Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки
Дозировка
500 мг
Торговое наименование
ИбуВИР
Действующее вещество
Инозин пранобекс
Назначение
Иммунитеті әлсіреген және жоғарғы тыныс алу жолдарының
Производитель
Химфарм
Страна
Казахстан
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - инозин пранобекс 500.00 мг
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, повидон, натрий крахмалы гликоляты А типі, магний стеараты
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сопақша пішінді, екі беті дөңес, бір жағында сызығы бар, ақтан ақшыл сары түске дейінгі таблеткалар
- иммунитеті әлсіреген және жоғарғы тыныс алу жолдарының
қайталанатын инфекциялары бар адамдардағы емдеудің қосымша әдісі
ATХ коды J05AX05
Әсер ету механизмі
ИбуВИР препаратының белсенді заты - инозин пранобекс иммунитет модуляциялайтын және тікелей вирусқа қарсы қасиеттері бар пуриннің синтетикалық туындысы болып табылады. Инозин пранобекс - инозин мен 1:3 молярлық арақатынаста N, N – диметиламино-2-пропанол (DIP) бар 4-ацетамидобензой қышқылының (PAcBA) тұзы бар кешен.
Бұл кешеннің фармакологиялық белсенді заты - инозин, ал кешеннің екінші компоненті - пранобекс оның лимфоциттер мен басқа жасушалар үшін биологиялық жетімділігін арттырады.
Инозин пранобекс t-лимфоциттердің жетілуін тудыратын Th1 жауабының белсенділенуіне байланысты жасушалар көмегімен жеткіліксіз немесе бұзылған иммундық реакцияны, сондай-ақ митоген немесе антигенмен белсендірілген жасушаларда индукцияланған лимфопролиферативті жауаптың дифференциациясы мен потенциалын қалыпқа келтіреді. Осыған ұқсас, препарат цитоуытты T- лимфоциттері мен NK жасушаларының белсенділігіне, T8 супрессорлары мен T4 хелперлерінің жасушалық функцияларына стимуляциялаушы әсер етіп, сонымен қатар IgG мен комплементке беткейлік рецепторлардың санын көбейтетіні көрсетілген.
Инозин пранобекс цитокин ИЛ-1, ИЛ-2 өнімдерін және ИЛ-4 рецепторларының экспрессиясын арттырады. Препарат эндогендік ИФН-γ секрециясын елеулі дәрежеде арттырады және ИЛ-4 қабынуға қарсы цитокиндерінің өнімін төмендетеді. Сондай-ақ, ол нейтрофилдердің, моноциттердің және макрофагтардың химотаксисін, сондай-ақ фагоцитозды күшейтетіні көрсетілген.
Инозин пранобекс РНҚ төмендеген синтезін және лимфоциттердегі транскрипция көрсеткіштерін күшейтуге ықпал етеді.
Дозалау режимі
Доза пациенттің дене салмағына және аурудың ауырлығына байланысты анықталады. Күніне бірнеше рет қабылдау үшін тәуліктік доза тең бөліктерге бөлінуі тиіс. Емдеу ұзақтығы, әдетте, 5-14 күн. Препаратты қабылдауды симптомдардың айқындығы азайғаннан кейін тағы 1-2 күн бойы жалғастыру керек. Егер 5-14 күннен кейін жағдай жақсармаса немесе нашарласа, пациент емдеуші дәрігерімен байланысуы керек.
Ересек пациенттерде, оның ішінде егде жастағы адамдарда ұсынылатын тәуліктік доза дене салмағына 50 мг/кг құрайды, яғни 6-дан 8 таблеткаға дейін немесе тәулігіне 3-4 рет 2 таблеткадан.
Ең жоғары доза тәулігіне 4 г (8 таблетка) құрайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
6 жастан асқан балалар үшін тәуліктік доза бірнеше қабылдауға тағайындалатын дене салмағының 50 мг/кг құрайды немесе мынадай кестені пайдалануға болады:
Дене салмағы — Тәуліктік доза
10-14 кг — 1 – 1.5 таб.
15-20 кг — 1.5 - 2 таб.
21-30 кг — 2 - 3 таб.
31-40 кг — 3 - 4 таб.
41-50 кг — 4 - 5 таб.
Енгізу әдісі және жолы
Тек ішке қабылдауға арналған. Қабылдауды жеңілдету үшін таблеткаларды ұсақтап, аз мөлшерде суда ерітуге болады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қабылдамаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігерге кеңес алу үшін жүгініңіз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары
сезімталдық
- жедел подагра ұстамасы, сондай-ақ несепте және қанда несеп
қышқылының концентрациясы жоғары пациенттер
- несеп-тас ауруы
- жүктілік және бала емізу кезеңі (қолдану тәжірибесінің болмауына
байланысты)
- 6 жасқа дейінгі балалар
Өте жиі
- қандағы несеп қышқылы концентрациясының жоғарылауы, несеп
қышқылы концентрациясының несепте жоғарылауы
Жиі
- бас ауыруы, вертиго (жүйелі бас айналу), қажу, дімкәстік.
- жүрек айнуы, құсу, эпигастрий аймағындағы жайсыздық- қышыну, бөртпе - артралгия- трансаминазалар, сілтілі фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы немесе
қан мочевинасы азотының (ҚМА) жоғарылауы
• Жиі емес
- ашушаңдық, ұйқышылдық немесе ұйқысыздық
- диарея, іш қату
- полиурия (бөлінетін несеп көлемінің ұлғаюы)
• Белгісіз
- бас айналу
- ангионевроздық ісіну, аса жоғары сезімталдық реакциялары, есекжем,
• анафилаксиялық реакциялар, анафилаксиялық шок
- эпигастрий аймағындағы ауырсыну
- эритема
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
ИбуВИР артық дозалануының бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ.
Симптомдары: артық дозаланған жағдайда қан сарысуында және несепте несеп қышқылы концентрациясының жоғарылауы күтіледі.
Емі: демеуші және симптоматикалық ем
ИбуВИР препараты, әдетте, қалыпты диапазон шегінде (0,18-0,42 ммоль/л)
қан сарысуында және несепте, әсіресе ерлерде мен екі жыныстың да егде жастағы адамдарында несеп қышқылы концентрациясының уақытша жоғарылауын тудыруы мүмкін. Несеп қышқылы концентрациясының жоғарылауы инозиннің оның түзілімдеріндегі катаболизм метаболизміне байланысты, бірақ ферменттің немесе бүйрек клиренсінің негізгі функцияларының өзгеруімен байланысты емес. Сондықтан ИбуВИР препаратын анамнезінде подаграсы, қандағы несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы, несеп тастары және бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Бұл пациенттерде емдеу кезінде несеп қышқылының деңгейін мұқият бақылау керек.
ИбуВИР препаратымен ұзақ емдеген кезде (3 айдан астам) әрбір пациентте қан сарысуындағы және несептегі несеп қышқылының концентрациясын, жалпы қан талдауының көрсеткіштерін, бауыр мен бүйрек функциясын (трансаминазалардың белсенділігі, креатинин деңгейі) тұрақты бақылау керек.
Ұзақ ем қабылдайтын пациенттерде несепағарда тастар пайда болу мүмкіндігі бар.
Кейбір пациенттерде аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары (есекжем, ангионевроздық ісіну, анафилаксия) дамуы мүмкін. Мұндай жағдайларда ИбуВИР препаратымен емдеуді тоқтату керек.
Арнайы сақтандырулар
Препараттың құрамында қосымша зат ретінде әр таблеткада (26,00мг) натрий крахмалы гликоляты А типі бар. Сондықтан тұзсыз диетаны ұстанатын адамдарға тағайындау кезінде сақ болу керек.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын немесе басқа механизмдерді басқару кезінде препараттың реакция жылдамдығына әсері зерттелмеген. Инозин пранобекс фармакодинамикасын ескерсе, бұл дәрілік препараттың автомобильді басқару және механизмдерді пайдалану қабілетіне әсер етуінің ықтималдығы аз.
ИбуВИР препаратын жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды, өйткені қолдану қауіпсіздігі зерттелмеген. Инозин пранобекстің емшек сүтіне өтетіні белгісіз.
ИбуВИР препаратын ксантиноксидаза тежегіштерін (мысалы, аллопуринол) немесе несеппен несеп қышқылының бөлінуін ұлғайтатын препараттармен, оның ішінде диуретиктермен, тиазидті (мысалы, гидрохлоротиазид, хлорталидон, индапамид), сондай-ақ ілмекті (фуросемид, торасемид, этакрин қышқылы) диуретиктермен бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
ИбуВИР препаратын иммуносупрессорлармен ем алу кезінде және емді тоқтатқаннан кейін бірден қолдануға болмайды, өйткені оларды бір мезгілде қолдану ИбуВИР препаратының фармакокинетикасын өзгерту жолымен оның емдік әсеріне ықпал етуі мүмкін.ИбуВИР препаратын және азидотимидинды бір мезгілде қолданғанда зидовудин әсерінің күшеюі есебінен нуклеотидтердің түзілуі артады, мысалы, азидотимидиннің биожетімділігінің артуы және моноциттерде жасушаішілік фосфорланудың ұлғаюы салдарынан ИбуВИР зидовудин әсерін күшейтеді.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, құрғақ жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.