Гидроксикарбамид лейкопениямен сүйек кемігінің депрессиясын тудыруы мүмкін, себебі бұның бірінші және едәуір жиі белгісі сүйек кемігінің бәсеңдеуі болып табылады. Тромбоцитопения мен анемия алдыңғы лейкопениясыз сирегірек пайда болады. Гемоглобиннің құрамын, лейкоциттердің дифференциациясын және тромбоциттер санын анықтайтын дифференциалды қан талдауы жеке оңтайлы дозаны таңдағаннан кейін де жүйелі түрде жүргізілуі керек. Тексеру аралығын жеке реттеу керек, бірақ әдетте тексеруді аптасына бір рет жүргізу керек. Емдеуді егер лейкоциттердің мөлшері 2,5×109/л – ден, ал тромбоциттер 100×109/л-ден асқан жағдайда ғана тағайындайды. Егер емдеу барысында лейкоциттердің мөлшері 2,5×109/л-ден кем немесе тромбоциттер саны 100×109/л-ден кем екендігі анықталса, емдеу олардың мөлшері қалпына келгенше тоқтатылуы керек ("Дозалау режимі" бөлімін қараңыз). Сүйек кемігінің депрессиясы емді тоқтатқаннан кейін өтеді.
Миелопролиферативті ауруларды емдеу үшін Гидроксикарбамид қабылдайтын пациенттерде гемолиздік анемия жағдайлары туралы хабарланды («Жағымсыз реакциялар» бөлімін қараңыз). Ауыр анемия дамитын пациенттер гемолизді анықтау үшін зертханалық зерттеулерден өтуі тиіс. Гемолиздік анемия диагнозы қойылған жағдайда Гидроксикарбамид препаратын қолдануды тоқтату керек.
Гидроксикарбамид препаратымен емді бастар алдында ауыр анемияны түзетуді жүргізу қажет. Егер емдеу кезінде ауыр анемия пайда болса, қажет болған жағдайда эритроциттерді ауыстыруға болады. Тіпті ауыр анемияны әдетте Гидроксикарбамидпен емдеуді тоқтатпай бақылауға болады.
Фолий қышқылымен немесе В12 дәруменімен емдеу реакция бермейтін мегалобластоз Гидроксикарбамид препаратымен емдеу кезінде пайда болуы мүмкін. Өздігінен өтетін мегалобластты эритропоэз емдеудің алғашқы кезеңдерінде жиі байқалады. Морфологиялық өзгеріс пернициозды анемияға ұқсас, бірақ В12 дәруменінің немесе фолий қышқылының тапшылығымен байланысты емес. Макроцитоз фолий тапшылығының пайда болуын бүркемелеуі мүмкін, сондықтан фолий қышқылының деңгейін үнемі өлшеу ұсынылады.
Гидроксикарбамид препараты плазмадан темір клиренсін және эритроциттердің темірді утилизациялауын төмендетуі мүмкін. Алайда, бұл эритроциттердің өміршеңдік уақытын өзгертпеуі мүмкін.
Гидроксикарбамид препаратымен емдеу кезінде қан көрсеткіштерін, бауыр мен бүйрек функциясын үнемі бақылап отыру керек. Бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану тәжірибесі шектеулі. Сондықтан мұндай пациенттерді емдеу кезінде, әсіресе емдеудің басында ерекше сақ болу керек.
Егде жастағы пациенттерде Гидроксикарбамид препаратына жоғары сезімталдыққа байланысты дозаны түзету қажет болуы мүмкін ("Дозалау режимі" бөлімін қараңыз).
Пациенттерге сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін ішуді ұсыну керек. Гидроксикарбамид препараты радиациядан туындаған шырышты қабықтың қабынуын күшейтуі мүмкін. Бұрын өңделген тіндерде эритема мен гиперпигментацияның (есте сақтау феномені) күшеюі байқалуы мүмкін. Салдарлы лейкоз шынайы полицитемия және тромбоцитемия сияқты миелопролиферативті аурулары бар Гидроксикарбамид препаратын ұзақ уақыт қабылдаған пациенттерде дамуы мүмкін. Қазіргі уақытта оның негізгі ауруға немесе Гидроксикарбамид препаратымен емдеуге қандай деңгейде қатысы бар екені белгісіз.
Гидроксикарбамид препаратын ұзақ уақыт қолданғанда сондай-ақ тері обырының жағдайлары байқалды. Пациенттерге теріні күн сәулесінің әсерінен қорғауға кеңес беру керек. Сонымен қатар, пациенттер Гидроксикарбамид препаратымен емдеу кезінде және емдеуді тоқтатқаннан кейін өз терісін өздігінен үнемі тексеріп отыруы тиіс. Кейінгі қабылдауда салдарлы қатерлі жаңа түзілімдердің болуын тексеріңіз.
Гидроксикарбамид препараты аяқта ауыратын ойық жараларды тудыруы мүмкін, оларды емдеу әдетте қиынға соғады және емдеуді тоқтатуды қажет етуі мүмкін. Гидроксикарбамид препаратымен емдеуді тоқтату әдетте бірнеше аптадан кейін ойық жаралардың баяу жазылуын туындатады.
Миелопролиферативті аурулар
Миелопролиферативті аурулары бар пациенттерде Гидроксикарбамид препаратын қолдану кезінде васкулитпен байланысты ойық жаралар мен гангрена пайда болды. Бұл васкулиттер бұрын немесе бір мезгілде интерферон қабылдаған пациенттерде жиірек байқалды. Миелопролиферативті аурулары бар пациенттерде васкулиттен туындаған осы ойық жаралардың потенциалды ауыр ағымына байланысты Гидроксикарбамид препаратымен емді тоқтатып, осындай ойық жаралар пайда болған кезде басқа препаратты қабылдауды жалғастыру керек.
Гидроксикарбамид препаратын ісікке қарсы препараттармен немесе сәулелік еммен қатарлас ем қабылдап жүрген немесе қабылдаған пациенттерде сақтықпен қолдану керек, өйткені жағымсыз реакциялар тек Гидроксикарбамид препаратын, басқа ісікке қарсы препараттарды немесе сәулелік емді қолданғаннан гөрі жиірек және ауыр болуы мүмкін. Бұл жағымсыз реакцияларға сүйек кемігінің депрессиясы, асқазан-ішек жолдарының тітіркенуі және мукозит кіреді. Алдыңғы немесе бір мезгілде сәулелік емнен туындаған эритеманың күшеюі мүмкін.
Ставудин препаратымен бірге немесе онсыз Гидроксикарбамид және Диданозин препараттарымен қатарлас ем қабылдаған АИТВ жұқтырған пациенттерде панкреатит, оның ішінде өліммен аяқталатын жағдайлар туралы хабарланды. Сонымен қатар, Гидроксикарбамид препаратын және антиретровирустық емді бір мезгілде қабылдаған АИТВ жұқтырған пациенттерде бауыр уыттылығы мен бауыр жеткіліксіздігі, соның ішінде өліммен аяқталатын жағдайлар тіркелген. Фатальді бауыр жеткіліксіздігі көбінесе Ставудин препаратымен біріктірілімде Диданозин препаратымен Гидроксикарбамид препаратын қабылдаған пациенттерде байқалды. Бұл үйлесімнен аулақ болу керек.
Бүйрек және бауыр функциясының бұзылуы
Ставудинмен бірге немесе онсыз Гидроксикарбамид препаратын және диданозин сияқты антиретровирустық препараттарды бір мезгілде қабылдаған АИТВ жұқтырған пациенттерде нейропатия жағдайлары туралы хабарланды, олардың кейбіреулері ауыр болды (сонымен қатар "Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі" бөлімін қараңыз).
Вакциналар
Гидроксикарбамид препаратын қабылдайтын иммунитеті әлсіреген пациенттерге тірі вакциналармен вакцинацияламаған жөн, себебі бұл күрделі инфекцияларға әкелуі мүмкін ("Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі" бөлімін қараңыз).
Респираторлық аурулар
Миелопролиферативті жаңа түзілімдері бар ем қабылдаған пациенттерде өлімге әкелуі мүмкін өкпе фиброзы, өкпе инфильтрациясы, пневмонит және альвеолит/аллергиялық альвеолитті қоса, өкпенің интерстициальды аурулары тіркелді. Қызба, жөтел, ентігу немесе басқа респираторлық симптомдары бар пациенттерді мұқият бақылауда, тексеруде және емдеуде болуы тиіс. Гидроксикарбамид препаратын қабылдауды күрт тоқтату, сондай-ақ кортикостероидтармен емдеу өкпе асқынуларының басылуына байланысты сияқты («Жағымсыз реакциялар» бөлімін қараңыз).
Контрацептивтік шаралар
Егер жұптас Гидроксикарбамид препаратын қабылдаса, контрацепцияның тиісті шараларын қабылдау керек (сонымен қатар "Жүктілік немесе лактация" бөлімін қараңыз). Гидроксикарбамид препараты генетикалық зақымдайтын әсер етуі мүмкін. Емдеу кезінде әйелдер жүкті болмауы керек. Гидроксикарбамид препаратын қабылдайтын ер адамдарға емдеу кезінде және одан кейін кемінде 3 ай бойы балалы болмауға, сондай-ақ Гидроксикарбамид препаратымен емдеуден туындаған қайтымсыз бедеулік мүмкіндігіне байланысты емді бастамас бұрын шәуетті сақтау туралы кеңес алу ұсынылады.
Гидроксикарбамид препаратын оны қолданудың пайдасы потенциалды қауіптен жоғары жағдайларды қоспағанда жүкті пациенттерге тағайындамаған жөн («Жүктілік немесе лактация» бөлімін қараңыз). Гидроксикарбамид препаратын қолдану бала емізу кезінде қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Зерттеулер көрсеткендей, Гидроксикарбамид препараты мочевина метаболизмінің кейбір ферменттерін (уреазалар, уриказалар, лактатдегидрогеназалар) талдауға кедергі келтіреді, осылайша Гидроксикарбамид препаратын қабылдайтын пациенттерде осы ферменттердің зертханалық мәндерінің жоғарылауын туындатады.
Сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы проблемалары, жалпы лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге Гидроксикарбамид препаратын қабылдамаған жөн.
Арнайы сақтандырулар
Гидроксикарбамид цитоуытты әсерге иеленген, сондықтан капсулаларды ашқанда сақ болу керек және капсула ұнтағын теріге, шырышты қабықтарға тигізбеу немесе препаратпен дем алудан аулақ болу керек.
Гидроксикарбамид құрамында күн батар түстес сары (Е 110) бояғыш бар, бұл аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Балаларда бұл жағдайлар сирек кездесетіндіктен, балаларда Гидроксикарбамид препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жоқ.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттер Гидроксикарбамид препаратының әсеріне едәуір сезімтал болуы мүмкін және оларға едәуір төмен доза қажет болуы мүмкін.
Бауыр мен бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер
Гидроксикарбамид препараты елеулі дәрежеде бүйрек арқылы шығарылады. Мұны бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге Гидроксикарбамид препаратын тағайындау кезінде және қажет болған жағдайда дозаны азайту кезінде ескеру қажет. Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттердің қолдану тәжірибесі аз. Осылайша, дозалау бойынша нақты ұсыныстар беру мүмкін емес («Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары» бөлімін қараңыз). Гематологиялық көрсеткіштерді мұқият мониторингілеу ұсынылады.
Жүктілік
Егер сіз жүкті болсаңыз немесе бала емізетін болсаңыз, жүкті болуыңыз мүмкін деп күдіктенсеңіз немесе балалы болуды жоспарласаңыз, бұл дәріні қабылдамас бұрын дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
Гидроксикарбамид препараты генетикалық уытты. Гидроксикарбамид препаратын жануарлардың әртүрлі модельдерінде зерттеу бұл препараттың тератогенділігі жоғары екенін көрсетті. Эмбриональды-фетальді өлімі, ұрықтың ішкі мүшелері мен қаңқасының даму ақаулары, өсудің бұзылуы және функционалдық ақаулар байқалды.
Гидроксикарбамид препараты генетикалық зақымдайтын әсер етуі мүмкін, сондықтан Гидроксикарбамид препаратымен емдеуден кейін балалы болғыңыз келсе, генетикпен алдын ала кеңескен жөн.
Сондықтан Гидроксикарбамид препаратын жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Жүкті пациентті емдеуге өмірлік маңызды көрсетілімдер болған кезде емдеуге байланысты балаға зиянды әсер ету қаупі туралы медициналық кеңес беру қажет. Гидроксикарбамид препаратын қабылдау кезінде әйелдер жүкті болмауы керек. Егер жұптас Гидроксикарбамид препаратын қабылдаса, тиісті контрацепция шараларын қабылдау керек («Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары» бөлімін қараңыз). Егер Гидроксикарбамид препаратымен емдеу кезінде жүктілік орын алса, шарана үшін ықтимал зиянға байланысты генетикалық кеңес алу керек.
Бала емізу
Гидроксикарбамид препараты емшек сүтіне енетіндіктен, бала емізу кезеңінде Гидроксикарбамид препаратын бала үшін потенциалды зиянға байланысты қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Егер бала емізу кезеңінде Гидроксикарбамид препаратын қолдану емдік көрсетілімдер бойынша қажет болса, бала емізуді тоқтату керек.
Фертильділік
Еркектерде азооспермия мен олигоспермияның пайда болуы байқалады, олар кейде қайтымды болуы мүмкін. Сондықтан, қайтымсыз бедеулік қаупіне байланысты ер пациенттер емдеуді бастамас бұрын шәуетті сақтау мүмкіндігі туралы хабардар болуы тиіс. Емнен өтіп жатқан ер адамдарға емдеу кезінде және одан кейін кемінде 3 ай бойы қауіпсіз контрацепция шараларын пайдалану ұсынылады ("Қолдануға болмайтын жағдайлар" бөлімін қараңыз). Бала тууға қабілетті жастағы пациенттерге емдеу кезінде және емдеуден кейін кем дегенде 6 ай ішінде контрацепцияның тиімді әдістерін пайдалану ұсынылады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ұйқышылдық сияқты препараттың кейбір жағымсыз реакциялары көлік құралдарын басқару қабілетіне теріс әсер етуі немесе жоғары зейін шоғырландыруды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін ықтимал қауіпті әрекеттерді орындауы мүмкін.
Гидроксикарбамид құрамында лактоза бар
Бұл дәрілік заттың құрамында лактоза бар. Егер сіздің дәрігеріңіз сізде белгілі бір қанттың жақпаушылығы бар екенін айтса, бұл дәріні қабылдамас бұрын дәрігермен кеңесіңіз.