Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки
Торговое наименование
Химплазиятм
Действующее вещество
Прочие препараты для лечения доброкачественной гипертрофии простаты
Назначение
Простатаның қатерсіз гипертрофиясында
Производитель
Хималайя Велнесс Компани
Страна
Индия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:
Жатаған теміртікен жемісінің ұнтағы 140 мг
Бондукты цезальпиния тұқымының ұнтағы 120 мг
Бетелді пальма жемісінің ұнтағы 100 мг
Шоқ тәрізді қасқыржем түбірінің ұнтағы 80 мг
Айбынды кротея қабығының ұнтағы 80 мг
Атандының ұнтағы 80 мг
мынадай: ніл қарағанының, ат сиыржоңышқасы тұқымының, нағыз алоэ жапырағының буларымен өңделген
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий карбоксиметилцеллюлозасы, кросповидон, натрий кроскармеллозасы, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Теңбілдері бар, ашық-қоңыр түстен күңгірт қоңыр түске дейінгі каплет түріндегі таблеткалар.
Простатаның қатерсіз гипертрофиясында
ATХ коды G04СХ
Әсер ету механизмі
Химплазия альфа-адреноцепторлар антагонистерінің белсенділігіне және 5-альфа-редуктаза ферменті тежегішінің белсенділігіне ие. Химплазия простата салмағының азаюымен жүретін простата гиперплазиясының симптомдарын әлсіретеді. Химплазия несептің ағып шығу жылдамдығын жақсартады, босатып шығарғаннан кейінгі қалдық несептің мөлшерін азайтады. Сонымен қатар Химплазия простатаның стромалық пролиферациясын бәсеңдетеді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Жатаған теміртікен – еркектердегі жыныстық құмарлығын күшейту үшін тағайындалатын, ең кең таралған, шөптен жасалған дәрілік зат. Теміртікеннің әсері тестостерон деңгейінің жоғарылауын көтермелейтін, лютеиндейтін гормондардың өндірілуін арттыруға негізделген. Теміртікен шөптерінің құрамында стероидты гликозидтер (триллин, диосцин, грациллин, протодиосцин, кикубасапонин), флавоноидтар, алкалоидтар мен тұтқыр заттар бар. Бұл заттарды үйлестіргенде диуретикалық белсенділік танытады, бүйрек жеткіліксіздігі симптомдарын әлсіретеді, босатып шығарғаннан кейін қалдық несептің мөлшерін азайтады.
Бондукты цезальпиния құрамында бондуцин ащысы бар, ол әдетте, простатаның қатерсіз гипертрофиясы кезінде несеп іркілуінің салдарынан байқалатын несеп жолдары инфекцияларының алдын алатын микробқа қарсы әсерге ие.
Бетелді пальма антиоксиданттық белсенділікке ие және простатаның қатерсіз гипертрофиясының өсуін баяулатады.
Шоқ тәрізді қасқыржем эстрадиол деңгейін арттыратын рацемофураннан, А аспаргаминнен және рацемозолдан тұрады, ол 5-альфа-редуктаза ферменті белсенділігінің тежелуіне алып келеді. Бұл қартаюмен байланысты дегенерациялық өзгерістердің алдын алатын белгілі антиоксидант. Бірақ, қалған ағзалар мен организм жүйелерінің барлығына: қанайналымға, тыныс алу, ас қорыту, ұрпақ өрбіту жүйелеріне де тиімді әсер етеді. Әдетте, әйелдердің ағзаларының әлсіздігі кезінде, белсіздікте, бедеулікте, климактерийлік кезеңде қолданылады.
Айбынды кротея простатаның гипертрофиясы кезінде және несеп шығару жолдарының созылмалы инфекциясы кезінде тиімді.
Ніл қарағаны – өсімдік жапырағы көз аурулары, бас ауырулары, тамақтың инфекциялық аурулары, несеп жүйесі бұзылуында және соз кезінде көмектеседі.
Ат сиыржоңышқасы бүйрек конкременттерін, дизурияны емдеу кезінде емдік әсері бар.
Алоэ вераның емдік қасиеті оның жапырағында болатын аллантоинге байланысты. Аллантоиннен басқа, алоэнің құрамында В дәрумендері, С және Е дәрумендерінің кешені түріндегі табиғи антиоксиданттар, сондай-ақ организмде А дәруменіне айналатын бета-каротин бар. Атанды ұнтағы кардиопротективті әсерге ие.
Дозалау режимі
Ересектерге тәулігіне екі рет 1 таблеткадан: емдеу курсы уродинамикалық параметрлердің тұрақты мониторингілеу кезінде 3-6 айды құрайды.
Ең жоғарғы бір реттік дозасы – 2 таблетка
Ең жоғарғы бір тәуліктік дозасы – 4 таблетка.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қолдануға арналған.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Егер пациент препараттың дозасын уақтында қабылдамаса, препаратты пациент есіне түскен бойда қабылдауы керек. Екі есе дозасын қабылдамау керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Егер Сізге дәрілік препаратты қолдану тәсілі түсініксіз болса, емдеуші дәрігерге жүгіну ұсынылады.
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
Сирек
- аллергиялық реакциялар (қышыну, бөртпе) болуы мүмкін
- диспепсиялық құбылыстар (жүрек айнуы, құсу)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Химплазия препаратын артериялық гипертензиясы бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек.
Натрий
Препараттың құрамында бір реттік дозасында натрий (35 мг натрий карбоксиметилцеллюлозасы, 30.0 мг натрий кроскармеллозасы) бар, сондықтан тұзсыз диета ұстанатын адамдарға тағайындаған кезде сақтықпен қолдану қажет.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдануы
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолданылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Химплазия дәрілік препараты көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Химплазия дәрілік препараты әйелдерде қолданылмайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі және өзара әрекеттесудің басқа түрлері туралы деректер жоқ.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.