Қауіпсіздік бейінінің түйіндемесі
Анағұрлым кең таралған жағымсыз әсерлер (≥20%) диареяны, нейтропенияны, қаңқа-бұлшықет ауыруын, бөртпені, геморрагияны (мысалы, қанталаулар), тромбоцитопенияны, жүрек айнуын, пирексияны, артралгияны және жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясын қамтыды. Анағұрлым кең таралған (≥5%) 3/4 дәрежелі жағымсыз әсерлерге нейтропения, лимфоцитоз, тромбоцитопения, пневмония және гипертензия кірді.
Жағымсыз құбылыстар жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100 дейін),сирек (≥ 1/10000-нан <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес) Әрбір жиілік тобы шегінде жағымсыз реакциялар олардың күрделілік дәрежесінің кему ретімен берілген.
Өте жиі
• пневмония*#, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, тері инфекциялары*
• нейтропения*, тромбоцитопения*, лимфоцитоз*
• бас айналу, бас ауыру
• геморрагиялар*#, қанталау*, гипертензия*
• диарея, құсу, стоматит*, жүрек айну, іш қату, диспепсия
• бөртпе*
• артралгия, бұлшықеттердің түйілуі, қаңқа-бұлшықеттің ауыруы*
• қызба, шеткергі ісіну
• қандағы креатининнің жоғары деңгейі
Жиі
• сепсис, несеп шығару жолдарының инфекциялары, синусит
• терінің меланомалық емес обыры*, базальді-жасушалық карцинома, жалпақжасушалы карцинома
• фебрильді нейтропения, лейкоцитоз
• өкпенің интерстициялық ауруы*,#
• гиперурикемия
• шеткері нейропатия*
• анық көрмеу
• жүрек жеткіліксіздігі *,#, жүрекше фибрилляциясы
• мұрыннан қан кету, петехиялар
• уртикария, эритема, онихоклазия
• бүйректің жедел зақымдануы#
Жиі емес
• криптококктық инфекциялар*, пневмоцистік инфекциялар*,#, аспергиллез*, В гепатиті вирусының реактивациясы@, #
• ісік лизисінің синдромы
• ми қанайналымының бұзылуы#, транзиторлық ишемиялық шабуыл, ишемиялық инсульт #
• көзге қан құйылуы‡
• қарыншалық тахиаритмия*,#, жүректің тоқтап қалуы#
• субдуральді гематома#
• бауыр жеткіліксіздігі*, #
• ангионевроздық ісіну, панникулит*, нейтрофильді дерматоз*, пиогенді гранулема, тері васкулиті
Сирек
• лейкостаз синдромы
• Стивенс-Джонсон синдромы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz