Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки, покрытые оболочкой
Торговое наименование
Хофитол®
Действующее вещество
Другие препараты для лечения заболеваний желчевыводящих путей
Назначение
Диспепсия ауырлық сезімімен, іштің кебуі және метеоризм сияқты ас қорытудың бұзылыстарын симптомдық емдеу үшін өсімдік дәрілік зат
Производитель
Лаборатории Галеник Вернен
Страна
Франция
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат:
бөрікгүл (жапырақтарының құрғақ, сулы экстрактісі, мальтодекстринде) 200,0 мг,
қосымша заттар: магний трисиликаты, желатинделген жүгері крахмалы, тальк, магний стеараты;
қабықтың құрамы: гуммилак (шеллак), канифоль, тальк, желатин, сахароза, кальций карбонаты, дисперсті бояғыш**, карнауб балауызы, полисорбат 80.
**Дисперсті бояғыш құрамы (opalux brown AS-9211): сахароза, темірдің сары, қара және қоңыр тотықтары (Е 172), метилпарагидроксибензоат (Е218), пропилпарагидроксибензоат (Е216)
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Екі беті дөңес дөңгелек пішінді, қоңыр түсті қабықпен қапталған таблеткалар.
Диспепсия ауырлық сезімімен, іштің кебуі және метеоризм сияқты ас қорытудың бұзылыстарын симптомдық емдеу үшін өсімдік дәрілік зат.
Бұл көрсетімдер тек қана препаратты ұзақ уақыт қолдану негізінде дәлелденген.
Бауыр және өт шығару жолдары ауруларын емдеуге арналған препараттар. Өт шығару жолдары ауруларын емдеуге арналған препараттар. Өт шығару жолдары ауруларын емдеуге арналған басқа препараттар.
АТХ коды A05AХ
Препараттың фармакологиялық әсері дала бөрікгүлінің құрамына кіретін биологиялық белсенді заттар кешенімен байланысты. Фармакодинамикалық зерттеулер өт айдайтын, гепатопротекторлық, антиоксиданттық, жеңіл түрде несеп айдайтын, гипохолестеринемиялық әсерлерін көрсетеді.
Дозалау режимі
Күніне 3 рет, 1-2 таблеткадан қабылдау керек.
Қолдану тәсілі
Ішке, тамақтанудың алдында немесе ауру белгілері пайда болған кезде артынан судың аз мөлшерімен ішіп.
Емдеу курсының ұзақтығы
2-3 аптаны құрайды.
Егер препаратты 2 аптадан аса қолданғаннан кейін аурудың белгілері сақталса, дәрігерге қаралу керек.
• препараттың белсенді компонентіне, күрделі гүлділер тұқымдас өсімдіктерге (Compositae), қосымша заттарға жоғары сезімталдық
• өт-тас ауыруы
• бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
• туа біткен фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахароза-изомальтаза жетіспеушілігі бар пациенттерге
• 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
• жүктілік және лактация кезеңі
Қолдану кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Диарея немесе іш ауырған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату керек. Препаратты өт жолдары бітелгенде және бауырдың ауыр жеткіліксіздігінде қолдануға болмайды. Сахарозаның болуына байланысты Хофитол препаратын фруктоза жақпаушылығында, глюкоза-галактоза мальабсорбциясында немесе сахароза-изомальтаза тапшылығы кезінде қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік препараттың құрамында метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат бар, бұл аллергиялық реакциялардың (мүмкін кешіктірілген түрінің) дамуына әкелуі мүмкін.
Белгісіз
-препарат құрамына кіретін метилпарагидроксибензоат пен пропилпарагидроксибензоатқа байланысты аллергиялық реакциялардың дамуы (мүмкін кешіктірілген түрінің).
- іш аумағының ауырсынуымен бірге жүретін жеңіл диарея, жүрек айну және қыжыл сияқты эпигастрийдің бұзылыстары.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Көрсетілмеген.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Жүктілік пен лактация кезіндегі қауіпсіздігі анықталмаған. Жеткілікті мәліметтер болмағандықтан, бұл препаратты жүкті және бала емізетін әйелдерге қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Автокөлікті басқаруға немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпалы зерттелмеген.
Зерттеулер жүргізілмеген.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.