек артерияларының екі жақты елеулі стенозы немесе қызмет жасап тұрған жалғыз бүйрек артерияларының стенозы бар пациенттерде бұл препаратты қолдануға болмайды.
Артериялық гипотензия және су және электролиттер тапшылығы
Натрий тапшылығы бар пациенттерде (әсіресе бүйрек артерияларының стенозы болғанда) АҚ күрт төмендеу қаупі бар. Сондықтан су және электролиттердің тапшылығының клиникалық белгілерінің жүйелі мониторингі керек, бұл диарея немесе құсудың интеркуррентті жағдайларында туындауы мүмкін. Мұндай пациенттерде қан плазмасындағы электролиттер деңгейіне үнемі бақылау жасау қажет.
Елеулі артериялық гипотензия туындағанда натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісімен в/і инфузия талап етілуі мүмкін.
Уақытша артериялық гипотензия емді жалғастыру үшін қарсы көрсетілім емес. АҚК қалпына келгеннен кейін және АҚ қалпында болғанда емді төмендетілген дозада немесе препараттың бір құрамдасымен ғана қайта жүргізуге болады.
Қандағы калий деңгейі
Периндоприл мен индапамидтің біріктірілімі, әсіресе қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде гипокалиемияның пайда болуының бетін қайтара алмайды. Гипертензияға қарсы кез келген дәрілерді диуретикпен біріктірілімде қолданған кездегідей, қан плазмасындағы калий деңгейін үнемі бақылап отыру қажет.Гипокалиемияны анықтау оны түзетуді қажет етеді. Қан сарысуындағы магний концентрациясының төмен болуына байланысты анықталған гипокалиемия, егер қан сарысуындағы магний деңгейін түзету енгізілмесе, ауыр емделуі мүмкін.
Қан плазмасындағы магний:
Тиазидтер және тиазид тәрізді диуретиктер, индапамидті қоса, магнийдің несеппен шығарылуын арттыратыны көрсетілген, бұл гипомагниемияға әкелуі мүмкін.
Қосымша заттар
Сирек тұқым қуалайтын галактоза жағымсыздығы, Лапп лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге Индапамид/Периндоприл-Тева 1.25 мг/5 мг қабылдауға болмайды.
Периндоприлмен шартталған:
Жөтел
АӨФ тежегіштерімен емдеу кезінде құрғақ жөтел пайда болғаны туралы хабарланаған. Бұл жөтел тұрақты және препаратты тоқтатқаннан кейін жойылады. Бұл симптом пайда болған жағдайда оның ятрогендік этиологияда болуы мүмкіндігін ескеру керек. Егер пациентті емдеу үшін АӨФ тежегіштерін тағайындау қажет болса, емді жалғастыру туралы шешім қабылдануы мүмкін.
Балаларда қолдану
Балалар мен жасөспірімдерде периндоприлмен монотерапияның немесе біріктірілген емнің тиімділігі және жағымдылығы анықталмаған.
Артериялық гипотензия және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі қаупі (жүрек жеткіліксіздігі, су және электролиттер тапшылығы және т.с.с болғанда)
АҚ төмен пациенттерде бүйрек артериясының стенозы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі немесе ісінуі және асциті бар бауыр циррозы болғанда су және электролиттердің жедел тапшылығы (қатаң тұзсыз диета немесе диуретиктермен ұзақ уақыт емдеу) кезінде РААЖ елеулі стимуляциясы бақыланды.
АӨЖ тежегіштерімен РААЖ блокадасы, әсіресе бірінші қабылдағанда және алғашқы екі апта ем ішінде артериялық қысымның күтпеген төмендеуіне және/немесе плазмада креатинин деңгейінің ұлғаюына әкелуі мүмкін, бұл функционалдық бүйрек жеткіліксіздігінің болуын көрсетеді. Басталуы жедел болуы мүмкін, сирек болса да белгілері пайда болғанға дейінгі уақыт ауытқиды.
Мұндай жағдайларда емді төмен дозаларда біртіндеп арттырумен бастау керек.
Егде жастағы пациенттер
Емді бастар алдында бүйрек функциясын және қандағы калий деңгейін тексеру керек. Кенеттен болған артериялық гипотензияның туындау қаупін азайту үшін, әсіресе су немесе электролиттер тапшылығы болған жағдайда препараттың бастапқы дозасын АҚ емге жауабына қарай түзету керек.
Атеросклероз
Артериялық гипотензияның туындау қаупі пациенттердің барлық топтарында бар, бірақ ЖИА бар немесе церебральді қан айналымы жеткіліксіз пациенттерге препаратты ерекше сақтықпен, емді төмен дозада бастай отырып, қолдану керек.
Реноваскулярлық гипертензия
Реноваскулярлық гипертензия емі реваскуляризация болып табылады. Дегенмен, реконструктивтік операция күткен немесе бұндай операция мүмкіндігі болмаған жағдайда АӨФ тежегіштері реноваскулярлық гипертензиясы бар пациенттерге оң әсер етуі мүмкін.
Егер Индапамид/Периндоприл-Тева бүйрек артериясының стенозы расталған немесе күдік болған пациенттерге тағайындалса, емді төмен дозаларды қолданумен және бүйрек функциясын және калий деңгейін бақылаумен, стационарлық жағдайда емді бастау керек, өйткені кейбір пациенттерде емді тоқтатқаннан кейін жойылған функционалды бүйрек жеткіліксіздігі анықталды.
Жүрек жеткіліксіздігі/ауыр дәрежедегі жүрек жеткіліксіздігі
Ауыр дәрежеде жүрек жеткіліксіздігі (IV класс) бар пациенттерді емдеуді бастапқы төмен дозаны бақылаумен бастау керек. Гипертензиясы және коронарлық жеткіліксіздігі бар пациенттерді бета-блокаторлармен емдеуді үзуге болмайды: АӨФ тежегіштерін бета-блокаторларға қосады.
Қант диабеті бар пациенттер
Инсулинге тәуелді қант диабеті (қандағы калий деңгейінің жоғарылауына өздігінен бейім болу) бар пациенттердегі емді төмендетілген дозамен медициналық бақылаумен бастау керек.
Бұрын пероральді гипогликемиялық дәрілер немесе инсулин қабылдаған қант диабеті бар пациенттерде әсіресе АӨФ тежегіштерімен емнің бірінші айы ішінде қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылау керек.
Этникалық айырмашылықтар
Периндоприл, басқа АӨФ тежегіштері сияқты АГ бар қара нәсілді пациенттерде басқа нәсіл тұлғаларымен салыстырғанда АҚ аз тиімділікпен төмендетеді, бұл бұндай науқастардың қан плазмасында ренин деңгейі төмен болуымен түсіндірілуі мүмкін.
Хирургиялық араласу/анестезия.
АӨФ тежегіштері анестезия жүргізгенде, әсіресе гипотензиялық потенциалды анестетик қолданғанда артериялық гипотензия туындатуы мүмкін.
Сондықтан периндоприл сияқты ұзақ әсер ететін АӨФ тежегіштерімен емдеуде мүмкін болғанша хирургиялық араласымнан бір тәулік бұрын тоқтату керек.
Аортальді немесе митральді клапан стенозы/гипертрофиялық кардиомиопатия
АӨФ тежегіштерін сол жақ қарыншаның шығар жолының обструкциясы бар пациенттерге сақтықпен қолданылуы тиіс.
Бауыр жеткіліксіздігі
АӨФ тежегіштерін қабылдау сирек холестаздық сарғаюдан басталатын синдром туындауымен астасып және бауырдың жедел некрозына дейін үдейді, кейде өліммен аяқталады. Бұл синдромның механизмі түсініксіз. АӨФ тежегіштерін қабылдау кезінде бауыр ферменттері деңгейі артуы болатын сарғаю дамыған пациенттерге АӨФ тежегіштерін қолдануды тоқтату керек және тиісінше медициналық бақылауды қамтамасыз ету керек.
Гиперкалиемия
АӨФ тежегіштерін, оның ішінде периндоприл қабылдаған кейбір пациенттерде қан плазмасындағы калий деңгейінің артуы анықталды. Гиперкалиемия туындауының қауіп факторына бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрек функциясының бұзылуы (70 жастан үлкен), қант диабеті, интеркуррентті жағдай, әсіресе дегидратация, жедел жүрек декомпенсациясы, метаболизмдік ацидоз, калий жинақтаушы диуретиктерді (мысалы, спиронолактонмен, эплеренонмен, триамтеренмен, амилоридпен), құрамында калий бар қоспалармен немесе тұз алмастырушылармен бір мезгілде қолдану; қан плазмасында калий деңгейінің артуына байланысты басқа препараттарды (мысалы, гепарин, сондай-ақ триметоприм / сульфаметоксазол ретінде белгілі ко-тримоксазол, АӨФ басқа тежегіштерін, ангиотензин II рецепторларының антагонистерін, тәулігіне ≥3 г дозадағы ацетилсалицил қышқылын, ЦОГ-2 тежегіштерін және селективті емес ҚҚСП, циклоспорин немесе такролимус, триметоприм сияқты иммунодепрессиялық дәрілер) қолдану жатады. Құрамында калий бар қоспалар немесе тұз алмастырушыларын, калий жинақтаушы диуретиктерді, әсіресе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде қолдану қан плазмасында калий деңгейінің елеулі артуына әкелуі мүмкін. Гиперкалиемия күрделі, кейде өліммен аяқталатын аритмия туындатуы мүмкін. Егер жоғарыда аталған дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану орынды саналса, оларды сақтықпен және қан плазмасындағы калий деңгейін жиі бақылаумен қолдану керек.
Индапамидпен шартталған:
Су және электролиттер теңгерімі
Қандағы натрий деңгейі.
Ем бастар алдында және соңынан бірдей уақыт аралығынан кейін қан плазмасындағы натрий деңгейін анықтау керек. Бастапқыда қандағы натрий деңгейінің төмендеуі симптомдарсыз болуы мүмкін, сондықтан ұдайы мониторинг керек. Бақылауды көбіне егде жастағы пациенттерде және бауыр циррозы бар науқастарда жүргізу керек. Диуретиктермен кез келген ем гипонатриемияға әкелуі мүмкін, оның кейде өте күрделі салдарлары болуы мүмкін.
Гиповолемиямен үйлесімдегі гипонатриемия сусыздануға және ортостаздық гипотензияға әкелуі мүмкін. Хлор иондарының қатарлас жойылуы салдарлы компенсаторлық метаболизмдік алкалозға әкелуі мүмкін: бұл әсерінің жиілігі және айқындығы елеусіз.
Қандағы калий деңгейі.
Қандағы калий деңгейінің төмендеуі тиазидтік және тиазид тәрізді диуретиктер қолданғандағы негізгі қауіп факторы болып табылады. Қаупі жоғары, егде жастағы пациенттер және/немесе жеткіліксіз тамақтанатын пациенттердің белгілі бір санатында, басқа дәрілік заттар қолданылуына қарамастан, ісінулермен және асцитпен қатар жүретін бауыр циррозы, ЖИА және жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде калий деңгейінің төмендеуінен (<3,4 ммоль/л) аулақ болу керек.
Мұндай жағдайларда гипокалиемия жүрек гликозидтерінің кардиоуыттылығын және жүрек ырғағы бұзылуының туындау қаупін жоғарылатады.
Туа біткен немесе генезі ятрогендік QT-аралығы ұзаруы бар пациенттер де қауіп тобына жатады. Гипокалиемия да, брадикардия сияқты, әсіресе ол өліммен аяқталуы мүмкін пируэт типті пароксизмальді қарыншалық тахикардия сияқты ауыр дәрежеде жүрек ырғағы бұзылуының туындау факторы болып табылады.
Барлық жағдайларда қандағы калий деңгейін жиірек бақылау керек. Қан плазмасындағы калий деңгейін бірінші анықтауды емнің алғашқы аптасы ішінде жүргізу керек.
Қандағы калий деңгейі төмендегенде оны түзету керек.
Қандағы кальций деңгейі.
Тиазидтік және тиазид тәрізді диуретиктер кальцийдің несеппен шығарылуын азайтуы және қандағы кальций деңгейінің уақытша елеусіз жоғарылауына әкелуі мүмкін. Қандағы кальций деңгейінің елеулі жоғарылауы диагностикаланбаған гиперпаратиреоидизмге байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда емді тоқтату керек және қалқанша без маңы бездерінің функциясына мониторинг жүргізу керек.
Қандағы глюкоза деңгейі.
Қандағы глюкоза деңгейін бақылау қант диабеті бар пациенттер үшін, әсіресе калий деңгейі төмендегенде өте маңызды болып табылады.
Несеп қышқылы.
Қандағы несеп қышқылының деңгейі жоғары пациенттерде подагра ұстамаларының мөлшері артуы мүмкін.
Бүйрек функциясы және диуретиктер.
Тиазидтік және тиазид тәрізді диуретиктер бүйрек функциясы қалыпты болғанда немесе бұзылулары елеусіз (қандағы креатинин деңгейі <25 мг/л, яғни ересектерде 220 мкмоль/л) болғанда тиімдірек.
Емнің басында диуретиктен туындаған су мен натрий жойылуы нәтижесіндегі гиповолемия шумақтық сүзілістің азаюын туындатады. Бұл қандағы мочевина және креатинин деңгейі жоғарылауына әкелуі мүмкін. Осындай транзиторлы функционалдық бүйрек жеткіліксіздігінің бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде жағымсыз салдарлары болмайды, бірақ бұрыннан бар бүйрек жеткіліксіздігін нашарлатуы мүмкін.
Спортсмендер
Спортсмендер бұл препараттың құрамындағы әсер етуші заты допинг-бақылау жүргізгенде оң реакция туындатуы мүмкіндігін ескерулері тиіс.
Жедел миопия және салдарлы жабық бұрышты глаукома.
Хориоидтық жалқық, жедел миопия және қайталанатын жабық бұрышты глаукома:
Құрамында сульфонамид немесе сульфонамид туындылары бар препараттар идиосинкраттық реакцияны тудыруы мүмкін, бұл көру өрісінің түсуімен, өтпелі миопиямен және жедел жабық бұрышты глаукомамен хориоидтық жалқыққа әкеледі. Симптомдарға көру өткірлігінің төмендеуінің жедел басталуы немесе көздің ауыруы жатады, бұл әдетте препаратты қабылдау басталған сәттен бастап бірнеше сағатқа дейін байқалады. Жедел жабық бұрышты глаукоманы емдеудің болмауы көрудің қайтымсыз жоғалуына әкелуі мүмкін. Бастапқы емдеу дәрілік затты қабылдауды жедел тоқтатуда. Бақыланбайтын көзішілік қысым кезінде жедел медициналық немесе хирургиялық емдеу қажет болуы мүмкін. Жедел жабық бұрышты глаукоманың даму қауіп факторларына анамнезінде сульфонамидке немесе пенициллинге аллергиялық реакциялардың болуы жатады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Кейбір пациенттерде, әсіресе емдеудің басында немесе басқа гипотензиялық препаратпен үйлесімде қан қысымының төмендеуімен байланысты жеке реакциялар байқалуы мүмкін.
Бұл көлік құралын басқару және әр түрлі механизмдерді пайдалану қабілетіне әсер етуі мүмкін.