Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1000 г препараттың құрамында
белсенді зат – итмұрын жемістерінің сұйық экстрактісі (алма қышқылы бойынша органикалық қышқылдарының жалпы мөлшері 2.5%-дан кем емес) - 400 г;
қосымша зат: сахароза - 600 г
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Күңгірт-қоңыр түсті, өзіне тән иісімен қою шәрбат тәріздес сұйықтық.
Дәрілік препарат ересектер мен 12 жастан бастап балаларда қолдануға көрсетілген
- холециститте (калькулезді емес)
- гепатитте (кешенді емде)
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Фармакодинамикалық әсерлері
Итмұрын экстрактісінің құрамында каротиноидтар, В1, В2, С, Е, К, РР дәрумендері, флавоноидтар, липидтер, тритерпенді спирттер, қант, органикалық қышқылдар бар
Препарат бауырдың функционалдық қасиетін жоғарылатады, өт сөлінісін жоғарылатады, өттегі холаттардың құрамын жоғарылатады, өттің тұтқырлығын азайтады. Өт сөлінісінің күшеюімен қатар, өт жолдарының тегіс бұлшықеті мен Одди және Люткенс сфинктерлерін босаңсытумен бір мезгілде, өт қабының тонусын жоғарылатады. Препарат өт айдағыш, қабынуға қарсы (аскорбин қышқылының болуының есебінен), микробтарға қарсы (дәрумендер кешенінің болуының есебінен), диуретикалық (органикалық қышқылдардың болуының есебінен) әсер көрсетеді.
Дозалау режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар
Ішке, тамаққа дейін 30 минут бұрын, 1 шай қасықтан (5 мл) күніне 2-3 рет.
Емдеу курсы дәрігердің тағайындауы бойынша.
Балалар
Препарат 12 жастан асқан балаларда пайдаланылады
Егде жастағы пациенттер
Егде жаста қолдануға шектеулер жоқ.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы дәрігермен анықталады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Қолдану тәсіліне қатысты сұрақ туындаған жағдайда, медицина қызметкеріне жүгініңіз.
Белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- қант диабеті
- өт-тас ауруы
- жүктілік, лактация кезеңі
- 12 жасқа дейінгі балалар
Иммундық жүйе тарапынан болатын бұзылулар
Белгісіз:
– аллергиялық реакциялар.
Асқазан-ішек бұзылулары
Белгісіз:
– қыжыл.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Арнайы ескертулер
Қант диабеті бар науқастар
Қант диабеті бар, инсулин қабылдайтын науқастарға, НБ ескере отырып, көмірсулар мөлшерін есептеу керек. Бір реттік дозада (5 мл) 0,34 нан бірлігі (НБ) бар.
Холосас, шәрбаттың құрамында қант бар, сондықтан:
• сирек туа біткен фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза
мальабсорбциясы, сахароза-изомальтаза тапшылығы бар пациенттерге препаратты қабылдау ұсынылмайды;
• ұзақ (екі апта немесе одан да көп) қолданғанда тістерді зақымдауы мүмкін
Егер сізде кейбір қант жақпаушылығы болса, осы дәрілік препаратты қабылдау алдында емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
Педиатрияда қолдану
Препарат 12 жастан асқан балаларда пайдаланылады
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне жағымсыз әсері туралы ақпарат тіркелмеген.
Жүктілік
Преапаратты жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Бала емізу
Препаратты бала емізу кезінде қолдануға болмайды.
Анықталмаған
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
150С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.