Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки для рассасывания
Торговое наименование
Граммидин® нео анестетик қосылған
Действующее вещество
Прочие препараты
Назначение
Ауыз қуысы мен тамақтың инфекциялық-қабыну ауруларында: баспа, жедел фарингит, тонзиллит, пародонтоз, гингивит, стоматит
Производитель
Валента Фарм
Страна
Россия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар – грамицидин С дигидрохлориді – 3,20 мг (грамицидин С шаққанда – 3,00 мг), цетилпиридиний хлориді моногидраты – 1,05 мг (цетилпиридиний хлоридіне шаққанда – 1,00 мг), оксибупрокаин гидрохлориді – 0,20 мг;
қосымша заттар: коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, калий ацесульфамы, жалбыз хош иістендіргіші, сорбитол, магний стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында бедерленген «GR» жазуы бар ақ түсті таблеткалар.
Препарат 6 жастан асқан балалар мен ересектерге қолдануға арналған.
Ауыз қуысы мен тамақтың инфекциялық-қабыну ауруларында:
• баспа, жедел фарингит, тонзиллит
• пародонтоз
• гингивит
• стоматит
ATX коды R02AА20
Әсер ету механизмі
Тамақ және ауыз қуысының инфекциялық-қабыну ауруларын емдеуге арналған біріктірілген препарат. Препараттың құрамына микробқа қарсы грамицидин С және жергілікті жансыздандыратын (ауыруды басатын) дәрі – оксибупрокаин және антисептикалық дәрі – цетилпиридиний хлориді кіреді.
Грамицидин С әсер ету механизмі микробтар жасушасының цитоплазмалық жарғақшасы өткізгіштігін жоғарылатуымен байланысты, бұл оның тұрақтылығын бұзып, жасушаның қырылуына әкеледі.
Грамицидин С ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекциялық ауруларының қоздырғыштарына қатысты микробтарға қарсы айқын әсер етеді. Оксибупрокаин анестетигі ауыз қуысы мен тамақтың шырышты қабығына жергілікті ауыруды басатын әсер көрсетеді. Жүйке жасушаларының аксондары арқылы жүйке импульстарының таралуы мен өткізгіштігінің қайтымды блокадасын тудырады.
Цетилпиридиний хлориді антисептикалық дәрілерге жатады. Ауыз қуысы инфекциялық аурулары қоздырғыштарының көбеюі мен өсуін басады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Препарат ауыруды басатын әсер береді, қабынуды азайтады, микробтарға қарсы әсер етеді, тамақтағы жағымсыз сезінуді басады, жұтынуды жеңілдетеді, сорғанда ауыз қуысы мен жұтқыншақты микроорганизмдерден механикалық тазалауға ықпал ететін гиперсаливацияны туындатады.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Клиникалық зерттеулерде алынған маңызды деректер жоқ.
Балалар
Балалар популяциясы үшін маңызды деректер жоқ (4.3 бөлімін қараңыз).
Дозалау режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға 1 таблеткадан.
6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға: 1 таблеткадан.
Енгізу әдісі мен жолы
Шайнамай, ауызда сору арқылы, тамақтан кейін қабылданады.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға: күніне 3-4 рет.
6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға: күніне 1-2 рет.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 5-6 күн.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Жекелеген дозаларды өткізіп алған жағдайда препараттың қосарлы дозасын қабылдау қажет емес.
Тоқтату симптомдарының жағдайлары туралы осы уақытқа дейін хабарланған жоқ
Дәрілік препратты қабылдамас бұрын дәрігерге кеңес алу үшін жүгініңіз.
• препарат құрамына кіретін компоненттерге аса жоғары сезімталдық
• тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы
• 6 жасқа дейінгі балалар
• жүктілік (І триместр) және лактация кезеңі
Белгісіз
• препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар
• тілдің сезімталдығының уақытша жоғалуы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: препаратты ұсынылғаннан жоғары дозаларда қолдану жүрек айнуына, құсуға, диареяға, тілдің сезімталдығын жоғалтуына әкелуі мүмкін.
Емі: препаратты қолдануды тоқтату керек.
Препаратты қолданғаннан кейінгі 1-2 сағат ішінде тамақ пен сусын ішуден бас тарту керек.
Препаратты қабылдаған 7 күн ішінде емдік әсері болмаған жағдайда дәрігерге жүгіну ұсынылады.
Препаратты ауыз қуысында ашық жаралар болған кезде қолдануға болмайды, өйткені цетилпиридиний хлориді жараның жазылуын баяулатады.
Арнайы ескертулер
Қосымша заттар
Препарат құрамында сорбитол бар және тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы бар пациенттерге қолдануға болмайды.
Препаратты жүктілік кезінде қолдануға талапқа сай бақыланатын зерттеу жүргізілмеген. Препаратты жүктіліктің I триместрінде қолдануға болмайды. Препаратты жүктіліктің II-III триместрінде қолдану, егер анасы үшін ықтимал пайдасы шаранаға төнетін ықтимал қауіптен асып түскенде, мүмкін болады.
Препарат компоненттерінің емшек сүтіне енуі туралы деректер жоқ. Препаратты лактация кезеңінде қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер көрсетпейді.
Граммидин® нео анестетик қосылған препараты жергілікті және жүйелік әсер ететін микробқа қарсы басқа дәрілердің әсерін күшейтеді.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.