Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Капсулы вагинальные
Дозировка
100 мг/100 мг
Торговое наименование
Гинокапс
Действующее вещество
Имидазола производных комбинации
Назначение
Гинокапс трихомонадтардан және/немесе кандидалардан туындаған әйелдерде несеп-жыныс жолдарының инфекциялық ауруларын жергілікті емдеу үшін қолданылады
Производитель
УП "Минскинтеркапс"
Страна
Беларусь
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар – метронидазол – 100.0 мг, миконазол нитраты – 100.0 мг;
қосымша заттар: лецитин (Солек В-10, соя сұйықтығы), тазартылған су, ара балауызы сары, күнбағыс майы.
Капсула қабығының құрамы: желатин, глицерин, метилпарагидроксибензоат Е-218, пропилпарагидроксибензоат Е-216, тазартылған су, титанның қостотығы Е-171, «күн батар түстес» сары Е-110.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жұмыртқа тәрізді пішінді, ұшы үшкірлеу, тігісі бар, серпімді, мөлдір емес, ашық-қоңыр түсті жұмсақ желатинді капсулалар.
Капсуланың ішіндегісі - ақ түсті қосындылары және қышқылданған иісі жоқ, ашық сарыдан қою сары түске дейінгі майлы суспензия. Сақтау кезінде қоспалар қатпарлануы мүмкін.
Гинокапс трихомонадтардан және/немесе кандидалардан туындаған әйелдерде несеп-жыныс жолдарының инфекциялық ауруларын жергілікті емдеу үшін қолданылады
- бактериялық вагиноз
- трихомониаз
- кандидоздық вагинит
Гинекологиялық инфекцияға қарсы және антисептикалық препараттар. Инфекцияға қарсы және антисептикалық заттар, кортикостероидтармен біріктірілімдерін қоспағанда. Имидазол туындылары. Имидазол туындыларының біріктірілімдері.
АТХ коды G 01AF20
Әсер ету механизмі
Гинокапс дәрілік препаратының фармакологиялық белсенділігі оның компоненттерінің – метронидазол мен миконазол нитратының кешенді әсеріне байланысты. Дәрілік заттар зеңге қарсы, протозойға қарсы және бактерияға қарсы әсерге ие.
Метронидазол - микробқа қарсы және протозойға қарсы заттар, 5-нитроимидазол туындысы. Әсер ету механизмі метронидазолдың 5-нитротобын анаэробты микроорганизмдер мен қарапайымдардың жасушаішілік тасымалдау протеиндерімен биохимиялық қалпына келтіруден тұрады. Метронидазолдың қалпына келтірілген 5- нитротобы микроорганизмдер жасушасының ДНҚ-мен әрекеттесіп, олардың нуклеин қышқылдарының синтезін тежей отырып, бактериялардың өліміне әкеледі. Мыналарға қатысты белсенді Trichomonas vaginalis, Gagdnerella vaginalis, Giardia intestinalis, Entamoeba histolyca, Lamblia spp., сондай-ақ облигатты анаэробтар Bacteroides spp. (сонымен қатар Bacteroides fragilis, Bacteroides distasonis, Bacteroides ovatus, Bacteroides thetaiotaomicron, Bacteroides vulgatus), Fusobacterium spp., Veillonella spp., Prevotella (Prevotella bivia, Prevotella buccae, Prevotella disiens) және кейбір грамоң микроорганизмдер (Eubacter spp. Clostridium spp., Peptococcus spp., Peptostreptococcus spp., Mobiluncus spp.). Аэробты микроорганизмдер метронидазолға сезімтал емес.
Миконазол – жасушалық жарғақшалардың эргостерол синтезін тежейтін зеңге қарсы дәрілері. Дерматофиттерге, ашытқыларға және кейбір басқа зеңдерге қатысты белсенді. Грамоң микроорганизмдерге қатысты микробқа қарсы белсенділік танытады. Әдетте зеңдік инфекциялармен бірге жүретін қышуды жояды. Қынап ішілік қолданғанда негізінен Candida albicans-қа қатысты белсенді болады.
Клиникалық тиімділік және қауіпсіздік
Жеке зерттеулер жүргізілген жоқ, деректер жоқ.
Балалар
Препарат педиатриялық тәжірибеде қолданылмайды.
Дозалау режимі
Трихомониаз кезінде 1 қынаптық капсуладан тәулігіне 1 рет кешке ұйықтар алдында 10 күн бойы метронидазолды ішке қабылдаумен бірге тағайындайды.
Бактериялық вагиноз кезінде 10 күн ішінде тәулігіне 1-2 рет 1 қынаптық капсуладан, қажет болған жағдайда метронидазолды ішке қабылдаумен үйлестіріп тағайындайды.
Кандидозды вульвовагинитте 10 күн ішінде күніне 1 рет 1 қынаптық капсуладан қынапқа терең енгізіледі.
Енгізу әдісі мен жолы
Гинокапс қынап ішіне қолданылады және қынапқа терең енгізіледі.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Тәулігіне 1 немесе 2 қынаптық капсуладан.
Емдеу ұзақтығы
Препарат 10 күн бойы қолданылады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Препаратты қолдану жөнінде сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге немесе дәріхана қызметкеріне хабарласыңыз.
- бауыр функциясының ауыр бұзылулары
- эпилепсия
- жүктіліктің I триместрі, лактация кезеңі
- дәрілік заттың компоненттеріне жоғары сезімталдық
-18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге препарат құрамындағы қосымша затта «күн батар түстес» сары (Е-110) бояғышының болуына байланысты
- порфирия
-емдеу кезінде немесе емдеу аяқталғаннан кейін 3 күн ішінде алкоголь қабылдайтын әйел пациенттерде
- емдеу кезінде дисульфирам қабылдайтын немесе емдеу курсы аяқталғаннан кейін 2 апта бойы оны қолдануды жоспарлаған пациенттерде
Ішке қабылдау үшін метронидазол таблеткаларымен біріктіріп қолданған кезде мынадай жағымсыз реакциялар туындауы мүмкін:
Өте жиі
- бас ауыруы
- жүрек айнуы
Жиі
- іштің төменгі жағында ауырсыну, іштің төменгі жағында шаншу, диарея
Жиі емес
- шеткері нейропатия (гипестезия), бас айналуы, құрысулар, қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, ұйқышылдық
- тәбеттің төмендеуі, дисгевзия (ауыздағы металл дәмі), құсу, тілдің өңезденуі
- ангионевроздық ісіну, тері қышуы, бөртпе, есекжем
Сирек
- қынаптың шырышты қабығының тітіркенуі
- зеңдік суперинфекция (мысалы, кандидоз)
- сананың шатасуы
- несеп түсінің өзгеруі (несептің күңгірттенуі метронидазолдың метаболизміне байланысты және клиникалық маңызы жоқ)
Өте сирек
- нейтропения (лейкопения), тромбоцитопения
- анафилаксиялық реакциялар
- холестаз, сарғаю
- мультиформалы эритема
- «бауыр» ферменттерінің белсенділігін арттыру
Шеткері нейропатия (аяқ-қолдардың ұюы), бас ауыруы, құрысулар, ұйқышылдық, бас айналу, қозғалыс үйлесімінің бұзылуы және сананың шатасу жағдайы препаратты жоғары дозаларда ұзақ қолданғанда сирек байқалды. Дозаны азайтқаннан немесе емді тоқтатқаннан кейін жоғарыда аталған барлық симптомдар жойылды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Метронидазолды қынап ішілік қолдану кезінде артық дозалануға қатысты деректер жоқ. Қынапқа енгізгеннен кейін метронидазол жүйелік әсерлерді туындату үшін жеткілікті мөлшерде сіңірілуі мүмкін.
Симптомдары: жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, диарея, жайылған қышыну, ауыздағы металл дәмі, қозғалыс бұзылыстары (атаксия), бас айналу, парестенциялар, құрысулар, шеткері нейропатия (оның ішінде жоғары дозаларда ұзақ қолданғаннан кейін), лейкопения, несептің күңгірттенуі.
Емі: кездейсоқ ішке қабылдаған кезде, қажет болған жағдайда асқазанды шаю жүргізілуі мүмкін. Арнайы антидот жоқ. Симптоматикалық және демеуші ем ұсынылады.
Дәрілік препаратпен емдеу кезінде және емдеуден кейін кемінде бір күн ішінде алкогольді пайдалануға тыйым салынады (дисульфирам тәрізді реакциялардың дамуы мүмкін: спастикалық сипаттағы абдоминальді ауырсыну, жүрек айну, құсу, бас ауыруы, кенеттен бетті қан кернеуі).
Гинокапс препаратымен емдеу кезінде жыныстық қатынастан аулақ болу керек.
Трихомонадты вагинитті емдеу үшін Гинокапс қынаптық капсулаларын метронидазолдың пероральді формаларымен немесе жүйелі әсер ететін басқа трихомонацидті препараттармен біріктірген жөн.
Бір уақытта жыныстық серіктесті метронидазол таблеткаларымен немесе жүйелі әсер ететін басқа трихомонацидтік препараттармен емдеу қажет. Дәрілік затты метронидазолмен бірге ішке қабылдау үшін қолданған жағдайда, әсіресе қайталама курста, шеткері қанның көрінісін бақылау қажет (лейкопения қаупі).
Препарат жүктілік кезінде (II-III триместр) және анамнезінде лейкопенияда сақтықпен қабылданады.
Емдеу барысында басқа қынаптық заттарды (тампондар, бүріккіштер, спермицидті заттарды) қолдануға болмайды.
Қандағы бауыр ферменттерінің, глюкозаның (гексокиназа әдісі), теофиллиннің және прокаинамидтің деңгейін анықтау кезінде нәтижелердің өзгеруі мүмкін.
Жоғары дозалар және метронидазолды ұзақ уақыт жүйелі қолдану шеткері нейропатия мен эпилепсияны туындатуы мүмкін.
Сақтықпен қолдану керек, өйткені препараттың құрамына баяу типті аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін метилпарагидроксибензоат Е-218, пропилпарагидроксибензоат Е-216 бар.
Жұтуға болмайды және басқа тәсілмен қолдануға болмайды!
Арнайы ескертулер
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде қолдану метронидазол фармакокинетикасының жасына қарай өзгерістеріне байланысты сақтықты талап етеді.
Педиатрияда қолдану
Бұл дәрілік түрі балаларға тағайындалмайды.
Препаратты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге препарат құрамындағы қосымша затта «күн батар түстес» сары (Е-110) бояғышының болуына байланысты қолдануға болмайды.
Бүйрек және бауыр функциялары бұзылған әйел пациенттер
Бүйрек жеткіліксіздігі: метронидазолдың жартылай шығарылу кезеңі өзгермейді. Дозаны төмендету талап етілмейді. Сонымен қатар, гемодиализ процедурасын жүргізуді талап ететін ауыр жағдайларда дозаны түзету қажет.
Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі жағдайында метронидазол клиренсі бұзылуы мүмкін. Қан плазмасындағы метронидазолдың жоғары деңгейінде энцефалопатия симптомдарының күшеюі байқалуы мүмкін, сондықтан метронидазолды бауыр энцефалопатиясы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Бауыр энцефалопатиясы бар пациенттердегі тәуліктік дозаны 1/3-ке дейін төмендету керек.
Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Жүктіліктің бірінші триместрінде дәрілік затты қолдануға болмайды.
Метронидазол гематоплацентарлық бөгет арқылы өтеді.
Егеуқұйрықтарға сынақтар жүргізілді, онда егеуқұйрықтарға бес есе дозаны енгізу кезінде препараттың ересек егеуқұйрықтардың фертильділігіне де, ұрыққа да теріс әсері байқалмағаны анықталды. Адамдарды емдеу үшін ұсынылатын әдеттегі дозаны енгізген кезде буаз тышқандарға интраперитонеальді түрде фетоуыттылықтың жоғарылауы байқалды, бірақ дәл осындай дозаны пероральді енгізген кезде ауытқулар табылған жоқ.
Осыған қарамастан, жүкті әйелдерге зерттеулер жүргізілген жоқ. Жүктіліктің алғашқы үш айында метронидазолды енгізу кезінде зерттеулерге мета-талдау жүргізілді және ұрыққа теріс әсердің жоғарылауы туралы қорытынды жасалды.
Осыған қарамастан, жүктілік кезіндегі метронидазолды препаратты қолданудың күтілетін артықшылықтары мен жағымсыз жақтарын мұқият бағалағаннан кейін ғана тағайындауға болады.
Пероральді метронидазол ана сүтінде оның плазмадағы концентрациясына тең концентрацияда кездеседі. Ол сүтке ащы дәм беруі мүмкін. Препараттың балаға теріс әсерін болдырмас үшін емдеу кезінде және курсты аяқтағаннан кейін тағы 1-2 күн емізуді тоқтату керек немесе ана үшін емдеу курсын жүргізу қаншалықты маңызды екеніне байланысты препаратты қолдануды тоқтату керек.
Дәрілік препарат пероральді антикоагулянтты препараттардың әсерін күшейтуі мүмкін. Протромбин уақыты артуы мүмкін, сондықтан пероральді антикоагулянттардың дозасын түзету қажет.
Ферменттер индукторлары (мысалы: фенитоин, фенобарбитал) метронидазолдың шығарылуын жеделдетуі мүмкін, бұл фенитоин клиренсін бір мезгілде арттыра отырып, оның плазмадағы деңгейінің төмендеуіне әкеледі.
Фермент тежегіштері (мысалы: циметидин) жартылай шығарылу уақытын арттыруы, метронидазол клиренсін төмендетуі мүмкін.
Алкогольді бір мезгілде қолдану дисульфирамға ұқсас реакцияларды тудырады (іштің толғақ сияқты ауырсынуы, жүрек айну, құсу, бас ауыруы, терінің қызаруы).
Дисульфираммен бірге қолдануға болмайды (аддитивті әсері психоздық жағдайды, сананың шатасуын тудыруы мүмкін). Қандағы литий деңгейі метронидазолмен емдеу курсы кезінде жоғарылауы мүмкін, сондықтан Гинокапсты қолдануды бастар алдында литий дозасын төмендету немесе оны емдеу уақытында қабылдауды тоқтату қажет. Циклоспоринді метронидазолмен бір мезгілде енгізу плазмадағы циклоспорин деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін, бұл зертханалық бақылауды қажет етеді (қан плазмасындағы циклоспорин деңгейін анықтау).
Метронидазол 5-фторурацил клиренсін төмендетеді, осыған байланысты оның уыттылығы артады.
Дәрілік заттар зертханалық зерттеулерде АЛТ, ACT, лактатдегидрогеназа, глюкозогексокиназа белсенділігін және триглицеридтер деңгейін анықтауға кедергі келтіруі мүмкін.
Сақтау мерзімі
18 ай
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарық пен ылғалдан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.