Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Раствор спиртовой
Дозировка
10 мг/мл
Торговое наименование
Хлорофиллипт
Действующее вещество
Антисептики и дезинфицирующие препараты другие
Назначение
Антибиотикке төзімді стафилококктардан туындаған ауруларда кешенді ем құрамында: күйіктер, трофикалық ойық жаралар, жатыр мойнының эрозиясы, асқазан-ішек жолының инфекциялық…
Производитель
ПАО "Галичфарм"
Страна
Украина
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 мл құрамы, миллиграммен:
Белсенді зат: эвкалипт жапырақтары қою экстрактісі 10.0 (extractum ex folii eucalypti spissum), құрғақ заттың 100% мөлшеріне шаққанда (1: 15,3)
Қосымша зат: этанол 96 %.
Сыртқы түрінің сипаттамасы
Күңгірт-жасыл түсті сұйықтық. Сақтау үдерісінде шөгінді түзілуіне жол беріледі.
Антибиотикке төзімді стафилококктардан туындаған ауруларда кешенді ем құрамында:
- күйіктер, трофикалық ойық жаралар
- жатыр мойнының эрозиясы
- асқазан-ішек жолының инфекциялық аурулары
Препараттың құрамында эвкалипт жапырақтарында болатын хлорофилдер қоспасы бар. Бактерияға қарсы және қабынуға қарсы белсенділікке ие, иммун жүйесін көтермелейді, гипоксияға қарсы әсер етеді. Жергілікті қолданған кезде зақымданған тіндердің қайта қалпына келуіне ықпал етеді, детоксикациялық қасиетін байқатады.
Дозалау режимі
Күйіктерді және трофикалық ойық жараларды емдеу
1% спирт ерітіндісін 0,25% новокаин ерітіндісімен 1:5 пропорцияда сұйылтады және ерітіндіге малынған дәке таңғыштар түрінде пайдаланады. Емдеу курсы – 2-3 апта.
Жатыр мойнының эрозиясын емдеу
Шырышты қабықтың барлық қатпарларын және жатыр мойнының қынаптық бөлігін тампонмен алдын ала құрғатады және жатыр мойнының өзегіне және эрозияға 1% спирт ерітіндісін жағады. Немесе алдын ала қайнатылған 1 л жылы суда 15 мл 1% спирт ерітіндісін сұйылтып алынған ерітіндімен қынапты бүркіп шаяды. Емдеу курсы - 2 апта. Эпителизация толық болмаған кезде емдеу курсын қайталауға болады.
Асқазан-ішек жолының инфекциялық ауруларын емдеу
Ішектегі стафилококк тасымалдаушылығы кезінде ересектерге ішке тағайындайды: алдын ала қайнатылған 30 мл жылы суда сұйылтылған 5 мл 1% спирт ерітіндісі препаратын 25 тамшыдан күніне 3 рет тамақтанудан 40 минут бұрын күнделікті қолданады. Емдеу курсы 7-10 күн.
Ішектегі стафилококк тасымалдаушылығы кезінде ересектерге ректальді клизма түрінде қолданады: 20 мл 1 % спирт ерітіндісін алдын ала қайнатылған 1 л жылы суда сұйылтады (1 клизмаға арналған дозасы). Хлорофиллиптпен клизманы әрбір 2 күн сайын қояды. Емдеу курсы 10 емшарадан тұрады.
Енгізу әдісі мен жолы
Препараты ішке, ректальді және жергілікті тағайындайды.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
- алкоголизмнен, эпилепсиядан зардап шегетін адамдар үшін
- бауыр аурулары бар пациенттер
- жүктілік және бала емізу кезеңі
Жағымсыз реакциялар жүйелік-орган классификациясына және олардың пайда болу жиілігіне қарай жіктелді. Пайда болу жиілігі бойынша келесі санаттарға бөлінеді: өте жиі (>1/10), жиі (>1/100 және <1/10), сирек (>1/1000 және <1/100), сирек (>1/10000 және <1/1000), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар мәліметтерден бағалау мүмкін емес).
Иммундық жүйе тарапынан: белгісіз: препаратты қолданғанда шырышты қабықтардың ісінуін, гиперемияны, қышынуды, бөртпені қоса, аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.
Жүйке жүйесі тарапынан: белгісіз: бас айналуы, бас ауыруы.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Симптомдары: жағымсыз реакцияларының көріністері күшеюі мүмкін.
Емі - симптоматикалық.
Препаратты қабылдау бойынша сұрақтар туындаған жағдайда дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгінуді ұсынамыз.
Арнайы ескертулер
Емдеуді бастар алдында таңдалған қолдану тәсіліне қарамастан, хлорофиллиптке сезімталдықты анықтайды, ол үшін пациент 1 ас қасық суға сұйылтылған препараттың 25 тамшысын ішеді. 6-8 сағаттан соң аллергия белгілері (еріннің, аңқа шырышының ісінуі және т.б.) болмаса, препаратты қолдануға болады.
Препарат құрамында 96% этил спирті бар, сондықтан оны пациенттерге оларда алкоголь немесе есірткіге тәуелділік дамуына бейімділік болған кезде, сондай-ақ бауыр функциясының айқын бұзылуы, эпилепсия, қант диабеті бар пациенттерге тағайындамау керек.
Айрықша нұсқаулар
Емдеуді бастар алдында таңдалған қолдану тәсіліне қарамастан, хлорофиллиптке сезімталдықты анықтайды, ол үшін пациент 1 ас қасық суға сұйылтылған препараттың 25 тамшысын ішеді. 6-8 сағаттан соң аллергия белгілері (еріннің, аңқа шырышының ісінуі және т.б.) болмаса, препаратты қолдануға болады.
Препарат құрамында 96% этил спирті бар, сондықтан оны пациенттерге оларда алкоголь немесе есірткіге тәуелділік дамуына бейімділік болған кезде, сондай-ақ бауыр функциясының айқын бұзылуы, эпилепсия, қант диабеті бар пациенттерге тағайындамау керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат құрамында этил спирті болғандықтан, емдеу кезінде жоғары зейін қоюды қажет ететін қауіптілігі зор жұмыс түрлерінен бас тарту керек.
Жүктілік кезінде немесе емшек сүтімен емізу кезінде препаратты қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген, сондықтан препаратты пациенттердің осы санатына қолдануға болмайды.
Антисептикалық препараттар мен антибиотиктердің әсерін потенциялайды. Препарат құрамында 96% этил спирті бар, сондықтан бір мезгілде қолданған кезде психотропты, миорелаксациялаушы дәрілердің және алкогольдің әсері күшеюі мүмкін. Жарада сутегінің асқын тотығының қалдығы қалған кезде хлорофиллипт тұнбаға түседі, сондықтан жараны сутегінің асқын тотығымен жуғаннан кейін оның қалдығын натрий хлоридінің стерильді изотониялық ерітіндісімен кетіру қажет.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.